Этнопсихология терминдері, анықтамасы

0
3816

Этнопсихология — адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Халықтық психология — адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы .

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Ұлттық мақтаныш — тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезіну.

Ұлттық психология – қоғамдық сана-сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдар мен топтардың қимыл-әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология,мораль, дін, ғылым, өнер, философия.

Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық мінез-құлық— өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негігі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) – белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлт– аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық ерекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым-қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана-сезім– нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Автотаптаурын – осы этностық қауымның өкілдеріне қатысты пікірлер, ойлар, бағалар. Автотаптаурын әрқашан жағымды бағаланудан тұрады.

Агрессия (басқыншылық) – бір мемлекеттің басқа мемлекетке қарсы немесе халықтың (ұлттық) егемендігіне, аймаққа қол сұқпаушылығына немесе тәуелсіздігіне қарсы күшін құқықсыз, заңсыз қолдануы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жаңа мәдениетке, жаңа ұлттық әдет- ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың (түйсігін) санасыз түрі. К. Юнгтың түсінігі бойынша, архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық комоненттері жалпы адамдық символика негізінде жататын түс, ертегі, миф.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін, әдет- ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалту жолымен бірігуі нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Атрибуция – адамның жүріс- тұрыс себептері мен дәлелдерін, жеке қасиеттері мен мінездерін олардың іс- әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.

Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнаң негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық- этникалық жанжалдар, кикілжіңдер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салдарынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (миграннтар).

Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.

Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар категориясының құқылары мен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.

Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді, салты және т. б.) топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау).

Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың өкілдерімен өзара келісімге келу.

Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты халықтар өкілдерінің бір- біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің фомасы.

Контент- талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т. б. Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі. Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және таңдаулы жинақта осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты- қолдану жиілігі мен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой- пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.

Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет- ғұрыптарға, жүріс- тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.

Кросс- мәдени этнопсихологиялық зертеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.

Этносаралық қарым- қатынас мәдениеті — әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай- ақ соларға тән іс- әрекеттердің жинағы.

Мәдени релятивизм — даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құқын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді- бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.

Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдениетке бірдей тән болу.

Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс- тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Көші- қон – тұрақты немесе уақытша тұру мекенін ауыстыруға байланысты адамдардың орын ауыстыруы.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин.

Халықтық педагогика — әртүрлі буын өкілдерінің өзара қарым- қатынасы мен әрекеттестігінің ұлқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт- дәстүрінде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын, моралін, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай- ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана- сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл- әрекетінде және жүріс- тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана- сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер, философия.

Ұлттық өзіндік сана- сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік- этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл- күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) – белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт- дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет- ғұрып – дәстүр белгілі ұлт ортасында, ұлт тобында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс- тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс- тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана- сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым- қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінез- құлық — өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс- тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым- қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлтаралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасымен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды- когнитивті процес.

Этностық ұқсастыру (идентификация) – субъекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды- когнитивті процесі, сондай- ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым- қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым- қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар – түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл- ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Тұлғаның этностық құрылымы – адамнаң ішкі мазмұнын білдіретін және іс- әрекетіне, жүріс- тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі бір ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез- құлқына, салт- дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірі мен ұлтаралық қатынастырының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама- қайшы келетін топаралық кикілжің формасы. Қарулы қақатығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана- сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс- әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік — өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай- ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсініг бар) трихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып табылатын өз этнос қауымының салт- дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ