Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиада ережесі

0
3067

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен біріге отырып І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және білім деңгейін тексеру.

Олимпиада сұрақтары қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінің оқу бағдарламасы мен әдістемесі бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 5 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Қорытындысы: 9 сәуір күні жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Барлық пәндерге қатысып, жүлдеге іліккен қатысушылар оқу бағдарламасын жоғары деңгейде меңгергені үшін «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» дипломымен марапатталады, олардың ішінде жиынтық ұпайы жоғары 50 қатысушыға «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі беріледі.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7700 978 59 22; +7775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиаданың ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
  • Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – олимпиада);
  • Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында 8 сәуір күні жарияланады.
  • Олимпиада 5 наурыз бен 6 сәуір аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі;
  • Олимпиада сұрақтары қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінің оқу бағдарламасы мен әдістемесі бойынша беріледі;
  • Бір мұғалім бір немесе бірнеше пәнге қатысуына болады;
  • Олимпиада сұрақтары оқу бағдарламасы бойынша дайындалады;
  • Олимпиадаға қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады;
  • Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мамандары дайындайды, сұрақтар ұйымдастырушылармен бекітіледі;
  • Олимпиада барысында сыбайлас жемқорлыққа және қандай да бір заң бұзушылықтарға тыйым салынады;
  • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.
  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
  • Мамандардың қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінен білім деңгейін тексеру;
  • Үздік мамандарды анықтау және оларды марапаттау. 
  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
  • Олимпиада тапсырмалары әр пән бойынша 25 сұрақтан тұрады;
  • Олимпиада нәтижесі әр пән бойынша бөлек шығарылады;
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Олимпиадаға қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады;
  • Бір қатысушы бір немесе бірнеше пәннен қатыса алады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Жалпы тестті бастағаннан кейінгі жалғастыру уақыты 24 сағат (1440 минут) ішінде;
  • Тестті жауып алу немесе интернет үзіліп кету мәселелері орын алған жағдайда 24 сағат ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінен келген жерден жалғастыра алады;
  • Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
  • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады.
  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Қате енгізілген мәліметтер үшін (қала, мектеп атауы, жетекшінің аты-жөні т.б.) олимпиада ұйымдастыру комитеті жауап бермейді;
  • Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайттың «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Барлық пәндерге қатысып, жүлдеге іліккен қатысушылар «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» дипломымен марапатталады, олардың ішінде жиынтық ұпайы жоғары 50 қатысушыға «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі беріледі.

Қорытынды нәтиже сайтта 9  сәуір күні жарияланады.

Ескерту! Төсбелгі иегерлерін анықтауда барлық пәнге қатысқан педагогтардың нәтижесі есепке алынады және уақыт жылдамдығы бойынша анықаталады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Каспи, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Координатор қатысушыларды бірінен соң бірін қатыстыруы тиіс. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз! 

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

 

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Каспи қосымша, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

 Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ