«Журналист болғың келе ма?» атты жас тілшілер байқауы өтеді

0
3899

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2020 жылдың 8-10 сәуірінде, сағат 10.00-да, 3 залда Республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен Skills academy мекемесі Martebe.kz білім порталының қолдауымен XXXXV  «Жас тілшілер» форумының аясында «Журналист болғың келе ма?» байқауы өтеді. Байқауға қатысу тегін. 

Martebe.kz білім порталының оқырмандарының арасында журналистикаға қызығатын оқушылар өте көп. Бұл байқау сол жастарға үлкен мүмкіндік деп жариялап отырмыз. 

Шара Республикалық мектеп оқушылары арасында 2020 жылдың 7 ақпанынан, 31 наурыз айына дейінгі аралықты қамтиды.

 Номинациялар:

«Журналист болғың келе ме?».

«Абай — әлемдік мәдениеттің тұлғасы».

«Ұлы даланың жеті қыры».

«әл-Фараби мұрасы — ақыл ойдың маржаны».

«Ұлы жеңіске тағзым».

«Газет, әлде интернет?».

«Көсемсөз құдыреті».

«Мультимедиа журналистің бір күні»

Байқауға ұсынылатын материалға қойылатын талаптар:

Байқауға Times New Roman, 12-ші қаріппен публицистикалық стильде жазылған материалдар қабылданады.

Көлемі 5 беттен аспауы керек. Ұсынылған жұмыста шығарма мәтінінен кейін оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, елді-мекен атауы, облысы, таңдалған номинациясы, жетекшінің  аты-жөні, электронды адрестері болуы міндетті.

Шығармалар байқауының өткізілу мерзімі – 2020 жылдың 1 ақпанынан 2020 жылдың 31 наурызына дейін.

Жұмыстар қабылданатын соңғы күн – 31 наурыз 2020 жыл.

Байқаудың қорытындылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2020 жылдың 8-10 сәуірі күндері өтетін жас тілшілердің XX Форумында шығарылатын болады. Шара барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында, «Хабар», «Qazaqstan» Ұлттық телеарналарында қонақта болады.

Мәдени бағдарлама бойынша форумға қатысушылар әл-Фараби ҚазҰУ кампусына пресс-тур жасап, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы және Студенттік маслихат өкілдерімен кездеседі.

Шара барысында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен «Әл-Фараби кітапханасымен» танысады. Сондай-ақ кәсіби білікті журналистермен кездесіп, шеберлік сыныптарына қатысады.

«Жас тілшілер» форумының тарихын айтпай кетпесе болмас, алғашқы республикалық «Жас тілшілер» слеті 1975 жылының мамыр айында Орталық Комсомол Комитетінің ұйымдастыруымен өтеді. Ол кезде Қазақстан Республикасының Орталық Партия Комитетінің Насихат және үгіт бөлімінің басшысы Қ. Сұлтанов болатын. Бұл шараның бастауына О. Сүлейменов, Ф. Оңғарсынова, Д. Стамбеков, Ш. Смаханұлы сияқты танымал ақын-жазушылар атсалысқан. Тек соңғы 18-19 жылда бұл «Жас тілшілер» форумы жаңа форматта, заманауи үлгіде өтіп жүрген жайы бар.

Үйлестірушілер: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы +77273773334 (қосу 1351, 13-46). Кафедра меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы, Ұялы тел: + 7-701-152-74-88, аға оқытушы Әлім Әсел Аманханқызы. Ұялы тел: + 7-702-293-67-05; e-mail: aselalimkaznu684@gmail.com

Байқау бойынша сұрақтармен жоғарыдағы байланыс номерлеріне хабарласып біле аласыздар. 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ