Көшбасшы мұғалім – дамыту жұмыстарының негізі

0
3605
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Қазіргі заманда мұғалім  өзгеруі керек деген оймен «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы  деңгейлік курсты аяқтадым. Себебі, мен қызмет атқарып жүрген мектебімдегі бастауыш сынып мұғалімдерінің  оқып келгеннен кейінгі өзгерістері мені бейжай қалдырмады.

Қазір әлем жылдам өзгеріп жатқандықтан болашақпен бірге, жаңашыл болуға ұмтылуым қажет деген ой маған маза бермеді. Өйткені бүгінгі таңда өзгеріссіз қалу, көштың соңында қалғанмен бірдей деп есептедім. Осы оқуға бармай тұрғанға дейін мен өзімді патриот санап келдім. Оқуды аяқтағаннан кейін ойым да, санам да, көзқарасым да өзгерді, себебі мен — көшбасшымын.

Көшбасшы — жол таба біледі, өзгелерге жол көрсете алады, өзіне жүктелген міндетті сезіне біліп, ауыртпақшылықты төзіп, ұжыммен ынтымақтастықта жұмыс жасай алатын адам деп түсінемін.

Халқымыздағы «Жүк ауырын нар көтерер» деген мақалдың орынды айтылғанына көзім жетті. Көшбасшы мұғалім мектепті дамыту жұмыстарына белсене араласып қана қоймай, туындаған мәселелерді шеше біле алатындығын нәтижеге бағытталған жұмыстарынан көруге болады.

Мектептің  дамыту жұмыстарына өз үлесімді қосудамын. Мектепте құрылған «Дамытушы» топ мүшесімін. Мақсатым жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында курстан өтпеген мұғалімдерге қолдау жасап, әдістемелік көмек көрсету. Тәлім алушым музыка пәнінің мұғалімі. Белгілі жоспарға сай жұмыстар атқарудамын.

Әріптестеріммен  тәжірибе бөлісе отырып, оларды серіктестікке тартып, әр атқарған жұмысымыз бен қолданған әдіс-тәсілдеріміз жайлы рефлексия жасаймын, әріптестерімнің сабақтарына қатысып, олармен іс-тәжірибе алмасып қана қоймай,  зерттеу жүргізу мақсатында үнемі ізденемін.

Ұстаздарың кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында құрылған «Шебер ұстаз» жобасының белсенді мүшесімін. Өткен оқу жылында бірталай жұмыстар атқардық. Мектепте өткен аудандық семинарларда өзімді көшбасшы ретінде көрсетіп, іс – тәжірибеммен бөлістім. Осы оқу жылында да жұмыстар жалғасуда.

 Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, сабақта оқушылардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, оқушының бойында өз ойын еркін айта алатын, көшбасшылық сияқты қабілеттерін айқындау мақсатында сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. 

Ендеше, алдыңдағы балаларды зерттеп, бағдарламаның жеті модулін өз сабағымда ықпалдастырып, жылдам өзгеріп жатқан әлемде бүлдіршіндерге жаңа бағытта сапалы білім беріп, сол білімді өмірде қолдана ала алатындай шәкірт тәрбиелеу жолында жұмыстар жалғасын табуда.

Сабақтарымда «ЖИГСО», «Ара», «Өрмекшінің өрмегі», «Ойлан, жұптас, пікірлес» т.б әдістерін пайдаландым, сол арқылы сабағымда жоспарланған мақсатыма бір қадам болса да жақындадым. Бағдарламаның идеяларын іске асыру үшін өз сабақтарымда жиі топтық және жұптық жұмыс түрін қолданамын. Мысалы, әдебиеттік оқу сабақтарында берілген тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өз пікірін айтады, талқылайды, дауласады, бірігіп шешімдер іздейді, диалогқа түседі. Осындай жұмыстарда сөйлемей қалмайтын оқушы болмайды.

Мұнда мұғалім тек оқу процесінің ұйымдастырушысы, топ жетекшісі ретінде әрекет етеді. Оқушылардың тақырыпты түсінгендерін анықтауға, адамдардың жеке пікірлері бар екенін білуге, балалардың танымдық дамуына, мұғалімген оқу процесінде оқушылардың қай кезеңде тұрғандарын түсінуге, оқушылардың бірлесіп әңгімелесуі сыныпта үлкен пайдасын тигізеді.

Диалогтік оқыту арқылы оқушылармен жұмыстар жүргізіп келемін. Диалогтік оқытуды тиімді пайдалану оқу сапасын арттыруына сенімім мол. Диалог барысында оқушылар мен мұғалімдер тең құқылы серіктес болып келеді, келісілген нәтижеге қол жеткізу үшін барлық күш – жігерлерін жұмсауға тырысады.

Сабақта мәтінмен жұмыс жасауда сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға жауап табу мақсатынды топта бірігіп жұмыс жасап, диалогке түседі, сөз тізбектерін құрастырады. Сөйтіп еш қиындықсыз оқушылар толық мәтіннің сұрағына жауап табады.

Нәтижеге жету үшін ұстаз сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануы тиіс және әр қолданылған әдістің нәтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын жасап тұруы қажет деген ойдамын.

Алтайбаева Гулимжан Кенжетайкызы

Жарық  жалпы орта білім беру мектебі

Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин кенті

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ