Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?

1
10099

Түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5-тарау «Өнер»

Күні: 

Сынып: 3-сынып

Мектеп: 

 Мұғалімнің аты-жөні: 

Қатысқандар саны: 

Қатыспағандар саны: 

Сабақ тақырыбы Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау

3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

Көптеген оқушылар: Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

Кейбір оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

-ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

-өнердің адам өміріндегі рөлін анықтайды

-Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

-тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

— сұрақтың жауабын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ес, ескерткіш, өткенге құрмет.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ескерткіштер еліміздің тарихына деген құрметке тәрбиелейді. Ескерткіштер бізді өткен күндермен байланыстырады.

Талқыланатын мәселелер:

  • Ескерткіштер не үшін керек?

Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері бар?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресі және құндылықтары туралы түсініктері бар.3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған.Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан.
Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ажырамас арамыз

Қыздар менен ұлдармыз

Қызықтауға тау шыңын

Құмар болып алғанбыз

Таңмен тұрып таласа

Жолға шығып тамаша

Кереметқой бар әлем,

Құзға шыңнан қараса

Асулардан асамыз,

Қозаңдарды басамыз

Осылайша күнде біз

Бір жаңалық ашамыз

Жаңа топ құру

«Ескерткіштердің суретері » арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған ескеркіштерін алып, 1,2,3,4,5 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Тарихи және мәдени ескерткіштер» 2-топ «Жазба ескеркіштері»

http://old.e-history.kz/media/upload/4624/2015/08/17/6edaaf1e65b265d0c29717f6269ec702.jpg ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУ

3-топ «Табиғат ескерткіштері» 4-топ «Өнер ескерткіштері»

https://www.qamshy.kz/uploads/image_news/20170710003119420.jpg http://kokshetautv.kz/images/news/47927e2e09c0a4098a7c3658964196a4.jpg

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
  • Топ жұмысын аяқтаған кезде ысқырық арқылы белгі беріп отырасыңдар.

Балалар бұл ескерткіштер жәйдан жайға қойылған жоқ.Ол үшін жеке тұлғаның еңбегі сіңуі керек.Ал ол үшін ел қорғаған батыр,елді билеген,халықтың көзін ашқан ғұламаларға,көп балалы аналарға, сонымен қатар өнер қайраткерлеріне де мүсіндер арналған.

-Балалар біз қай бөлімде жүрміз?

— «Өнер» бөлімі

— Балалар бүгін біз сабағымызда сол өнердің бір түрі «футбол»ойнын ойнайтын боламыз.Сендерге допты беру арқылы кері байланыс жасаймын.Әр допты дұрыс жауаптың ұпайы деп қабылдайсыңдар.Топта әр адам үлес қоса алады.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Суретті пайдаланып,ежелгі өмір салты туралы әңгімеле

  • Біздің қаламызға қанша жыл?
  • Өлкеміздегі қандай тарихи орындарды білесіңдер? Олар тарихтың қай кезеңі жайлы ақпарат береді?
  • Біздің қаламызда ескі заманнан қалған ғимараттар сақталған ба?

Біздің қаламыздағы ескерткіш кімнің құрметіне орнатылған?

Саралау Сұраққа жауап берген оқушыларға толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Бағалау мадақтау

  • Ал қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?

Оқу мақсатын таныстыру

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау

3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Күтілетін нәтижені анықтау

  • Тарихи және мәдени ескерткіштердің маңызы туралы білетін боласың
  • Ескерткіштерді қорғаудың жадынамасын жасауды үйренесің

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс.

Жекеше,жұппен,топпен оқып талқылайды.

Электронды оқулықтағы мәліметті талқылайды.

Ширату тапсырмасы

Қорытынды ретінде «дөрекі мүсіндеу» әдісі арқылы сылдыр қағазды бір оқушы мүсін ретінде ұстап тұрады.Келесі оқушы дөрекілік танытып мүсінді сызып бүлдіреді.Талқылау.

Саралау Тапсырманы балалар орындай,бірақ та әр түрлі әсер береді.

Бағалау Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,тиімді кері байланыс орнату.

Өзіндік бағалау Оқушылар қолдарындағы түтікшелер арқылы өз кері байланыстарын жасайды.

Ізденіс жұмысы

-Алдын ала мәдени ескерткіштер туралы ізденген оқушылар бар ма?Қандай ерекшеліктері бар?

-Гаини «әлемдегі ең биік 7 ескерткіштер» туралы ізденіп келіпті.

Дәптермен жұмыс

Сипаттау тапсырмасы

Осы ескеткіштердің бірін таңдап сипатта?______________________________

Ол қай қалада немесе облыста орналасқан?______________________________

Ол ескерткіштің ерекшелігі ( 1-2 сөйлем )неде?___________________________

Саралау Оқушылар

Бағалау

Өзіндік бағалау

Шағыл арқылы ескерткіштерді полотиленді кленкаларға жасау.

Саралау Оқушылар

Бағалау

Өзіндік бағалау

1-10бет

11-12 бет

Түтікшелер

Буклет

Шағыл және кленка

Сергіту сәті Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
 

Осы жерде электрондық оқулық бойынша берілген түсіндірмені көрсету

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

Б: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Сымнан адам бейнесіндегі ескерткіштерді жасап,кезеңдерге бөлу.Бұрынғы заманғы ескерткіштерді,қазіргі заманғы ескерткіштерді,болашақтағы ескерткіштерді елестете отырып жасайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Абдисаматова К.Т

№4 ЖББОМ мұғалімі


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ