«Көжекпен ойнайық» (дидактикалық ойын )

0
3972
Дене шынықтыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспект-жоспары

Тақырыбы: «Көжекпен ойнайық» (дидактикалық ойын )

Өтпелі тақырып: «Дені саудың –жаны сау»

Тақырыпша: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»

Тобы: «Құлыншақ»

Күні: 15.11.2018

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

Білімділік : Сөйлемді толық құрауға,етістік сөздерді қолдана білуге үйрету,дыбысты анық айтуға дағдыландыру. Ойынды аяғына дейін аяақтауға үйрету.

Дамытушылық : Сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Жануарларға деген сүйспеншілік оятуға  тәрбиелеу.

Әдістемелік әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік,

дидактикалық ойындар, бой сергіту

жаттығулары.

Көрнекіліктер:суреттер, слайд, резеңкелер, қыстырғыштар

Билингвальді компонент: Көжек-зайчик, ұзын-длинный, сұр-серый

Кіріспе:І. Балалар, көңіл-күйлерің қалай ? Енді өзіміз көңіл-күйімізді көтеріп бір көңілді өлең шумағын айтып қонақтармен амандасып алайық.

Қол алысып, қане біз

Достасайық бәріміз.

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Бәріңізге амандасып

Басымызды иеміз.

Осы айдың тақырыбы «Дені саудың — жаны сау». Айтыңдаршы деніміз сау болу үшін, ауырмау үшін не істеуіміз керек ?

-Дұрыс айтасыңдар, дәрумендер ішуіміз керек, жаттығу жасауымыз керек және спортпен айналысуымыз керек екен.

Бүгінгі оқу қызметінде мына сөздерді кездестіріп, айтамыз.

Билингвальді компонент: Көжек-зайчик, ұзын-длинный, сұр-серый

Негізгі: І.Жаңа тақырып:

-Бізде сөйлеуді дамыту пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметі болады.

-Енді экранға назар аударайық, не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, бұл кішкентай көжек екен. көжек қоянның баласы. Бұл көжек бүгін сендерге қонаққа келіпті және сендерге бірнеше ойын ала келіпті. Ойынды ойнамас бұрын көжек туралы өз ойларымызды айтайықшы. Қане ортаға Елдар келе ғой. Көжектің неше құлағы бар екен соны айтып көрсетші. Айкөркем неше көзі бар соны айтшы. Көжек кішкентай екен оның анасы үлкен қоян.

Бәріміз бірге көжек сөзін буынға бөліп айтайық

Кө-жек (2-і буын)

Қо-ян (2-і буын)

Құ-лақ (2-і буын)

Енді 1-ші ойынды ойнайық:

Көжек айтады менің жақсы көретін тағамымды жасаңдар деп, ол қандай тағам. Көжек не жақсы көреді?

Воскабович әдісі геокант :

Шарты:Балалар үстел басына отырып резеңкелерден сәбіз құрастырып жазады.

Тәрбиеші: жақсы балалар, қолдарың шаршаған шығар.Саусақ жаттығуын жасап бір сергіп алайық.

Саусақ жаттығуы

Қырық қабатты кесеміз,

Сәбізді үгіміз

бәрін тұздаймыз,

Араластырамыз, мыжыймыз.

2-ші ойын ( қыстырғыштар)

Тәрбиеші: балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

күзден кейін қандай жыл мезгілі басталады?

көжектің екінші ойыны жыл мезгілдерін екі топқа бөліп қыстырғыштармен қыстырыңдар дейді. дидактикалық ойынды ойнайық. Берілген тапсырманың ішінде олда бар екен.

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»

Шарты: жыл мезгілдерін екі топқа бөліп қыстырғыштармен қыстырады.

Тәрбиеші: балалар, шаршаған баларсыңдар, бір қимылды ойын ойнап бойымызды сергітіп алайық

Қимылды ойын: «Көжектер мен түлкі»

Шарты: көжектер би билеп сәбіз теріп жүреді, қасқыр келіп қуады. Көжектер шеңбер ішіне кіріп үлгеру керек.

Тәрбиеші: жақсы балалар, енді орнымызға отырамыз. Көжектің соңғы ойынын ойнайық.

3-ші ойын ( компютьер)

Жұптық жұмыс компютерьден дұрыс жауабын тауып көрсету керек.

-санын табады)

Тәрбиеші: Балалар, көжектің барлық ойынын ойнадық. Олда қуанып жатыр. Сендер ойынды дұрыс ойнағандарың үшін рахмет айтып сендерге мына тәтті сыйлықты сыйлайды

Қорытынды:

Тәрбиші:

Бізге не қонаққа келді?

-Ол қандай ойындар бізге әкелді?

-Сендерге ойындар ұнады ма?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Арайлым Калмаганбетова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ