Көбейтіндіні санға бөлу (математикадан сабақ жоспары)

0
1579
Гомотетия және оның қасиеттері
Математика
Сабақтың атауы
Көбейтіндіні санға бөлу
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: Көбейтіндіні санға бөлу тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
3. Коррекциялық: Математикалық тілін, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
4. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл — ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау Зейінділік ойыны:
ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк жазбасындағы Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (еңбек).
ОИтАЫІӘлАЭЮЫЕПОЫӘО жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (талап).
ОИБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы І әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (білім).
І топ «Еңбек»
ІІ топ «Талап»
ІІІ топ «Білім»
«Сен — маған, мен — саған» ойыны. Үш топтың басшылары доп лақтыру арқылы бір — біріне сұрақ қояды.(сөз таптары туралы)
1. Көбейтудің компоненттерін ата
2. Бөлудің компоненттерін ата
3. 1 дм неше см бар?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 1сағатта неше минут бар?
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

№1

Сурет бойынша түсіндіру,талдау.

№2

(9х6):3=(9:3)х6=18 (4х8):4=(4:4)х8=8

(9х6):3=9х(6:3)=18 (4х8):4=4х(8:4)=8

№3

542-327= 215 610-195=415

640+120=760 400-320=80

287+250=537 540+266=806

565-345=220 623+177=800

№4

Ш: 8х4:2=(8:2)х4=16

Ж:16 стаканнан койылды.

№5

Жүріп өтті-320км

1-күні-94км

2-күні-?одан 56 км арт

3-күні-?

Ш: 94+56=150 (км 2-кун)

94+150=244 320-244=76

Ж: 3-күні 76км жол жүрді.

№6

Ш:10х3+8х5=30+40=70

Ж: барлыгы 70 тиын.

№7

Көбейткіш 7 6 10 90 300
Көбейткіш 3 6 8 5 3
Көбейтіндінің мәні 21 36 80 450 900

№8

х+347=718 ух5=39+6 18:z=3×3

х=718-347 ух5=45 18:z=9

х=371 у=45:5 z=18:9

371+347=718 у=9 z=2

718=718 9х5=39+6 18:2=3×3

45=45 9=9

№9

1км > 980м 567л < 800л-133л

2ц80кг < 310кг 750г+150г < 910г

6м78см < 700см 540кг-80кг = 460кг

№10

S=8см х 6см=48см.кв 48:2=24

№11

Жамал тәрбиеші, Ақмарал мұғалім, Әсем суретші, Ләззат сәнгер, Ақнұр биші.

№12. Әр түрлі тәсілмен есептеп табу.

Сергіту сәті
Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мeн– қоян-желаяқ,
Мeн– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!
Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс Ойын «Брейн – ринг»
Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
— Әжей қалаға бара жатып қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді. Олардың әрқайсысында бір — бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
— Торда 4 қоян бар еді. Осы қояндарды төрт бала бір — бірден сатып алды, біреуі қалып қойды. Неліктен бұлай болды?
— Қаз 2 аяғымен тұрған кезде, оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?
Үй тапсырмасы №8. 8-бет. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ