Судың пайдасы қандай?

0
3421

Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез келген адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі керек

  • Судың жетіспеушілігінен дененің кейбір функциялары баяулап, адам ауруға шалдыға бастайды.
  •  Су – негізгі энергия көзі.
  •  Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
  •  Жасушаларды бір-бірлеріне байланыстыратын желім.
  •  ДНҚ-ның (генетикалық ақпараттың ұрпақтан- ұрпаққа берілуін, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының) зақымдануын алдын алады.
  • • Иммунитет жүйесінің негізін құрайтын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
  •  Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
  •  Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
  •  Азықтарға энергия беріп, құрамындағы элементтердің ағзаға сіңуі кезінде бұл энергияны денеге таратады.
  •  Сусыз желінген азықтың денеге тигізетін пайдасы өте аз болып табылады.
  •  Өкпедегі оттегін тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының жұмыс өнімділігін арттырады.
  •  Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
  •  Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
  •  Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
  •  Омыртқадағы дискілерді жұмсартқыш су көпшіктеріне айналдырады.
  •  Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етіп, іш қатудың алдын алады.
  •  Жүрек ауруы мен сал болу (паралич) ауруынан сақтайды.
  •  Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
  •  Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет.
  •  Су адам зейінін ашады.
  •  Жұмыс істеу өнімділігін арттырады.
  •  Ешқандай жанама әсері жоқ.
  •  Стресс пен депрессияны басады.
  •  Шаршағанды кетіреді.
  •  Теріні жұмсартады.
  •  Көздерге жанар береді.
  •  Инфекция мен рак ауруына қарсы им­мунитетті күшейтеді
  •  Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
  •  Қатты заттардың шөгуіне көмектеседі.
  •  Адам денесінде су қоймасы болмағандықтан, суды жиі ішіп тұру керек.
  •  Салмақ тастаудың ең оңай жолы – су ішу. Үнемі су ішіп, диетасыз азуға болады. Қарын ашқанда көп тамақ жемеу керек. Бірақ шөлдегенде көп су ішкен дұрыс.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ