Эйминг деген не?

0
850

               

   Эйминг — мақсатқа жетудің жаңа теориясы.Өмірде өзін «бақытты» деп санайтын адамдар санатын осы теория негізінде қарастырсақ болады.

   Эйминг теориясына жататын адамдар не істесе де, олардың жұмыстары ойдағыдай болады. Кейде, олар өздерін «жолы болғыштар» деп те атайды. Дегенмен біз бүгін олардың жолы болғыштығы туралы емес, мақсатқа қандай болса да қол жеткізуге ұмтылатындығы туралы сөз қозғайтын боламыз.

Бірінші кезең-мақсат қою.Бұл парадоксальды болып көрінуі мүмкін.Бірақта сіз қойған кейбір мақсаттар алдын-ала сәтсіздікке ұшырап жатады.

Сондықтанда, сіздің мақсатыңызға жетудің тактикасы нақтырақ болуы керек.Және де кез-келген мақсат айқын болуы шарт. Мысалы, сіз қымбат бренд киімдерді кигіңіз келеді.Бірақ алдыңызға мақсат қоя алмайсыз немесе оны қалай жасау жолын білмейсіз.

Алдыңызға көп ақша табуым керек деп мақсат қоясыз. Бірақ нақты қанша ақша тапқыңыз келетінін білмейсіз. Сондықтан сіздің мақсатыңыздың орындалуына бірнеше жылдар кетеді. «Дұрыс» мақсат осындай болуы керек: «Мен күніне мың доллар тапқым келеді».Сонда ғана ол мақсатты жүзеге асыруға болады. Бұлыңғырлықтан, түсініксіздіктен аулақ болыңыз.

Екінші кезең,біз мақсатқа жету жолындағы іс-қимылдарымыздың стратегиясын талдауымыз қажет.Яғни, мақсатқа жету жолымызды қадамдарға бөліп аламыз.

Бірінші қадам. Сіз «Мен …» сөйлемін аяқтауыңыз керек, сізге ұнамайтын нәрсені, сіздің мақсатыңыз не үшін керек екенін жазыңыз.

Екінші қадам. «Мен …» Өзіңізді бақытсыз сезінетін нәрселер туралы жазу. Мысалы: Менің қабілетім бағаланбаған жерде жұмыс істемемеймін.

Үшінші қадам. «Оның орнына мен …» Мен өмірді жақсы жаққа өзгертетін шынымен пайдалы және нақты нәрсе жасаймын. Мысалы, мен өз компаниямның қаражаты есебінен біліктілік курсынан өтіп, оны ойдағыдай аяқтаймын. Және 5000 доллар жалақы алатын қолайлы жұмыс табу үшін жұмысымды тастаймын.

Келесі қадам — жоспар құру. Бізге нақты жоспар және нақты мерзімдер қажет, әйтпесе барлық процесс өмір бойы жалғасады.Немесе ешқашан орындалмайтын қалуы мүмкін.Ал, мақсатты тезірек орындау үшін жоспарларды уақытымен жазу қажет.

Мысалы, мен бір апта ішінде ағылшын немеме түрік тілін т.с.с үйренемін дер мақсат қойыңыз. Және сол мерзім ішінде ол мақсатқа жетуге тырысыңыз. Ең бастысы ниет екенін ұмытпаңыз.

Мақсатқа жету барысында сізге көмектесетін кеңестер:

  •  Жоспарыңызды үнемі қарап отырыңыз. Оған жаңа мақсаттарды қосуды ұмытпаңыз.
  • Өзге жанның көмегіне емес, тек өзіңіздің күш-қабілетіңізге сеніңіз. Сіздің мақсатыңызға жетуге кедергі болатын нәрселерді өмірден алып тастаңыз.
  •  Пайда болған мәселелерді шешкен кезде шығармашылықпен жұмыс жасаңыз.
  • Жетістіктеріңіз үшін өзіңізді марапаттауды ұмытпаңыз.
  •  Қателесуден қорықпаңыз.Кез-келген нәрсеге дайын болыңыз.
  •  Оптимист болыңыз және сәтсіздікке ұрынбаңыз. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, оптимистер пессимистерге қарағанда көбірек жетістікке жетеді екен.
    Іске сәт!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ