Казақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық

0
8703
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Казақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық

Этномәдениетті диахронды жөне синхронды талдау дәстүр мен жаңашылдықтың (инновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы орынға шығарады. Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам болмысының тәсілін білдіреді және бұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік-мәдени тәжірибесін тасымалдаумен анықталады. «Тіл мен мәдениет, — деп жазады И.Гердер, — өзінің бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден алады».

Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол кезенді дәстүрлі деп те атайды). Жазу болмаған жағдайында мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді. Американдық этнограф Маргарет Мид дәстүрлі мәдениеттің осы ерекшеліктеріне көңіл аударады және оны постфигуративті деп атайды. Бұл мәдениетте дәстүрлер басым-дылық маңызға ие болады, байланыс үлкеннен кішіге қарай жүріп, өткен шақ біржақты түрде болашақты айқындайды. Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік сақталады. «Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін», — деп жариялайды постфигуративті мәдениет өкілі.

Алайда, мәдениеттегі дәстүршілдік тоқырау мен алғашқы қауымдылық көрінісі емес. Этномәдениет түбірлерін дәл осы дәстүрлік кезеңнен іздеу қасиет, оның архетиптері осы тарихи кесіндіде қалыптасады.

Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында мәдениеттанымдық еңбектерде мифологиялық, дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А.Х.Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезендерді бөліп алады: «1. Мифология. 2. Ренессанс (жаңғыру). 3.Ағартушылық».

Біздің ойымызша қазақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық үдерістердің жойқын күші Исламдық Ренессанстың біріктіруші шеңберін бұзып шықты. Бұл үдерісті әр түрлі бағалауға болады. Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер және т.б.) тұрғысынан көшпелі орталық-азиялық империялардың құлауы жағымды оқиға болды. Бірақ, сонымен бір мезгілде көрші отырықшы империялар бас көтеріп, номадтарды жаулап алуға дайындалды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғүрлым толық сіңірген, өйткені ол XX ғасырдың басына дейін көшпелі мал шаруашылығын сақтап келді.

Мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақыттың белгілі бір социум өмір қамының негізі ретіндегі түсінігімен байланысты. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде уақыт адамнан бөлінбеген және «уақытты өткізу (немесе өлтіру)» ол үшін мүлдем жат.

Дәстүрлі медениет уақыттың түп-түзу желілік емес, циклдік өлшемін пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер (ырғақтар) жатады. Мысалы, қазақтың ай атауларын алайық: «көкек» — құстардың оралу уақыты, «мамыр» — жаңару кезеңі, «отамалы» — мал барынша тойынады, «қазан» — шөптің таусылуы, «қаңтар» — күннің қысқарылуы, қаңтарылуы және т.б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың тура өлшемдері орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт пісірім», «бие сауым» және т.б. қолданады.

Егер Батыс мәдениетінде (бос кеңістік және абсолюттік шексіздік идеясына негізделген) адам «күнделікті тірлікпен» басылып қалса, номад бүл мәселені шеше алды. Табиғатпен оңаша қалған адамға әрбір мезет құнды және бүл әлемдегі өз болмысы үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. «Қалай жағдай?» деген сүраққа көшпенді жақсы көңіл-күймен «әдеттегідей» деп жауап береді.

Номадтың дәстүрлі мөдениеті болмыстың тұлғалық, тылсымдық ырғақтарына мөн береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан «бақи дүниеге» өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі беріледі. Ең басты шарт — «адам болу» (Абай).

Жыл санаудың он екі жылдык белгілі циклін жеке тұлғаның өзіне де қолдануға болады. Циклдер арасындағы аралық жылдар ерекше маңызға ие болады (мүшел жас — 13, 25, 37, 49, 61…). Күн белсенділігінің он бір жылдық циклдері де өмір қамы ырғақтарына ықпал етеді. Өзге мысал: Ресей профессоры А.Жабин 11842 белгілі қайраткердің өмірбаянын зерттей келе, адамдардың шығармашылық белсенділігінің 15 жылдық циклі болады деген қорытындыға келді («Известия», 1996, 24 шілде). Жыл санаудың он екі жыддық циклінен өзге қазақтарда «козы жасы» — 10 жас, «қой жасы» — 15 жас, «жылқы жасы» — 25 жас және «патша жасы» — 40 жас туралы көзқарастар да кездеседі.

Дәстүрлі мәдениетте уақыт басымдылығын жоғалтып, жаңашылдықтарға бейімделе бастайды. Мысалы, көшпенділердің дәстүрлі құдайы Тәңірі уақыт өте келе Алла бейнесімен бірігіп кетеді, Албасты бірте-бірте исламның зұлым рухтары қасиеттерін бойына сіңіріп, ал Баба түкті Шашты Әзиз мұсылман әулиесіне айналады. Осы түрғыда бұл мәселені А.Байтұрсынов өзінің «Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі» мақаласында қарастырады. «Кең байтақ… жөне өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ даласы өз ұлдарына үлтгық сипат пен халықтық ерекше бет-бейнені әуел бастапқы тазалығын бүлдірмей, ұзақ уақыт сақтап қалуға септігін тигізді. Сыртқы ықпалдан жерана арқылы қорғалған қазақтар әдет-ғүрпын, өз халқына (номадқа) тән өзіндік өмір төртібін сақтап қалды».

«Қобыланды» эпосының бірнеше нұсқасы болды. Оның қыпшақтык нұқасында тәңіршілдік пен шаманизмнің көптеген элементтері кездеседі және бүл қазақтардың исламға өту жағдайын бейнелейді. Бұрынғы наным-сенім көрінісі ретінде кейіпкердің бірінің анасы Көктен кемпір мифтік қырымен ерекшеленеді. Эпоста жаңа, мұсылман дініне амалсыз орын берген ескі наным-сенімге деген халықтың терең ықыласы байқалады. Кейіпкердің анасы Аналық — мұсылман әйелінің символы. «Бұл — өзгенің қуанышымен және қайғысымен өмір сүретін әйел» (Ә.Бөкейханов). Оның күйеуі ескі номадтық тәртіптерді, ата-бабаның наным-сенімін үмыткысы келмейді. Ол бағынышты жан ретіндегі әйелге деген мұсылмандық көзқарасты қабылдағысы келмейді.

Қазақтардың дәстүрлі мәдениетін карастырғанда бірнеше тарихи параллель (салыстыру) жүргізуге болады. Батыс Рим империясының қүлауымен Еуропада қаһармандық ғасырлар орнайды. Алайда батырлық кодекстің осалдығы онын институционалды емес, жеке тұлғалық сипат алуында болды. Көсемге деген адалдық индивидуалдық әлеуметтік жүйеге сүйенеді. Ұзақ уақытқа шыдайтын берік әлеуметтік жөне саяси институттар құруға батырлар қабілетті емес. Оның мысалын Атилланың өлімінен кейін батыс ғұндардың құлауынан байқауға болады. Қазақ мәдениеті дәстүрлі кезеңінің өзіндік санасының үстем формасы батырлық эпосы болып табылады. Эпос әлемі әдетте дәстүрлі. Онда қиын-қыстау ахуалдардағы жүріс-тұрыс қалыптары (агрессияны тойтару, стихиямен күрес және т.б.) көрініс табады. Эпикалық дәстүрлі кеңістік мынадай оппозицияға негізделеді: «біздікі жоне біздікі емес (бөтен)», «достар — дұшпандар». Және бұл белгілі бір формаға ие болады. Мысалы, қазақтың батырлық жырларында шексіз дала «біздікі» деп есептеледі және оның ар жағында жау бар деп саналады. Батырлық кезең әрқашан да оқиғаларға толы, қиын-қыстау ахуалдарда ол қоюлана түседі. Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтілік (сақталу) және динамикалық (өзгермелі), архаикалық (көне), актуалды (өзекті) жәнс футуристік (келешекті) деп бөлуге болады (Л.Н.Гумилев, А.Тойнби). Бұл жерде біз моральдық бағалауға ұмтылмаймыз. Мысалы, тоталитарлық жүйеде утопиялық болашаққа (коммунизмге) бола бүгінгі күн құрбан болатын. Және қазіргі кейбір саясаткерлер де күйзелген халықты былайша жұбатады: «Шыдай тұрыңдар, нарық деген жарқын болашақ орнайды». Алайда, әдетте болашаққа бағдар ұстанған динамикалық жүйелер өміршең болып келеді. Уақыттың өткен шактан бүгінгі арқылы болашаққа қарай ағатыны сияқты жаңашылдық мәдениеттер де үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.

Зсрттеу объектіне қайта оралайық. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті утопиядан бас тартып, антиутопияға бағдар ұтанғанын тарихи талдаулар дәлелдейді. Қаһармандық ғасырларға қарамастан «Гүлстан» және  «Жерұйық» идеяларын «Зар заман» идеясы алмастырды. Қазақ утопиясы өз бастауын Шыңғыс тұқымдарының номадалық ұлыстары дағдарысы кезеңінен алады. Бұл идеяның классикалық көрінісі «Бірінші қазақ философы» Асан қайғы (Ш.Уөлиханов) шығармаларында орын алады. Асан «Жерүұығы» өзінің амбиваленттілігімен сипатталады: «жұмақ бағы» Тәртіп пен Хаостьвд, адам мен табиғаттың, өлім мен мәнгіліктің, дәстүр мен жаңашылдықтың жарасымдылығы болып табылады. Тарихи тағдырға орай және саясатта көрініс табады. Мысалы, Германияда архаизм көрінісі ретінде — тевтонизм мен таза арийлік идеяны жандандыру, Израильде әлі тіл — ивритті тірілту, Үндістанда санскритті тірілту сияқты талпыныстарды айтуға болады. Дәстүршілдік дүниетаным тірі жүйелерді ұйымдастырудың фундаментальды принциптеріне сәйкес келмейді. Дж.Холденнің эволюциялық ілімі бойынша тұйық жүйелер дегенерацияға ұшырайды. Росс Эшби кибернетикасы жабық және қатаң жүйелерде энтропия ұлғаяды және коллапс туады деп түжырымдайды. Қазақстандағы азаматтық қоғамды рулық-тайпалық басқару мен хандық билікке алмастыруға, исламды тәңірішілдікпен және шаманизммен алмастыруға т.б. шақырған ұстанымдарды архаизм ретінде бағалауға болады.

Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу тек осы мәселемен айналысатындар үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар бүгінгі күн адамдарының өзара адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау» үшін де қажет, болашақта адамзаттың адамгершілік үдерісі заңдарын дүрыс түсінуге де көмек береді. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Біз бұл жерде белгілі философ О.А.Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығы дамуы барысындағы үш кезеңге бөлінген жіктемені келтіреміз:

а) шартты түрде жыраулар дөуірі деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы);

ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы);

б) ақындардың өзіндік сайысы — айтыстың пайда болуымен
байланысты кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Асан қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.), Доспанбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз (1465-1560), Ақтамберді (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) және т.б. -өз дәуірінің философиялық идеалдарын білдірген ойшылдардың бүтіндей бір шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш-жігерді қорытты. Кез келген даму идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендігі белгілі. Осыған орай біз ақын-жыраулар дүниетанымы қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені, олардың өздерін де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырдұы. Олардың қатарына ертетүркі әдеби ескерткіштерін, дала тайпаларының әлеуметтік-саяси, адамгершілік, философиялық көзқарастарының белгілі дәрежеде квинтэссенциясын білдіретін мақал-мәтелдер түріндегі халық ауыз әдебиетін жатқызуға болады. Дүниетаным қалыптасуына исламға дейінгі және ислам діндері де үлкен ыкпалын тигізді. Адам жанын ашылған кітаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани түрғыда да байланысты болған бізге белгілі және белгісіз данышпандар шығармашылығындағы уақыт жібінің сабақтастығы дәл осындай өлшем арқылы айқындалады.

Ақын-жырау көзқарастары калыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бірі ертетүркі жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткіштердің тас тақташалар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгілі. Бізге дейін жеткен санаулы ертетүркі жазбасы мәтіндерінде түркілердің ата-бабаларының жоғарғы адамгершілік қасиеттері туралы этикалық мәселелер молынан кездеседі. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркіндігі мен төуелсіздігін сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірінен саналатын Орхон-Енисей жазбаларында өте өткір қойылуымен ерекшеленеді.

Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген көзқарасын, олардың идеалды өткен шағының толық картинасын түсінуге және оны жоғары адамзаттық қасиеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жазба авторы түркі қағанаты құлауына әкелген олардың өміріндегі өзгерістер себебін ата-бабалардың қалдырған өсиетінен ауытқудан көреді. Қағанаттың күші мен құдіреті қағанға адалдықпен, аристократия бірлігімен сипатталады. Автор идеалды батыр-қағанға қажет міндетті этикет қалыбын ұсынады:

  1. түркі халқының заңы мен мемлекетін қүру және қолдау;
  2. дүниенін, төрт бұрышындағы халықтарды басу және қолдау;
  3. дана және батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қаған-
    ды «көктен жаратылған» деп атайды.

Түркілердің шынайы тарихын ертетүркілердін сына жазуымен салыстырғанда, оның ақиқаттылығы мәтіндердегі сипаттаудан анағұрлым бай және алуан түрлі болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дәуірі үшін қажет идеалдарды, моральдық кодекстерді, яғни өзара кырқысқа жол бермей, ата-баба жолымен мемлекеттің құдіреті мен тұтастығы идеяларын ғана автордың жариялауға мүмкіндігі болды. Халық өз батырларын даңққа бөледі, соғыста да, бейбіт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершілік қасиеті ретіңде жоғары бағаланды. Батыр болу ерте түркі қоғамында ең жоғарғы өлшемдерге лайықтылықты білдірді.

Ертетүркі қоғамында қалыптасқан адамгершілік көзқарастар біздің ата-бабаларымыздың белгілі бір мораль мәселелері бойынша ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарынан байқалатын ойлау деңгейін салыстыруға, адамгершілік дамуындағы сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді. Ақындардың рухани ойы қалыптасуының келесі бір маңызды идеялық бастауы шаманизмнің (бақсылықтың) діни-этикалық концепциясы болып табылады.

Шаманизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық қолданыста да әр түрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның ізбасарлары арқылы негізі қаланған діндердің көпшілігімен салыстырғанда шаманизм ертерек пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымы негізінде табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дін болып саналады. Онда адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен байланысты ерте діни жоне мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.

Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезендерінде материалдық өмір мен ұжымдық сананың жалпы зандылықтары шеңберінде табиғи жолмен пайда болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша жөне визуалды дәстүр арқылы жсгкізіліп сақталды және бүл бүгінгі ұрпаққа осы дін туралы белгілі бір түсінік болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман болғанымен дөстүрлі шамандық наным-сенімдерін, ертетүркілерден тарайтын Тәңіріге, Ұмайға, Жер-Суға табынушылықтарын сақтап қалды. Қазақ шамандары (бақсылары) өздерінің құрбандық шалу рәсімін мұсылман пайғамбарлары мен өулиелеріне жалбарынудан, мұсылман сүрелерін оқудан бастады және аяқтады. Ш.Уалихановтың айтуынша «Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі жөне адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және өлген адамдар рухын қастерлеуді тудырды».

Шаманизмнің культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелігіне кеңінен тоқталмай, біз оның маңызды қырына — моральдық-этикалық, адамгершілік-тәрбиелік қырына көңіл қоямыз.

Қоршаған табиғат — оған бағыштылыққа орай діни сезім тудыратын бастапқы нәрсе. Табиғатты бейнелеу барлық тайпалар мен халықтарда заңды және универсалды құбылыс болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтін мифологияның, фольклордың, діни түсініктердің өзгешелігін тудыратын қоғамдық сана дамуының кезеңі ретінде қарастырылады. Бақсылар бүкіл өзінің табынушы құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идеясын орнықтырды. Жекелеген адам тағдыры, оның өмірі, денсаулығы, материалдық игілігі рухтар мен құдайларды пір тұтуға тәуелді болды.

Ендігі жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен құдайларға қатысты жүріс-түрыс ережелерінің кейбір түрлерін қарастырған орынды. Бүл әсіресе отбасы ошағын білдіретін от-ана қүдіретін пір тұтуға байланысты тыйымдарды қамтиды. Жалпы отқа табыну түркі халықтарына ғана емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына және өзге халықтарға да тән универсалды құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-ананы құдірет тұтумен байланысты. Кейде «от-ана» өзін құрметтемегені, пір тұтпағаны үшін жазалаушы әрекетімен де көрінеді. Отты бүлдіруге, яғни оған қоқым лақтыруға, өткір темір заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлді басуға және т.б. тыйым салынады. Отқа күн сайын шаңырақ иелері коректенетін тағамынан ауыз тигізіп отыру да міндетті саналады. Тіпті үй ошағынан шыққан күлді де адам мен мал баспайтын жерге төгеді. Бүл тәртіптер мен қалыптар бұзылса, от құдайы бұл үйдің иелерін зұлым рухтан қорғамайды, әр түрлі аурулармен жазалайды, кейде тіпті белгілі бір заттарды, үйді өртеп те жіберетін. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын білдірді, сондықтан онан кейін кұрбандық шалынып, қүдайға жалбарынып құлшылық етеді.

Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе есікті керуге болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу арқылы жазалай алады.

Азиялық көшпенділердің табынушылық өмірінде Аспан құдайының (көктің) рөлі мен маңызы ерекше болғандықтан Ж.П.Ру бүл діни нанымдарды Тәңірішілдік деп атады. Малшы көшпендінің табиғатқа толық бағыныштылығы құдіретті, тылсым күштерді қастерлеуге, әулиелендіруге әкелді. Қазақ көшпенді барлық қайғы-қасіретгі, пәле-жаланы, ауру-сырқауды көктің жазалаушы күшімен ұштастырды және барлық үмітін де көк тәңірімен байланыстырды.

Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды қасиетгі деп есептеді және соның нәтижесінде анттар пайда болды. Ант абырой жөне адалдықпен қатар тұтынылды. Антты бұзудан өлім артық болды (ең жаман қарғыс — «ант ұрсын»). Қарғыс адамның басына бақытсыздық әкеледі деген сенім пайда болды. Халық бүгінгі күніне де өзінің жек көрушілігін қарғыспен, сүйіспеншілігі мен игі тілегін батамен білдіреді. Адамды тәрбиелеуде, оны қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ ұстауда батаның рөлі өте зор.

Адамдар казіргі күні де қайғы-қасіреттен құтылу осы өмірдегі қайырымды қылықтар мен игілікті істер арқасында деп пайымдайды. Сондықтан да бата орындалды деп түсінеді. Мазмұндалған бұл материалдан жер бетінде игілікті өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен қүдайлар алдындағы бағыныштылықты уағыздайтын дін ретіндегі шаманизмнің идеологиялық мөні айқын көрінеді. Оның тағы бір ерекшелігі, адамдардың бұл өмірдегі әр түрлі қылықтары мен қылмыстары, сондай-ақ, жақсылықтары оның өлгеннен кейінгі тағдырына әсер етпейді.

Шаманизм қарапайым малшылардың діни санасында терең жөне берік орын алған. Шаманизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни мәнділігі жазбаша түрде сипатталмағанына және насихат түрінде уағыздалмағанына қарамастан, тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық және рулық-тайпалық деңгейде ұрпақ арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық жағдайымен сипатталады. Шаманизмнің моральдық-этикалық түсініктері ақын-жыраулардың адамгершілік көзқарастары қалыптасуы мен дамуына тікелей ықпал етті, бұл олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.

Ақын-жыраулардың этикалық көзкарастары қалыптасуына ықпал еткен маңызды идеялық, бастаулардың бірі исламның діни-этикалық концепциясы болды. Қазақ қоғамында патриархалды-феодалдық дәстүр үстемдігі жағдайында мұсылмандық фанатизмнің рөлі төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін қазақтар Төңіріге (аспанға) табынды. Тарихшылардың бірауызды пікірінше, Орта Азияның отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен бағынды

Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып табылады. Ислам Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдік Шығыстың бүтіндей бірқатар елдерінің ізгілікті дамуына ықпал етті және ықпал етіп келеді. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмір сүру тәртібін аныктайтын идея ретінде осы дін пайда болғанынан бері өмір сүріп келеді. Бірақ теологиялық-этикалық жүйе түріндегі бүл ойдың қалыптасуына мұсылманшылықтың негізгі деректері — Құран мен Суннада көрініс табатын мұсылмандардың моральдық қалыптары жинағы әсер етті. Исламдық этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене отырып, мұсылман қоғамының тәрбие принциптеріндегі қажеттіліктерін өтей алды.

Құран бір жағынан рулық-тайпалық қауым дәстүрлерін бейнелейтін, екінші жағынан, алғашқы қауымдык қүрылыстың қоғамдық институттарына қарсы бағытталған пайымдарды бейнелейтін этикалық-құқықтық нормалардан құралады.

Құранның моральдық қағидалары күнделікті өмірдің барлық қырын қамтиды: отбасы қатынастары, туыстар арасындағы міндеттер, айналысатын пайдалы нәрселер жиыны, өзге дін (христиан, иудей) өкілдерімен қатынас, саудамен жөне қоленермен айналысу, тыйымдар, парызды өтеу және т.б. Шариатта «бес уақыт намаз адамды күнәдан тазартады» деп айтылғандықтан намаз оқуға, ораза ұстауға кұрметпен қарайды. Ең ауыр күнә — Құран талаптарынан ауытқу. Алланың ізгілігі мен қайырымдылығына қарамастан бұл күнә кешірілмейді. Ең жоғарғы қасиет — Алланың еркіне бағыну, шынайы сенім үшін өзінді құрбандыққа шалу. Мұсылмандарға ізгілікпен қарау жөне дінсіздерді қудалау — Құранның негізгі ерекшеліктерінің бірі. Ислам қағидасы бойынша тек құдайға қызмет жасап, құлшылық ету жолымен ғана бақытқа жетуге болады. Осыған орай, мұсылмандар дұрыс жолды таңдай алады. Бұл тезис мұсылмандық ойдың өзегін құрайды және ол ислам ізбасарларының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Мұсылман дінінің моральдық-этикалық жүйесінің бүкіл іргетасы осы бағыныштылық талаптарымен құрылғаны белгілі. Мұсылман нағыз адам болу үшін, ол моральды тұрғыда таза, өз өрекеті мен сөздерінде адал болуы тиіс. Тек сонда ғана ол адамдар алдында да, Алланың алдында да құрметке ие болады.

Ортағасырлық және онан кейінгі дәуірлердегі мұсылман авторлары шығармаларының барлығы дерлік Құранның бірінші сүресімен басталады. Ақтамберді жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан жыраудың, және т.б. адамгершілік-этикалық көзқарастарында исламның ықпалы айқын байқалады. Акын-жыраулар өздерінің адамгершілікке қатысты ойларын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ, қоғамында олардың көзкарастарының ықпалын күшейтті. Бүл әсіресе Бұқар жыраудың моралистік-дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. Исламға тән қайырымдылық, аяугершілік, ізгілік сиякты қасиеттер жыраулардың кейінгі шығармаларында молынан ұшыраса бастады. Осылайша, ақын-жыраулар шыгармашылығы негізінен діни сипатта, оны рационалдандыру жолымен, моральдық-этикалық бағытта уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын-жырауларының адамгершілік философиясы адамзаттың бүкіл тарихи дамуы барысында жинақталған адамгершілік идеялардан және философиялық-этикалық теориялардан арасы алшақ емес және қазақ халқы өмірінің тарихи жағдайларына сай келетіндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын білдіреді. Ақын-жыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды бастауларының бірі білім мен тәрбиенін, оның ішіңде адамгершіліктің де қазынасы мен энциклопедиясына айналған мақал-мәтелдер түріндегі фольклор болып табылады.

Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандық сүзгісінен өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, біздің заманымызға дейін жеткен қазақтың мақал-мәтелдері, ертегілері бүгін де өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын бейнесімен халықтың адамгершілік-психологиялық дамуының тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар мен өлеңдерге, айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін білдіретін ең кеңінен таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік кодексі де болып табылады. Мақалдардан көрінетін моральдық кодекс балалық шақтан кәрілікке дейінгі тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ мақалдарының тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін, халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды.

Көшпелі өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек әрекетіне деген көзқарасы мақалдарда бейнеленеді. Бакыттың көзі ретіндегі еңбекке деген көзқарас көп мақалдарда кездеседі. Мысалы, «таяқпен құлын табасың, құлынмен тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың».

Патриархалды-феодалдык, өмір тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын зерттеу олардың идеялық мазмұнының өзегі «жаман адам» мен «жақсы адам» түсініктерінен құралатынын көрсетеді. Қолдаушы формула «жақсы адам» мен кінәлаушы «жаман адам» отбасылық өмірде де, қоғамдық өмірде де моральдық нормалардың бүтін жиынтығын білдіретін қорытындылаушы түсініктер болды. «Жақсы» мен «жаман» халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе сыналады: «Жақсы іске келеді, жаман асқа келеді», «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа».

Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі мәселесі үлкен орын алады. Халықтың қолдайтын барлық жүріс-тұрыс нормалары мен принциптері, жағымды бағаланатын адамгершілік әрекеттердің барлығы қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың кінәлайтын әрекеттері мен қылықтарының барлығы, адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін нәрсенің бәрі зұлымдық болып табылады. Сонымен қатар қайырымдылық ақылмен және біліммен байланыстырылады, адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие болып, зұлымдыққа қарсы күресте маңызды құрал ретінде бағаланады. Қазақтың халық даналығы адам абыройын түсіретін моральдық принциптерді қатал айыптайды. Және керісінше, батырлық, патриотизм, төзімділік сияқты жағымды адамгершілік қасиеттер бағаланады. «Ер» түсінігі туралы мақалдар өте көп. Мысалы, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді». Мың-жылдық тәжірибеден туындаған «Таспен ұрғанды — аспен ұр» деген даналықты айту үшін қазақ халқы небір қиын-қыстау күндерді бастан өткізді. Көшпендінің кең пейілділігі мен қонақжайлылығы мына мақалдан көрініс табады: «Кездескен адамыңды сыйла, мүмкін оны сонғы рет кездестірген шығарсың».

Осылайша, қазак мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік-этикалық идеяларға үстірт шолу жасаудың өзі Қазақстандағы этикалық ой халық даналығының терендегі таусылмас қайнар бұлағынан нәр алатын бай адамгершілік материалға негізделгенін көрсетеді. Қазақтың ақын-жыраулары ойдың асыл інжу-маржандарын осы мақал-мәтелдерден алып отырды. Көпғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкіл халық жинақтаған тәжірибенің нәтижесі мен қорытындысы болып табылады. Біз мазмұндалған материалдың өзектілігін рухани ақиқат-тар тұрғысынан жеткізуге тырыстық, бірақ оның алғышарты кезкелген философиялық проблематика сияқты философияның өз дамуынын ішкі (имманентті) қажеттіліктерімен қатар, әлеуметтік дамудың сыртқы кажеттіліктерімен де сипатталады.

АҒАРТУШЫЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Ресейге қосылу нөтижесінде белгілі бір дәрежеде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халықтары тағдырында осы бетбұрысты байыптап үғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысының  пайда болған жөне қоғамдық сана дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрінде көрініс береді. Қазақстанда ағартушылық-демократиялық ойдың мөнін түсіну үшін мынадай методикалық жөне теориялық қағидаларды ескеруіміз қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мөдениетімен кең танысу және сол арқылы еуропалық өркениеттен сусындау — Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанымен, казақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстан ағартушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар оны тудырған, мәдени-әлеуметгік орта ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі Кеңес өкіметіне дейін жөне сол өкімет тұсында өз мәнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (МДулатов — «Оян қазақ!», М.Жұмабаев — «Тәңір», «Мен кім», «Тез барам» т.б., А.Байтұрсынов — «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайынан», Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.)- Патша өкіметі мен сталиндік репрессия зардабын басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға үндеген еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол даму реакциялық идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші жарты-сы — XX ғасыр бас кезсңінің өн бойында ағартушы демократтар исламның феодалды-клерикалды идеологиясымен және әр түрл діни-мистикалық бағыттармен арпалысты. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дәстүрлі-консервативті шаманизм бағытын, XIX ғасырдың аяғындағы діни-реформаторлық жадидизмді, Ресейдің мұсылман халықтары арасындағы панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мәні реалды идеялық күрес аясында көрінетіндіктен, орныққан реакциялық бағыттар мен ілімдер табиғатын жете ұғыну қажет. Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы орыс ағартушыларының, әсіресе, революциялық демократизмнің ықпалы қатты әсер етті. Орыс революционер-демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы-демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын. Революциялық демократизмді практикалық іс-әрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты — әлеуметтік және ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты Қазақстан ойшыл-демократтары тұтас алғанда типтік ағартушылық позицияны ұстады. Яғни белгілі қоғамдық топқа, дәлірек, шаруаларға бағытталып, коғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған революцияшыл-демократтарға қарағанда Қазақстан демократтары XVIII ғасырдагы Еуропа демократтары секілді ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, белгілі бір кезеңде белгілі бір аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден, осындай ерекше жағдайда (жалпы артта қалушылық, жаппай сауатсыздық, отаршылдық қанау) жалпы халықтық прогресс идеясы өте актуалды болғанын жөне оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді. Бесіншіден, Қазақстан ойшыл-демократтары ағартушылық позицияда қалғанмен, аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен орнату әдістерін де қарастырған. Әйтсе де барлығы еркін, азат қоғам кұрудың бейбіт жолын таңдады: жоғарғылардың реформасы көмегімен немесе «әділ», «таза» білім мен басқару жөне ағарту, ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, көңілін оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің  жіктелуі әлдеқайда өзгеше орыс революционер-демократтары секілді төнкеріс жолын қуаттап, оган бірден-бір шешуші әдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тән арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, ол жолда бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мәселенің шеті мен шегіне ауытқымай асыл ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясы көрінісін аңғарғандаймыз. Алтыншыдан, «тоқырау» «құнарсыздық», «артта қалушылық», дәстүршілдік ұғымдары жалпы Шығыс мәдениетінің мәңгі-бақи арылмайтын атрибуттары деген сияқты абстрактылы және табиғатынан ғылымға, тарихи объективтілікке сай келмейтін тұжырымдама, бірыңғай, іштей біркелкі Шығыс феноменінен түбегейлі айырмашылығы бар Батыс феноменін мойындау, екіншіден, «тоқырау», «артга қалу» құбылыстарын метафизикалық абсолюттендіру оларды тек Шығысқа имманентті деген түсінікке негізделген. Дұрысында, қай халықтың болмасын мәдениеті дамуының кейбір кезеңіндегі тоқырау, құлдырау құбылыстары адамзат дамуы тарихи жалпы диалектикасының белгілі кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені ол өзгеріс бола қалғанда өз қарама-қарсылығы өрлеу, өркендеу, дамуға көшетін нақты тарихи жағдайлардың нәтижесі. Қазақ халқының тарихи өткеніне келетін болсақ, шетелдік және отандас шығыстанушы ғалымдардың зерттеулері Таяу және Орта Азия аймағының ежелгі заманнан (біздің заманымызға дейінгі II мың жылдықтан бастап) XII ғасырға дейін барлық критерийлер бойынша Жалпы Шығыс пен Батыс мәдениетінен әлдеқайда озық және жоғары тұрғанын көрсетеді. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін ғана даму қарқыны бәсеңдеп, XVI ғасырдан толық артта қалу үдерісі белең алды. Жалпы алғанда, бүкіл Таяу және Орта Азия ежелгі заман мен орта ғасырдың өн бойында көрсетілген дәуірлерде Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың — бүкіләлемдік мәдени-тарихи үдерістің «орталық зонасына» айналды. Яғни, қарастырылып отырған аймақ әлемдік өркениетгің шалғай ауданы емес, керісінше, XV ғасырға дейін Шығыс пен Батыстың ирандық, үнділік, сириялық, византиялық, грек-эллинистік мәдени дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығанын көреміз.

Демек, Қазақстан мәдениетінің тоқырауы жөнінде сөз қылғанда, бұл ұғым сол аймақ мәдениеті дамуының өн бойына емес, тек белгілі кезеңіне — XV ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралыққа қатысты алынатынын жадымызда тұтуымыз қажет. Ресейге қосылу бұл аймақ халықтарына әлеуметтік-экономикалық саладағы түпкі зардаптарын қозғамаса да, жалпы артта қалушылықты жою, қоғамдық прогреске жету мүмкіндігін әперді деп айта аламыз. Жетіншіден, Қазақстан ағартушы-демократтарына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тәртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан патриархалды-феодалдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мәдениетінің жетістіктері мен игі әсері жайлы ойлармен астасып жатады.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлиханов (1835-1865) демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.

Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап етуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.

Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан — өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында ұлы еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (қүдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш.Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние — күн, ай, жүлдыздар және жер — алғашқы кұдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мүқият зерттеулерінен жөне басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік зандылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (қүдай)» мақаласында казақтардың малды қасиет түтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.

Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік зандылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге карым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып тандану пәні болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен елім мәселесін, адамның табиғатқа катынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп тұжырымдайды. Бұдан Ш.Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп түр. Шамандықтьщ шығуының бір себебі, табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе — адам, адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе есебінде қаралды.

Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұхара молдалары таратып жүрген діни қағидалардың халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді» деп көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мүхаммед ілімін тазартуға болады деген пікіріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес дейді.

Шоқанның прогресті халықтың материалды тұрмыс жағдайының жақсаруымен тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық түрғыдан түсінудің бірден-бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге Ш.Уәлиханов қоғамның топқа, жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі калың бұқараның мұң-мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді.

Ерекше назар аударарлық нәрсе — Шоқанның демократтық көзқарастары. Мысалы, «Сот реформасы жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде патша үкіметі тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын билер артық деген қорытындыға келді. Себебі, би болу үшін ол адам әділдігімен, шешендігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша үкіметі сайлаған сот билігі шектелер уақытқа шейін сот міндетін атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс даму үшін алдымен оған қажет нәрселер — өзіндік даму, өзін-өзі қор-ғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша, дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді. Сонымен бірге Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеру қай елдің болмасын алдына қоятын мақсаты болуы керек деген ойды қолдайды. Әрине, еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халқы ағарту мәселесін іске асыруы кажет. Бүл ретте қазақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген мақалаларында қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді кеңес етеді. Қазақ жеріне дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың бәрін патша үкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің мәдениетті көтермелемек төсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақсы меңгерсе де, өз халқынан ажырамады, халқының мұңын, әсіресе, қалың бұқараның жоғын жоқтады. Г.Н.Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата алмады, керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды.

Ресей үкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе бастайды. Әсіресе, генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс ескерлерінің отаршылдық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен шығып, ел ішіне кетеді. Н.М.Ядринцев Шоқан туралы естелігінде: бұратана халықтың өкілі өркениет нәрін татып, білім алса да, бөтен мәдениет халқының ырқын ығыстырғанын көзімен көргенде, бір жақты ықпалдың болашағына сенбей, өз жүртына оралуды жөн көрді дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен әдістерінде Ш.Уәлиханов әкімшілік жолмен жасалатын реформаға шешуші мәселе деп қарады. Сондықтан отаршыл үкімет орындарына бірнеше рет ұсыныстармен барып та жүрді.

Н.Г.Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» атты Батыс Еуропа экономистерінің, оның ішінде Ст.Милльдің идеяларын қарастыратын еңбегінде автордың реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы көңіл аударарлық. Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де жақсы таныс болған. Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформада қарастырылған әлеуметтік қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық, тектік, топтық психологиялық және салт-дәстүр ерекшеліктері ескерілуі тиіс еді дейді.

Революцияшыл демократтар реформа мәнін теріске шығармағанымен, алдыңғы қатарға революциялық күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік ағартушылықты ұстанып, халық бққарасының өмірін материалды және рухани жағынан жақсарту көзі реформа деп білді. Қоғамдық, прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым, білімді таратуда, содан соң реформа жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы әлеуметтік бақытсыздық себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. «Әділетті басшы» идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға тәуелділігі жайлы айтылған жеке ойлары болғанымен, жалпы алғанда ағартушылық позицияны ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік және сот реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат — әлеуметтік теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам құру.

Уәлиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін түрлерінің ішінде буддизмді нағыз «гуманды ілім» деп бағалады. Жалпы алғанда, Уәлиханов дүниетанымы, оның шығармашылык, мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы биік белес болып табылады.

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл жөне жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты.

Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту жөне қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатгы өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге онын, адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бүл — ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бүл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жүрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді куаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық — қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кейбір зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материалист, дінге қарсы болған деп айтып жүр. Мәселені нақты қарасақ, Алтьшсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалар дінінің озбыр түріне ғана қарсы болған. Н.И.Ильминскийге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу, оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді. Мүндай дүмше молдалардың барлық ақыл-парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетіндігін қатты сынайды.

Қай идеология болмасын ресми және монополиялық түрге айналса, ерте ме, кеш пе, оның тоқырауға ұшырайтыны занды. Ыбырай мұсылман дінінің монополиялық, ресми идеология болып тұрған кезіндегі озбыр түріне қарсы шықты. Мұнымен қатар Алтынсарин қазақ балаларына христиан дінін зорлап үйретушілерге де үзілді-кесілді қарсы болды. В.В.Катаринскийге 1888 жылдың 20 ақпанында жазған хатында Бессонов А.Г. деген мүғалімнің оқушы қазақ балаларына інжіл мен оның парыздарын уағыздағаны туралы қатты ренжіп жазды. Ыбырай «…мұнымен, оқушылар мектебінің келешегін ғана емес, онымен қабат жалпы орыс-қазақ мектептерінің бәрінің де келешегін мүлдем бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой!» дейді.

Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жаңағы «Жаз», «Өзен» өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы, көгорай шалғынды көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көк-жиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бүл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге төрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларында Ыбырай қазақ балаларына ән-күйден, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды. Бұдан жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағандыгын қөреміз.

Этикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой-тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басы өте жоғары дәрежелі мәдениет иесі болғандығын айта кету керек. Оның достары мен жолдастарына жазған хаттарында кішіпейілділік пен ізгілік белгісі айқын көрінеді. Ұстазы болған Н.И.Ильминскийге жазған хаттарында үлкен құрмет пен ілтипат сезімдерін білдіріп, ал өзінің шәкірті есебіаде болған А.А.Мозохинге жазған хаттарын ұдайы «сүйікті досым» деп бастайтын. Кейбіреулерге ағарту жұмысындағы кемшіліктері үшін қатты сөз айтып, реніш білдірсе, артынан артық кеткеніне кешірім сұраған көңілін білдіреді.

Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиетгі қырда өскен балаларға түсінікті болатындай әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.

Ыбырай әлеуметтік мәселелерді көптеген еңбектерінде талк,ылайды. Ресей оқу орындарынан білім алып, өркениеттен нәр татқан Алтынсарин демократтық-ағартушылық идеяларын қазақ елінде жүзеге асыру үшін талмай еңбек етті. «Кел балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жүрттар» сияқты өлендерінде жастарды өнерге, білімге шақырды. Ыбырай ағарту ісінің тек насихатшысы ғана емес, сонымен бірге аса көрнекті ұйымдастырушысы болды. Қазақ даласында білім бұлағы болатын мектептермен қатар өндірістік кәсіпкер кадрлар дайындайтын арнайы техникалық-кәсіптік оқу орындарын ашу жөнінде мәселе қояды. Бұдан Алтынсариннің қоғам өміріндегі өндіріс рөлін жоғары бағалағандығы көрінеді. Кейбір зерттеулерде ағартушылар сияқты Ыбырай да тек оқыту, ағарту ісі қоғам өмірінде шешуші фактор болатындығын мойындаған деген бір жақты тұжырымдар жасалады. Мұндай пікірді марксизм әдістемесін сыңаржақтылық тұрғыдан дәріптеу деуге болады. Шындығын-да, сол кездегі қазақ елінде ағарту және сол арқылы өнеркәсіпті дамыту ісінен басқа қандай жол бар еді?. Айталық, қазақ жұрты көтеріліс жасап, патша үкіметін құлатып, байларды жойды дейік. Сонда басым көпшілігі сауатсыз қалың кедей өндіріс кәсібі жоқ елде жоғары дәрежелі әділетті қоғам құра алады деп айта аламыз ба? Әрине, жоқ. Ендеше, Ыбырай айтқан ағарту ісі, өндіріс кәсібінің өркендеуі сол замандағы қазақ халқы үшін бірден-бір дұрыс жол еді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ