Қабыршақ, оның түрлері мен құрылысы, айырмашылықтар мен ұқсастықтар \r\n\r\nЖоспары:\r\n
- \r\n
- Қабыршақ, оның түрлері мен құрылысы
- Плакоидты қабыршақ
- Ганоидты қабыршақ
- Космоидты қабыршақ
- Сүйекті қабыршақ
- Қорытынды
- Сұрақтар
- Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nБарлық нағыз балықтардың қабыршақтары болады, бірақ олардың даму дәрежесі түрлі балықтарда түрліше. Кейбір балықтар, мысалы жайындар, скаттар, миногалар мен миксиналар эволюция барысында қабыршақтарын жоғалтқан, бұл екінші құбылыс болып табылады. Қабыршақтардың мөлшері – микроскопиялық мөлшерден (жыланбалықтарда-угорьларда) бірнеше см-ге (Үнді сүгені) жетеді. Бұлардың формасы да алуантүрлі.\r\n\r\n Қабыршақтың 4 типін (кейбір авторлар 3 типін) ажыратады. Олар: плакоидты, ганоидты, космоидты (кейбір авторлар бұл қабыршақты ганоидты қабыршақтың қарапайым түрі деп қарастырады) және сүйекті.\r\n\r\nПлакоидты қабыршақ – ең көне, тек акулалар мен скаттарда сақталған. Тақтайшадан және оның үстінде орналасқан істіктен тұрады. Ол сыртынан эмаль, ішіне қарай дентин затымен қапталған. Оның ішінде пульпа болады. Ескі қабыршақтар түсіп оның орнына жаңасы өсіп отырады. Шеміршекті балықтардың барлық тікенектері ( мысалы, скаттардың арқасы мен құрсағындағы) өзгерген плакоидты қабыршақтар, тістері де – осылар.\r\n\r\nГаноидты қабыршақ – қазба балықтарға тән. Ромбыпішіндес, бір-бірімен тығыз байланысып тұтасып жатады, сауытсияқты, яғни денесі сауыт ішінде орналасқан болып табылады. Қабыршақтың бұлай аталуы дентинтәрізді зат – ганоинның болуы, ол сүйекті тақтайшада қалың қабат болып жатады. Ганоидты қабыршақ қазір көпқанаттылар мен сауытты шортандарда, сол сияқты бекіре балықтарының құйрық қанатының үстіңгі қалағында орналасқан шанышқы тәрізді сүйек (фулькралар) және 5 қатар орналасқан шытыра сүйектер түрінде кездеседі. Шытыра сүйектер — бірнеше ганоидты қабыршақтардың қосылуынан пайда болған сүйектер. Ганоидты қабыршақ 3 қабаттан: үстіңгі тығыз ганоин қабатынан, ортаңғы өзектері бар космин қабатынан және сүйекті заттан – изопединнен тұратын төменгі қабаттан тұрады. \r\n\r\nКосмоидты қабыршақтардыңганоидты қабыршақтардан ерекшелігі – үстіңгі ганоин қабаты болмайды. Бұл қабыршақ саусаққанатты балықтарда кездеседі. Бірте-бірте өзгеріп қабыршақ ганоин затын жоғалтады. Қазіргі сүйекті балықтарда бұлар жоқ, ал қабыршақ тек сүйекті тақтайшалардан тұрады, яғни сүйекті қабыршақтар. Бұл қабыршақтар циклоидты және ктеноидты деп бөлінеді. Екеуіде туыс, бірақ циклоидты қабыршақ төмен ұйымдасқан балықтарда кездеседі. Кейбір балықтардың аталықтарында ктеноидты, ал аналықтарында циклоидты қабыршақтар болады. Екеуі де бірдей кездесетін балықтарда бар (мысалы, Liopsetta туысына жататын камбалалар).\r\n\r\n Әрбір қабыршақ кориумдегі (кутис, дерма) ойықта – қабыршақ қалтасындақалыптаса бастайды, бос ұшы қалтадан шығып, алдындағы қабыршақтың үстін басады. Қабыршақтардың осылай орналасуы балықтардың оңай иіліп-керілуіне мүмкіндік береді. Қабыршақтар қатар бойымен орналасады. Қатарлар саны және ондағы қабыршақтар саны балықтардың жасына қарай өзгермейді, бұлар систематикалық көрсеткіштер болып табылады. Әрбір қабыршақтан 2 қабатты ажыратуға болады. Олар: үстіңгі қақпақты қабат және астыңғы базальды қабат. Үстіңгі қабатта сақиналы орналасқан қыршалар-склериттер болады. Склериттердің түзілуі белгілі бір кезеңдермен байланысты, бұл қатарлар балықтың жасын анықтағанда (жылдық сақиналар) және өсудің керіесебін шығаруға қолданылады (бұл балықтың жасын анықтауда есте ұстайтын нәрсе!!!). Қабыршақтың ұшына қарай ең кішкентай (жіңішке) және ең кәрі пластинка, ал түбінде ең ірі (жуан) жас пластинка болады. Осы пластинкалар саны балықтың жасына сәйкес келеді. Бұлардан (қабыршақтардан) басқа дерма қабатында бас қаңқасы мен кеуде жүзбеқанаттарының белдеулерінің жабынды сүйектері пайда болады. Қабыршақтың өсуі – шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады, үшінші жылы оның астында онан да үлкен пластинка пайда болады, солай өмірінің аяғына дейін созыла береді. Сонымен қабыршақтың үстінде ең кішкентай және ең кәрі пластинка, ал астында – ең үлкен жас пластинка болады. Осы пластинкалардың саны балықтың жасына сәйкес келеді. Төменгі қабатың үстіндегі минералданған ортаңғы қабата склерит деп аталатын қыршалар болады.Балық тез өскенде склериттер бір – бірінен алшақ орналасқан, әрі қыры биіктеу, ал өсуі баяулағанда – склериттер бір – біріне жақын әрі аласа. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді. Склеритер жақын орналасқан зонаның ( әдетте қоңырлау ) сыртқы жиегін жылдық саөина деп атайды, бұл зонаның санын анықтау балықтар балықтар жасын анықтауға мүмкіндік береді.\r\n\r\nҚорытынды \r\n\r\nКөпшілік балықтардың қабыршағы болады, бірақ жайындар мен кейбір басқа балықтарда , сондай – ақ дөңгелекауыздыларда болмайды. Қабыршақ балықтың дене бетінің тегістігін қамтамасыз етеді, сонысымен олар жүзген уақытта балықтардың бүйірлерінде теріде пайда болатын қыртыстарды болдырмайды. Қабыршақтың 4 типін ажыратады: плакоидты, ганоидты, космоидты ( ганоидты қабыршақтың қарапайым түрі деп есептелінеді ) және сүйекті – бұлар ертеде пайда болған плакоидты қабыршақтың туындылары деп саналады. Қабыршақтар терінің негізгі қабатының ( дерма ) туындылары.\r\n\r\n \r\n\r\nСұрақтар\r\n
- \r\n
- Қабыршақтар, олардың түрлері және бір-бірінен қандай айырмашылықтар болады?
- Кориум қабатынан қандай жабынды сүйекткр пайда болады?
\r\n
\r\n
\r\n 3.Ганоидты қабыршақ қандай балықтарға тән?\r\n\r\n 4.Плакоидты қабыршақ қандай балықтарға тән?\r\n\r\n 5.Сүйекті циклоидты қабыршақтар қандайбалықтарға тән?\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттерге сілтеме:\r\n\r\n \r\n\r\n1.Бәйімбет Ә. «Ихтиология негіздері». 1- бөлім. Алматы, 2005. 19-29 бет.\r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Жұмалиев М, Бәйімбет Ә, Есжанов Б. «Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері». Алматы,2009
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n