Көшбасшының IQ, EQ және VQ көрсеткіштері қандай болуы керек?

0
1693
Иллюстрация: Freepik.com

  Фильмдерде IQ деңгейі жоғары адамдарды мықты тұлға қылып, жетістікке жеткен адам ретінде көрсетіп жатады. Бірақ өмірде шынымен жетістікке жету үшін тек білімді болу жеткіліксіз.

Біраз жыл бұрын үлкен компанияларға қызметкерді жұмысқа алғанда, IQ деңгейі 110-нан жоғары болуы керек деген талап қойылса, соңғы 5-10 жылдықта EQ деңгейін де ескеретін болды. Себебі IQ деңгейі қанша жоғары болғанымен, өмірде, жұмыс барысында оның тек 20%-ы қолданылады. Қалған  80% – адамның жұмыс барысындағы ЭМОЦИОНАЛДЫ интеллектісі (EQ) мен ЭНЕРГИЯ коэффицентіне (VQ) байланысты. IQ  логиканың мықтылығы мен аналитикалық көзқарасты, тұлғаның білімділігін көрсетеді. Алайда эмоцияны басқара алмасаңыз, жұмысқа тұра алмайсыз. Себебі өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсінбейтін, экстремалды оқиғалар кезінде ашу мен қорқынышты тежеп, дұрыс шешім қабылдай алмайтын жұмысшы ешкімге   қажет емес.

Одан бөлек, біздің көшбасшы болуымызға әсер ететін тағы бір фактор – VQ (энергия көрсеткіші), өзіңізге және айналаңыздағы жандарға қаншалықты қуат бере аласыз? Наполеон IQ мен VQ байланысты өз сарбаздарын 4-ке бөлген:

1) Жоғары интеллект пен жоғары энергияға ие адамдар – ГЕНЕРАЛ БОЛАДЫ!

2) Интеллектісі жоғары, бірақ энергиясы (моральный дух) аз адамдар – ҚОЛБАСШЫ.

3) Интеллектісі және энергиясы аз адамдар, бұйрықтар мен тапсырмаларды орындайтын – САРБАЗДАР.

4) Ал интеллектісі төмен және энергиясы көптер – ЕҢ ҚАУІПТІСІ.
Оларды офицерлер құрамынан шығарып тастайтын. Өйткені олардың теріс бағытқа бағытталған белсенді әрекеттері пайдадан гөрі, зиянын көп әкелетін.

Тек білім ала берген, 5-ке оқитын үздіктердің  табысты көшбасшы бола бермейтіні осыған байланысты. Ең қуантатыны, бұл үш көрсеткішті дамытып, көтеруге болады. Энергия мөлшерін спорт пен түрлі курстар, медитациялық сабақтар арқылы арттыруға мүмкіндік бар.  Эмоционалдық көрсеткішті көтеруге – білікті психолог көмектесе алады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ