Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге).

0
5962
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Ақыртөбе орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кузембекова А.
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.1.2.25. бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;
Сабақ мақсаттары
Оқушы

  • Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады;
  • Бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштері болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазады.
Бағалау критерийлері

Білу және түсіну. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаза біледі;

Анализ.

  • Бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштері болмайтын жай бөлшектерді ғана ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын анықтайды;
  • Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіреді;

Қолдану. Есептер шығарып, жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазады.

Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгеру
Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

— жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология: ондық бөлшек, алымы, бөлімі, қысқартылмайтын бөлшек, үтір, үтірден кейінгі таңбалар саны, …

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін … керек; ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін … керек;

Құндылықтарды дарыту Жұптық жұмыс кезінде құрбысының пікірін тыңдай білу, ашықтық, ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Топтық жұмыс барысында оқушыларың бойына бір біріне деген сыйластыққа, жауапкершілікке үйрету. Бағалау кезеңінде адалдыққа, жеке жұмыста мақсаттылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
http://bilimland.kz/ сайтымен жұмыс жасау барысында информатика пәнімен, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін құрастыру кезінде қазақ тілі пәнімен,бағалау бөлімінде өнер пәнімен кіріктірілу жүзеге асады..
АКТ қолдану дағдылары Оқушылар презентация арқылы сабақ бөлімдеріндегі негізгі ұғымдармен танысады, http://bilimland.kz/ сайтынан бейнематериалмен танысады және тапсырма орындайды.
Бастапқы білім Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы, жазылуы.
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

5 минут

8 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

1.1.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, сабаққа дайындығын байқау

1.Үй тапсырмасын тексеру. Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау. Смайликтер арқылы.

«Сұрақты тосып ал» әдісі бойынша, өткен сабақты қайталау. Қарды лақтыра отырып сұрақтар қойылады Тосып алған оқушы мұғалім сұрақтарына жауап береді.

«Ондық бөлшек» дегеніміз не?

— Ондық бөлшек қайда қолданылады?
— Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?
— Үтірден кейін азлған санды қалай атайды?
— Үтірден кейін қанша таңба болатынын қалай анықтауға болады?
— Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?

Бағалау: Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап берсе, оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалаймын.

2. Топқа бөлу. Оқушылар түрлі түсті қағаздардағы жазылған сандар бойынша топқа бөліну. 1-топ: «Натурал сандар».2-топ: «Жай бөлшектер», 3-топ: «Аралас сандар», 4-топ:«Ондық бөлшектер»

Топтық жұмыс.№1

Әр топ қағаздарындағы сандарды өсу ретімен «Кір жайғышқа» іледі. Сандарды салыстыра отырып, координаталық сәулеге ұқсас екенін байқайды. Кір жайғыштағы сандардың келесі бетінен «2019-Жастар жылы» сөйлемін шығады.

Сергіту сәті. «Бір үйдің баласындай»

Топтық жұмыс.№2

«Хоккей» ойыны. Кітаппен жұмыс №612

Шайбы суретінің артқы жағындағы тапсырманы орындайды.Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып орындайды. «Басбармақ» әдісімен топты бағалайды.

Жұптық жұмыс. «Көршіңді сына»

Мақсаты: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дағдысын қалыптастыру.

http://bilimland.kz/ сайтынан бейнежазба көрсетеді, оқушылар 1-жаттығуды орындайды.

Дағды: Қолдану.

Бағалау: Оқушылар тақтада көрсетілген дайын жауаппен салыстырып, көршісін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды

Презентация, 1-5 слайд

Презентация, 6-11 слайд

http://bilimland.kz/

5 минут

 

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.

Мақсаты: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дағдысын қалыптастыру.

Жай бөлшек Ондық бөлшек

2

5

0,5
0,3

1

20

10,15
1,021

48

1000

3,009

7

7

Дескриптор: Білім алушы

— жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады;

— ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады.

Презентация,12-13 слайд

Таратпа қағаз

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Вырезка экрана

Үйге тапсырма: №613

Таратпа қағаз

А.Е.Әбілқасымова Математика5. 2-бөлім, Алматы:Мектеп, 2017.-18 бет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:Топтық және жұптық жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын.

Қабілеті орта оқушылар: сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі

Қабілетi төмен оқушылар:

Деңгейлік сұрақтар

Мұғалімнің қолдауы

-Ынталандыру,қолдау көрсету, бағалау түрлері;

Бөлме температурасының қалыпты болуы қадағалып отырады;

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тапсырма Аты-жөні:

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек Ондық бөлшек

2

5

0,4

5

10

0,5

3

10

0,3

1

20

0,05
10,15
1,021

48

1000

0,048
3,009

7

7

1
Дескриптор: Білім алушы

— жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады;

— ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады.

Тапсырма Аты-жөні:

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек Ондық бөлшек

2

5

0,5
0,3

1

20

10,15
1,021

48

1000

3,009

7

7

Тапсырма Аты-жөні:

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек Ондық бөлшек

2

5

0,5
0,3

1

20

10,15
1,021

48

1000

3,009

7

7

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ