«Күлтегін» жазба ескерткіші

0
7430
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы
«Күлтегін» жазба ескерткіші
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А/И1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі

Оқушылардың көбісі: «Күлтегін» шығармасын басқа шығармалармен салыстырады;

Оқушылардың кейбірі: ұқсас шығармалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу,талдау, бағалау
Бағалау критерийлері
  • Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі
  • Ұқсас екі шығарманы салыстырады
  • Ойларын дәлел келтіріп айтады
Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Күлтегін, Білге қаған, Йолығ тегін, Табғаштықтар, ел, тәуелсіз, күрес т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша…;Салыстыра қарғанда…; Өмірмен байланыстыратын болсам…; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі…

Құндылықтарды дарыту Балаларды отан сүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі Шығармашылық сабақ
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Суреттер арқылы топқа бөлу.

Орхон –Енисей ескертікштері

Күлтегін

Білге қаған

Тоңыкөк

Ж.Ж. Өткен сабақ материалы бойынша «Мен-саған, сен-маған» сұрақ-жауап арқылы сұралады.

Бағалау «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттандырлық»

деген сөздер арқылы бағалайды

2.Ой шақыру. Жыр мәтіні бойынша түрткі сұрақтар жауап беріңіз?

  • Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған? Оларды кім тапты?
  • Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?
  • Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?
  • Күлтегін жыры неге жазба ескерткіші деп аталады?

Оқушылардың жауабы тыңдалады және сабақтың мақсаты мен жетістік критерийі таныстырылады

оқулық компютер слайд

Ж.Ж.

Сабақтың ортасы Т.Ж «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты кестелер беру.
Алдымен оқушыларға жауап береді, соңынан оқушылар берілген жауаптары бойынша ұтыстарын белгілейді.

1кестеЖырдағы Күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырыңыз.

Жырдағы Күлтегіннің 16 жастағы бейнесін Жырдағы Күлтегіннің 30-дан кейінгі бейнесі
Он алтыда ағамның Елі-жұртын көбейтті. Алдындағы қағанның Жерін әбден кеңейтті. Соғдыларға аттанды, Талқандадық, мақтандық …Бір кезде ол қонды атқа, Баяғыдай қайратты, Қос батырды жайратты. Күлтегін – ел қанаты. ..Алып Шалшы боз мініп, Жауын тоз-тоз, тоз қылып, Шабуылға жұлқынды.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Берілген үзінділерді, жыр мазмұнын қолдана алады. Күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырады
Өз пікірлерін толық жеткізеді

2-кесте

Бағалау критерийі Дескрипторлар

Шығарманың тақырыбын, идеясын ,қандай мәселе, үлгі-өнеге бергенің

тауып жазады

Күлтегін жырының тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Жырда көтерілген негізгі мәселені табады
Өз пікірлерін сыни тұрғыдан жеткізе біледі

3кесте

Қойылатын мәселелер Өлеңдегі мәселені ашатын жолдар
Халықтың жағдайы
Білге қаған мен Күлтегіннің іс-әрекеті
Қандай нәтижеге жетті
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығармадағы негізгі мәселелерді өлең жолдары арқылы дәлел келтіре алады. Халықтың жағдайын өлең жолдары арқылы дәлел келтіреді.
Білге қаған мен Күлтегіннің іс-әрекетін жырдан табады.
Ой-пікірлерін жыр арқылы дәлелдейді

4кесте

Бағалау критерийі Дескрипторлар

Оқушылар автор қолданған сөздердің кейіпкерді бейнелеудегі әсерін

талқылайды

Өлең жолдары арқылы негізгі түйінін анықтайды.
Әдебиет теориясын таба біледі
Өз пікірлерін айқын жеткізе алады.

Қ.Б Валюта арқылы топтар бір-бірін бағалайды

Ж.Ж

А деңгей

«Сандар сөйлейді»…
1. 7 жас … Әкесінен айырылады.
2. 10 жас …. Ер атанады.
3. 16 жас…. Әскербасы болады.
4. 21 жас… Чача Сеңүнмен айқасты
5. 26 жас …қырғыздарға қарсы аттанды.
6. 27 жас… Қарлық халқы еркіндіктің нәтижесінде жауы болды.
7. 30 жас … Қарлықтарды жеңді.
8. 31 жас… Аз халық жау болды. Қара көлде соғысты.
9. 47 жас… қаза болады.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Берілген сандарды сөйлейлете біледі Сандар арқылы Күлтегіннің өмір жолын анықтайды.
Өз ойын айқын жеткізе алады.

В деңгей

Оқушы төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Салыстырудан кейін жұмыстарына байланысты өз пікірін білдіреді.

Сәйкестендір.

Бумын қаған Елтерістен кейін таққа отырған адам
Елтеріс ақылшы, кеңесші
Білге батыр
Күлтегін хан
Тоңыкөк түркі елін жалғастырған басшы
Қапаған Түркі қағанатын негізін қалаған

Дұрыс жауап.

Бұмын қаған – Түркі қағанатын негізін қалаған

Елтеріс – түркі елін жалғастырған басшы

Білге – хан

Күлтегін — батыр

Тоңұқұқ – ақылшы, кеңесші

Қапаған – Елтерістен кейін таққа отырған адам

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Оқушы төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Берілген ақпараттарды сәйкестіндіре алады
Өз пікірін дәлелді жеткізе алады.

С деңгей
1.Ежелгі түркі әліпбиіндегі әріп саны
А)35
В)30
С)25
Д)20
Жауабы:А
2.Түрік сына жазуының көне ескерткіштері
А) «Алтын киімді адам»
В) «Күлтегін,Тоныкөк»
С) «Оғызнама»
Д) «Теле»
Жауабы:В
3. «Күлтегін» жазуының авторы
А)Яксарт
В)Уалиханов
С)Йолыг-тегін
Д)Итиль
Жауабы:С
4. «Ескі», «көне» деген ұғымды білдіретін сөз
А) «Руна»
В) Қаған
С)Дың
Д)Соғды
Жауабы:А
5 .Білге қаған,Күлтегін,Тоныкөк ескерткіштері қай жерден табылған
А)Қытайдан
В)Византиядан
С)Монғолиядан
Д) Үндістаннан
Жауабы:А

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Оқушы төмендегі тест жауаптарын дұрыс таңдай біледі. Берілген сұрақтарындың жауабын дұрыс белгілейді
Өз пікірін дәлелді жеткізе алады.

Т.Ж

«Ұқсастық пен даралық» тәсілі.

Оқушылар «Күлтегін» жыры мен батырлар жырын салыстырады. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ.

«Күлтегін» жыры мен батырлар жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңыздар

2-топ.

Күлтегін батыр мен Алпамыс батырдың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар

3- топ.

Күлтегін батырдың астына мінге аты мен Алпамыс батырдың атын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.

4- топ

Күлтегін батырға ақыл кеңес беретін Тоңыкөкті батырлар жырында батырларға ақыл- кеңес беретін тұлғалармен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жүргізіңіз. (Оқушылар белгілі бір батырлар жырын таңдай алады. Мысалы, «Қобланды батыр, «Алпамыс батыр» т.с.с)

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерге салыстыру жұмысын жүргізеді «Күлтегін» жырындағы эпизодтар мен бейнелерді батырлар жырындағы эпизод пен бейнелер арқылы салыстырады
Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады

Бағалау. «Микрафон» әдісі. Мұғалім жеке оқушыларға микрафон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы бағалатады және ұсыныстар айтқызады.

Топтық бағалау
Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Үйге тапсырма: «Күлтегін шығармасын әсерлі етіп тұрған не?» деген тақырыпта сыни шолу жазып келу.

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ