«Көне аспаптар сыр шертеді» атты ашық сабақ

0
2145
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көне аспаптар сыр шертеді»

Мақсаты:

Білімділік: сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемдігін қабылдау, ән айту, музыка тыңдау, қимыл-ырғақ, сурет салу, ойындар ойнату, оқушылардың музыка өнеріне баулу.

Дамытушылық: ой қозғау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге, рухани – танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу.

Көрнекілік: суреттер, музыкалық аспаптар, интерактивті тақта.

Әдісі: дамыта отырып оқыту, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,математика, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Сабақ барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі: музыка  ырғағымен  амандасу.

Сұрақ-жауап: — Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптарқалай аталады?

-Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?

— Ұрмалы аспаптарды ата.

— Үріп ойнайтын асаптарды ата.

— Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?

Аспаптар дыбысын тыңдату: — Бұл қандай аспаптың дыбысы? (қобыз, сыбызғы, дауылпаз)

«Ұйқасын тап» ойыны.

  • Менің ағам Сансызбай,
  • Жасады маған….(сазсырнай)
  • Жылаған соң інімді аяп,
  • Жасап бердім….. (асатаяқ)
  • Тоныма орап кетіп ем,
  • Бүлінбепті…… (жетіген)
  1. Жаңа сабақ.

«Бұл қандай аспап?» ойыны.

Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспапатың суретін  тек қана отырған оқушыларға көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды, тақтаның алдындағы тұрған оқушы табады.

Қобыз бен скрипка аспаптары туралы түсіндіру.

Қобыз-қазақтың көне ысқышты аспабы. Бұл аспапты Қорқыт ата шығарған.Қобызды ысқышпен ысып ойнайды. Ағаштан жасалады. Ішектері қылдан жасалған кейінірек сым темірден жасады.

Скрипка- қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келген. Скрипканы «музыкалық аспаптар патшайымы» деп атайды. Қобыз аспабы мен скрипка аспабы ұқсас келеді, екеуі де ысқышты, айырмашылығы: қобызды екі аяқпен қысып отырып, ішектерін тырнақпен итеріп ойнайды, ал скрипканы иыққа қойып, ішектерін үстінен саусақпен басып ойнайды.

«Табиғат құбылыстар» ойыны.

Мұғалім: «Жай жаңбыр»

Оқушылар: саусақтармен жай тырсылдатады.

Мұғалім: «Қатты жаңбыр»

Оқушылар: саусақтармен тез тырсылдатады.

Мұғалім: «Жел тұрды»

Балалар: ысылдайды.

Мұғалім: Боран соқты

Балалар: гуілдейді.

Мұғалім: Қар жауып кетті.

Балалар: қол шапалақтайды.

Дауыс жаттығулары: С-dur гаммасы-ми-и-и-и-а. Жай бастап дыбыстарын бірте-бірте күшейтеді.

Ән айту:  Б.Бейсенова «Жаңа жыл келді»

Қорытынды: сұрақ-жауап.

  • Скрипка қандай аспапқа ұқсайды?
  • Скрипка қай елдің аспабы?
  • Скрипканы қалай ойнады?
  • Ал, қобызды қалай ойнайды?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ