«Ұят болу» сөзімен мағыналас тұрақты сөз тіркестері

0
5757

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kzақпараттық білім порталы назарларыңызға тұрақты сөз тіркестерінұсынады.

 

«Ұят болу» сөзімен мағыналас тұрақты сөз тіркестері

Абиыры шашылу //түсу/

 Абыройы жойылу //кету// түсу/

 Абыройын айрандай төгу

 Абыройын аяққа басу

 Абыройынан айырылу

 Адам //кісі//, //жұрт//, //ел// бетіне қарай алмау

 Аяқ асты ету //болу

 Аяқтағы суға ағып өлу /әзіл/

 Беделін төгу

 Бет моншағы салбырау

 Беті аймандай болу

 Бетін басу

 Бетін шымшу

 Беті күю

 Беті (жүзі) шыдамау

 Бетін адам қарағысыз ету

 Бетінің суы бес төгілу

 Бетіне /н/ басу

 Бетіне күйе //кір жағу

 Бетіне салық болу

 Бетіне шіркеу болу

 Бетінен арын төгу

 Бетінен басу

 Бетінен оты шығу

 Жер шұқу

Жерге қарау

 Жерге кіріп кете жаздау

 Жерге кіргендей болу

 Жерге көмілу

 Жерді көзімен шұқу

 Жердің тесігі болса кіріп кету

 Жердің үстімен келіп, астымен қайту

 Жүзі қара /болу/

 Жүзі таю

 Иттей болу

 Кір келтіру

 Кірерге тесік таппау

 Қадірдің жүзі шашылу

 Қара бет болу

 Қара жерге отырғызу //қарату*(алдап кету)

 Қарауға бет жоқ

 Құлағының ұшына дейін қызару

 Қысқа күнде қырық өлу

 Орнынан тұрғысыз ету*(ұрсу, масқаралау)

 Өлім болды

 Өлген артық

 Өлген жері осы

 Өлмегенге қара жер

 Пышақсыз бауыздау

 Сүйекке таңба салу

 Тірідей жерге кіру

 Тірідей масқара болу

 Тірідей өлу

 Ұяты бетіне шығу

 Ұялғанда жер жарылмады, мен кірмедім

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г. / Мағыналас фразеологизмдер сөздігі,- Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл.

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ