Көбейту және бөлуге берілген теңдеулер

0
3681
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Атырау қаласы
Еркінқала орта мектебі
Аяпбергенова Асыл Тулеуовна
Бастауыш сынып мұғалімі
ІІ санатты, педагог модератор

Сынып: 3 сынып
Пәні: Қызықты матемика (таңдау пәні)
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлуге берілген теңдеулер
Сабақ негізделген оқу мақсаттары х < және х > түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау. Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; х+(25-6)=38; (24-3)-х=8; а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.Көбейту мен бөлуге берілген теңдеуді үйренемін.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңі Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Білу C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa5148.10594\2018-04-13-PHOTO-00000148.jpg

Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

І топ: “Бауырсақ» тобы

Болашақ білім, ғылым тұтқасында,

Мұны әркім, әркез есте ұстасын да.

Заманның компьютеріндей кезеңінде,

Математика тағы тұр көш басында

ІІ топ: «Ірімшік»

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де сепе,

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз өмір сүру мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасын есеп десек.

ІІІ топ: «Көже»

Сырын ашып беретін әр ұғымның,

Ғажап сырды осыннан сен ұғындың.

Қиыны мен қызығы қатар тұрар,

Математика-патшасы сан ғылымның.

Топтарға бөлу
Түсіну
    • Қалай ойлайсыздар оқушылар мен неге топтың атын тағамға байланысты алдық?
    • Наурыз мерекесі туралы не білеміз?
    • Қандай ұлттық ойындар ойналады?

Бүгінгі сабағымызды біз қазақтың ерекше мерекесі наурыз мейрамына арнаймыз. Олай болса әр топ бүгінгі сабаққа белсене қатысып, ерекше көзге түссе сол топ пен оқушылар жеке -жеке марапатталады. Қазақтың ұлттық ойыны бойыншы әр оқушы өзіне теңге жинап, сабақ соңында қорытындыланады.

Сабағымызды пысықтау мақсатында «Бәйге» ойыны

10-сандар қатары неше топқа бөлінеді?

10-Тіктөртбұрыштың қасиеті?

10-Қосудың қандай қасиеттері бар?

20-Шаршының қасиетін ата?

20-Қосу мен азайтудың компоненттерін ата?

20-Көбейту мен бөлудің компоненттерін ата?

30-Мысалдар төрттігін құр 2*5

30-Қосуды қай амалмен тексереміз? Көбейтуді ше?

30-1 жұмыртқа 5 мин піссе, 10 жұмыртқа неше мин піседі?

Қорытындылау

Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу

Бәйге сайысы

Қолдану Сандарды алып тастап, әріптерді ретімен оқып шық

1 т 2 е 3
ң 4 5 6 д
7 е 8 9 у

-Теңдеу туралы не білеміз?

-Теңдеудің ерекшелігі қандай?

Дәптермен жұмыс: «Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулер»

Олай болса ойынымызды ары қарай жалғастырайық «Топпен жұмыс»

«Сақина салмақ » ойыны

Қарапайым теңдеулер шешу C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa5148.19325\2018-04-13-PHOTO-00000151.jpg

10:х=2 у*4=36 а*5=45

(16+5)-а=60 х-15=49+17 у+37=16+23+7

Жаңа сабақты ашу
«Көрші,көрші » ойыныC:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa5148.14753\2018-04-13-PHOTO-00000149.jpg

Мысалдар төрттгігі бойынша

2*5 3*4 7*2 8*4 7*3

«Наурыз көже» ойыны

7 киелі сан. Әлемнің жеті кереметі туралы әңгімелеу

Жеке жұмыс орындалады
Жинақтау «Жамбы ату» ойыны

Мазмұнды есептер шығару

1-топ: Концертке 86 адам қатысты. Оның 9-ы домбыра тартып, 77-сі ән айтты. Ал қалғаны би биледі. Концертте неше адам би биледі?

ІІ-топ: Бірінші вагонда 35 жолаушы бар. Ал екінші вагонда одан 5 жолаушы артық. Вагонда барлығы неше жолаушы бар?

ІІІ топ: Арман бақшадан түске дейні 8 шелек бүлдірген терді, ал түстен кейін 3есе артық шелек бүлдірген терді. Арман барлығы қанша шелек бүлдірген терді?

Үш топ болып сабақты пысықтау
Жинақтау «Ақ сүйек» ойыны. Бұл ойынды оқушылар жасырынған сүйекті тауып, сұрақтарға жауап береді

-Теңдеу дегеіміз не?

-Мен бир сан ойладым, сол санға20-ны қосқанда 88 шықты. Мен қандай сан ойладым?

-7 саны туралы не білесің?

— Тауық бір аяқпен тұрса10кг, ал екі аяқпен тұрса неше кг?

-Қандай амалдарды білесің?

Жаңа сабақта меңгерген білімін қорытындылау
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мeн сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ