Көтеш Райымбекұлы

0
3784
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Көтеш Райымбекұлы (1718 – 1798)   – 18 ғасырда  өмір  сүрген  ақын.  Қазіргі  Повладар  облысы,  Баянауыл  ауданында  туып — өскен.  Арғы  атасы – Тұрлыбек.   Халық  аңызы  бойынша,  ақын  1798  жылдары  80  жастан  асқан  кезінде  өлген.

Сексен  ерікке  қоймады – ау  қалжыратып,

Қайтып  өлең  айтып  жатармын  алжып  жатып,

Сексен  түгіл  тоқсан  болмас  едім,

Ұсақ  турап  ет  берсең  балбыратып, —

Көтеш  Райымбекұлы ақындықпен  жас  кезінен  шұғылданған.  Әуелі  елдегі  айтыс  дәстүрі  боынша  танылып,  арнау   өлеңдер  айтып  жүрген.  Кейін  әлеуметтік  мәселелерге  үн  қосып  жүрген,  елінің  тарихын,  жауға  қарсы   жорықтарын,   өз  дәуірінің  келесі  мәселелерін  көтеріп  отырған.

Көтеш  Райымбекұлын біз  ақындар  поэзиясының   бастапқы   өкілі,  аты  мәлім  ақындық  өнердің  тұңғышы  дейміз.

Қазақ  ССР  Ғылым  акедеитясының  қолжазба  қорында  Көтеш  айқан  осы  « Қара  таудың  басынан  көш  келеді»  өлеңінің  бір  нұсқасы  жатыр.  Оны  Көтеш  құдаларына  кәде  ретінде   айтыпты – мыс.

 

Қара  таудың  басынан  көш  келеді,

Көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді.

Жақсы  қыздың  үйіне  күйеу  болсаң,

Табақ – табақ  алдыңа  төс  келеді… 

 

Көтеш ақын өлеңсіз  сөйлемеген.  Ол   ензкелген  сөзін  тұспалдап,  өлеңдете  жөнелетін  қас  жүйріктің  өзі  болған.

Қайын  атасына  барғанда  одан  мал  сұрап  мазасын  алады.  Сона  қасындағы  Жәуке  биге  шағынып,  ақын  былай  депті:

Атам  ата  болмады  қалмақ  болды,

Қызын  берсе  атымды  алмақ  болды.

Алты  ешкі,  жалғыз  қойын  базарға  айдап,

Қызыл  тілді  ақ  жамбы  алмақ  болды.

 

Көтеш Райымбекұлы  өлеңдері  түгел  жиналған  жоқ.  Бірақ  ақаынның  біз  жоғарыда   еске  салып  өткен  өлеңдерінің   өзі – ақ  оның  кезінде  ірі  ақын  болғанын  байқатады


ПІКІР ҚАЛДЫРУ