Этностильдегі баскиімді сәндеу

0
2859
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология Мектеп: № 249 мектеп-лицей
Күні Мұғалімнің аты-жөні: Э.У. Бекемова
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Этностильдегі баскиімді сәндеу

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық нақыштарын пайдалану;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

— өз жұмысында, бас киімді сәндеу кезінде қазақтың ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

— өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

— әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

Күтілетін нәтиже

— бұйымды сәндеу кезінде әртүрлі ұлттық ою-өрнектер мен мотивтерді шығармашылықпен қолданады;

— өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныс айтады;

— әртүрлі құралдар мен материалдарды қолдану кезінде жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес арнайы терминологияны қолдана алады. Оқушылар алған мәліметті талдап, қажетті қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Баскиім-головной убор-Нeaddress

Этностиль-этностиь-ethnostyle

Жұқа киіз-фетр-fibre felt

Сәндеу- декорирование-decorating

Бұйым- изделие- product

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Қазақ ұлттық киімдерінің өзге ұлттардан айырмашылығы …

Оның ерекшелігін … анықтауға болады.

Құндылықтарды дарыту
  • Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Жаhандану азаматтығы: ұлттық мәдениетті сыйлау;
  • Материалға ұқыпты қарау;
  • Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
  • Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;
  • Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
  • Топта адал еңбекке тәрбиелеу..
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі мен әдебиеті , Қазақстан тарихы
Бастапқы білім Оқушылардың әртүрлі құралдар, материалдар және тігін жабдықтарымен тәжірибелік жұмыс істеу дағдысы бар, жобалық бұйым жасауды бітіруге жақын, сәндеу және әрлеу кезеңі қалды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу.

Оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне бейімдеу және оқу үдерісіне ынталандыру. Ол үшін «Мозайка» әдісімен сынып екі топқа бөлінеді.

1-топ «Сәукеле», 2-топ «Тақия»

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Біз бүгінгі сабақтың тақырыбын білдік және сабақ мақсатымен таныстық. Енді мен сіздерге мына барлық әріптері шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар таратамын. Бұл арқылы бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасайтындығымызды білейік.

(Ж) «Шатастырылған әріптер» ойыны арқылы оқушылар жұптасып табады

  • ИТСОНТЭЛЬ (этностиль) -этностиь-ethnostyle
  • КБАСІМИ (баскиім)- головной убор-Нeaddress
  • НДУСӘЕ (сәндеу)- декорирование-decorating
  • ҚҰЖА ЗИКІ (жұқа киіз)- фетр-fibre felt
  • ҰЫЙБМ (бұйым)- изделие- product

(ФБ) мадақтау

Мұғалім интербелсенді тақтадан терминологиялық сөздермен таныстырады, ал оқушылар жұмыс дәптеріне жазып алады.

Суреттер

сынып тақтасы, магниттер

Шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар

Қазақтың ұлттық бас киімдері сәндеп бейнеленген суреттері. АКТ

Сабақтың ортасы
  1. Өткен материалды қайталау.
«Сұрақ-жауап» әдісі (жеке жұмыс)

1.Баскиімнің өлшемін алу үшін қандай өлшемдер қажет және шартты белгіленуі? (Көлденең алынған бас айналымы және көлденең өлшем, Ба.к және КӨ шартты белгіленуі)

2.Көлденеңінен алынған бас айналымы қалай алынады?

(Сантиметрлік таспамен басты айнала маңдай бөлігі бойымен, құлақтың үстімен, желкенің ең шығыңқы жерінен көлденең өлшенеді. Қастан 1,5-2,5 см жоғары алынады)

3.Көлденең өлшем қалай өлшенеді және ол өлшем не үшін алынады?(См таспамен құлақ үстінен бастың еі жоғарғы нүктесі арқылы екінші құлаққа дейінгі аралық өлшенеді және бұл өлшем баскиімнің тереңдігін анықтауға қажет) (ФБ)

  1. Мұғалімнің түсіндіруі

Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:

  • Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструкциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.
  • Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті ызба және т.б. болуы мүмкін.
  • Жапсырма — онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.

Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы ескеру қажет.

  1. Тәжірибелік жұмыс. (ТЖ)
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру
  1. Арнайы алжапқышты тағу
  2. Құралдарды орнымен қолдану
  3. Желіммен жұмыс кезінде мұқият бол
  4. Ыстық желіммен жұмыс кезінде пистолеттің бауы мен корпусын тексеру керек
  5. Пистолеттің металл ұшын қолмен ұстауға болмайды.
  6. Ине мен қайшыны ұқыпты пайдалан және қорапта сақта
  7. Жұмыс соңында орныңды жинастырып, қолды жуу керек.

Нұсқау картамен жұмыс

1.Бұйымды сәндеуге арналған жобаны таңдау

2.Моншақтарды таңдау

3.Оюларды таңдау

4.Ызбаларды таңдау

  1. Жұмыс сапасын бағалау

Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылардың дайын болған бұйымдарын алмастырып береді.Оқушылар критерийлерге сүйене отырып топтың жұмысын бағалайды.

Оқушылар бағалау парағын толтырады

Бағалау критерийлері 7 балл
Бұйым әдемі жасалған, барлық элементтері ұқыпты көрінеді Ызбамен безендірілген 1
Түстерді үйлестіре білген (моншақ, страза) 1
Кестеленген (жіптер) 1
Бұйымды сәндеуге қазақтың ұлттық ою-өрнектері қолданылған Оюды орынды қолдана білуі 1
Симметриясының сақталуы 1
Өз бұйымын жүзеге асыру үшін креативті идея қолданылған Өзіндік идеясының болуы 1
Стилденуі 1
Барлығы: 7

слайд

смайликтер

Бұйымды сәндеудің әртүрлі нұсқалары, слайдтар

Бисер, стразалар, жіптер, кестелеуге арналған жіптер,оюлар, ине, қайшы және т.б.

Бағалау парақтары

Сабақтың соңы

«Рикошет» әдісімен кері байланыс жасау

Оқушыларға дайын болған бас киімді кигізу арқылы сұрақтар қойылады. Жауаптар айтылған соң тақтада бейнеленген суретті көрсету арқылы үй тапсырмасы беріледі.

Интербелсенді тақта

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ