Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

0
1149
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-да физика пәнінен келетін теориялық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, есептердің қатесіз шешімін тауып, жоғары балл алу үшін шамамен 200-ге жуық формулаларды ойда сақтап, қолдана білу керек.

Ендігі мәселе — соншама формуланы қалай есте сақтауға болады?

● Бірінші әдіс — сөзсіз, көп мәрте есеп шығарып, практика жүзінде есте сақтау. Тақырыпты аласың, теориялық бөлігін меңгеріп бастайсың, оқып жатқаныңда назарыңа түскен формулаларды түсініктемелерімен жазып аласың, практикалық мысалдар болса, мұқият қарайсың, ұқсас есептер болса, мысалға қарап шешесің, түсінуге тырысасың, тақырып бойынша кішігірім болсын түсінік қалыптасса, оқулықта берілген есептерді оңай шешетін болсаң, интернеттен, басқа оқулықтардан күрделі есептер ізде, шешімін қарастыр. Осылай бір тақырыптың өзінен оқулықта берілген формулаларды ғана емес, басқа да сол тақырып бойынша тестте келуі мүмкін күрделі есептердің шешімі болатын формулаларды біле аласың.

● Екінші әдіс — стикерлер (жабыстырып қоюға болатын шаршы тәрізді кішкентай қағаздар) сатып ал (кеңсе тауарлары дүкендерінен табасың). Стикерлердің әрқайсысына мүлде басыңа қонбай жүрген формулаларды жазып, онда берілген әрбір физикалық шамаларға түсініктеме беріп шық. Сосын дайын стикерлерді сабақ оқитын орныңдағы қабырғаға іліп қой. Бұның саған қандай пайдасы бар? Физика пәнінен есеп шығарып жатсаң, керек кезде ілініп қойылған стикерлердегі формулаларға бір көз салып, еске түсіруіңе болады. Сондай-ақ, қабырғада ілініп қойылған стикерлер былайынша да көз алдыңда тұрады, сондықтан уақыт өте күнде-күнде көре-көре кезінде басыңа қонбаған формулалар есте сақталып қалады.

● Үшінші әдіс — формулаларға ассоциациялар ойлап тап. Мысал ретінде: математикалық маятниктың T = 2π√L/g және серіппелі маятниктың Т = 2π√m/k формулалары бар. Кей уақытта қай шама бөлшектің алымы не бөлімінде тұратынын шатастырып алуымыз мүмкін (L/g, әлде g/L, m/k әлде k/m?). Бірақ бұны сөздегі әріптердің реті бойынша оңай анықтауға болады (L/g дегенді «LG» смартфоны теңеп немесе орысша «ЛоЖка» (қасық) деп, сондай-ақ, m/k дегенді «МаКарон» деп ассоциация құруға болады). Осыған ұқсас ассоциацияларды басқа да формулаларға жасай аласың.

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ