ІV республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының ережесі

0
3145

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында  ІV республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) жариялайды. Байқау биыл алғаш рет тест форматында өткізіледі. 

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады.  Олимпиадада педагогика және психология, балалар психологисы, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндері бойынша жас мамандардың білім көрсеткішін анықтайтын тесттер беріледі. Олимпиада сұрақтары мектеп пен балабақша қызметкерлері үшін екі бөлек дайындалады. Олимпиада qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиаданың өту уақыты: 5 наурыз – 7 сәуір аралығы.

Қорытынды 8 сәуір күні сайтта жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және ең жоғары ұпай алған 150 қатысушы «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиаданың ақпараттық демеушісі Martebe.kz республикалық білім порталы. Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 978 59 22; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ІV республикалық «Үздік жас маман» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
    • Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
    • Олимпиада 5 наурыз – 7 сәуір аралығанда qaztest.kz сайтында онлайн өтеді;
    • Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже Qaztest.kz және Martebe.kzсайттарында 8 сәуір жарияланады.
    • Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады;
    • Олимпиада сұрақтары мектеп және мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналып жасалады;
    • Мектепте жұмыс жасайтын мамандар үшін педагогика және психология, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндері бойынша;
    • Мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын мамандар үшін мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы және үлгілік оқу бағдарламасы бойынша сұрақтар беріледі;
    • Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мамандары дайындайды;
    • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.
  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
    • Жас мамандардың педагогика пәндері бойынша білім деңгейін тексеру;
    • Үздік жас мамандардың есімін республикалық БАҚ бетінде насихаттау;
    • Жас мамандарды жұмысына ынталандыру және марапаттау.
  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
    • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады;
    • Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
    • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Жалпы тестті бастағаннан кейінгі жалғастыру уақыты 24 сағат (1440 минут) ішінде;
    • Тестті жауып алу немесе интернет үзіліп кету мәселелері орын алған жағдайда 24 сағат ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінен жалғастыра алады;
    • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
    • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
    • Қатысушы марапаты автоматты түрде тіркелген почтасына жіберіледі және жеке парақшасында «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады;
    • Төсбелгі алған қатысушылардың марапаты казпочта қызметі арқылы жіберіледі.
  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
    • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
    • Өзге педагогқа орындатқаны белгілі болса нәтижесі жойылады;
    • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
    • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
    • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
    • Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады. Толық нұсқаулық сайттың жоғарысында «Көмек» бөлімінде көрсетілген;
    • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды. Өтініштер qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік тест – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта көрсетілген. Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде тіркелген почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 150 жас маманға «Үздік жас маман» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). 25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасы» беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 8 сәуір күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Төсбелгі иегерлерін анықтауда алған ұпайымен қоса уақыты да есепке алынатынын ескертеміз.

Бір ұжымнан 15 жас маман қатысса «Үздік ұжым» алғыс хаты жіберіледі. Ұжымда 10 педагогтан көп қатыстырған ұйымдастырушы координаторға алғыс хат (эл.түрде) беріледі. Сонымен қатар 25 ұпай алған қатысушылар Құрмет грамотасымен марапатталады. Алғыс хат алу үшін өтініш qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» ЖӘНЕ КООРДИНАТОР АЛҒЫС ХАТ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі

 

Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

 

Ескерту! Үздік ұжым және координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Kaspi.kz қосымшасы, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Координатор қатысушыларды бірінен соң бірін қатыстыруы тиіс. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

 

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Каспи қосымша, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

 Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

 

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ