Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді

1
2056

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше  5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз», — деді Қ.Тоқаев.

Грант кімдерге беріледі?

Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған халықтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі болатындығын баса айтты.

Шарттары қандай? 

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін өткен Үкіметтің баспасөз орталығында 5 мың гранттардың шарттары жайлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов толығырақ айтып берді.

Асхат Аймағамбетов

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар — ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар — олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.

 


1 ПІКІР

  1. Сәлеметсізбе мен 2020 түлегі боламын.Мен Ұлттық Біріңғай Тестілеуден биалогия химия панін тандағанмын медицина саласына грантқа түскім келген.Мен кешегі өткен ҰБТ дан өзім қалаған балымды алалмаи қалдм бар жоғы 55 ақ өкінішті.Біз көпбалалы отбасымыз.Мен осы грантты ала аламынба көпбалалы отбасыларға деп бөліп жатқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ