Абайсызда жасалатын  қылмыстар

0
4137
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Егеменді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан-ақ тәртіпсіздік пен салғырттыққа, үйымдар мен мекемелердің, өндірістегі немесе басқару жүйесіндегі кейбір адамдардың ұқыпсыздығы мен салақтылына қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді.

МАЗМҮНЫ:

Кіріспе

І-ТАРАУ. Абайсызда жасалатын  қылмыстар

  • Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік
  • Абайсызда жасалатын қылмыстардын түрлері және криминологиялык сипаттамасы

1.3. Автокөлікті пайдалану саласындағы абайсызда жасалатын қылмыстар және  қылмысынын жалпы сипаттамасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

КІРІСПЕ

Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бет дүрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүние жүзілік қоғамдастық таныган егемендік мемлекетке айналды.

Бір сөзбен айтқанда, казақ халқының, Казақстан Республикасының тарихында хранологиясы жағынан гана емес, мазмұны жағынанда жаңа дәуір басталды.

Жаңа әлеуметтік — саяси және эканомикалық шындықтар Казақстан халықаралык сана — сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көз қарас өзгеріп келеді . Үлттық сана — сезім , ал сонымен бірге Отанымыздың шыншылды да ақикатты ғана айтатын тарихына деген ынта — ықыласына қауырт өсе түсті.

Егеменді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан-ақ тәртіпсіздік пен салғырттыққа, үйымдар мен мекемелердің, өндірістегі немесе басқару жүйесіндегі кейбір адамдардың ұқыпсыздығы мен салақтылына қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді.

Мемлекеттік   және   еңбек   тәртібін   нығайту,   жүктелген   іске деген жауапкершілікті арттыру   —   бүгінгі    күннің   басты   талабы. Ғылыми — техникалық прогресс    жағдайында  техналогиялық процесс ережесін   сақтамау, заңдылықты бүзу үлкен зардапка әкеліп соғуы мүмкін .

І-ТАРАУ.  АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР.

1.1.    АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Абайсыздық қылмыскерлігі де жаппай әлеуметтік құқықтық құбылыс сияқты қоғамның белгілі бір даму кезеңінде өмір сүретін қылмыс туралы жаппай түсініктің құрамды бір бөлігі болып табылады.

Абайсыздық қылмыскерлігі жөніндегі түсініктің негізіне Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 21 бабына сәйкес абайсыздық салдарынан жасаған қоғам үшін қауіпті әрекеттер немесе әрекетсіздік  жатады. Сондықтан да абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерлік жөніндегі түсініктің мазмүны қылмыс туралы зандылыққа онда көрсетілген абайсыздықган болатын қылмыстардың тізіміне және олардың сипатына сәйкес болады.

Абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз белгілі бір мерзім ішінде қоғамда абайсыздық салдарынан жасалған заңсыздықтың жиынтығы. Сондай-ақ ол түрлі қылмыстардың жай ғана қосындысы емес белгілі бір әлеуметтік зандылықтарға сәйкес өзінше дамып отыратын құрылымы бар қылмыстардың бірегей жиынтыгы болып табылады.

Абайсыздықтан жасалған қылмыс, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, қылмыскерлік түсініктердің өзара қатынасы жеке, ерекше және жалпы деп аталатын категориялар қатынасын диалектикасын көрсетеді бұл жерде жеке деген ұғым абайсыздық салдарынан болған нақгы бір қылмысты, ал жалпы үғымы- бүкіл қылмыскерлікті білдіреді. Бірақ, бұл жеке және жалпы деген екі категорияның арасын абайсыздық қылмыскерлігі байланыстырып отырады.

Сонымен, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, жалпы қылмыскерліктің бір бөлігі ретінде каралуы тиіс. Жалпы қылмыскерлікке тән таптық касиет, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде өмір сүру заңдылығы, оның пайда болу себебі, жағдайы және жою жолдары туралы жалпы кдщда сияқты белгілер абайсыздық қылмыскерлігіне де тән.

Кылмысты криминалогиялық жүйелеу ісінде абайсыздық қылмыскерлігі ерекше топқа жатқызылады, баскаша айтканда, ол -жалпы қылмыскерлік кұрылымында дербес элементке ие. Бүл дербестік абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерліктің ерекшеліктері мен айқындалады:

а/айыптың түрі бойынша, яғни, қылмыс жасаудың психалогиялық механизмі бойынша;

ә/қылмыс жасаудың әлеуметтік — психологиялық себептерімен қылмыскердің мінез — құлқы  бойынша;

б/сол қылмыстар жасалынатын қызмет салалары бойынша;

в/ келтірген зардабы бойынша;

Абайсыздықтан болатын қылмыс қасакана қылмыстан ең алдымен жасаган бабының түріне қарай ерекшеленеді. Соған орай қасақана жасалатын қылмыстың психологиялық механизімінен оның айырмасы сол адамның өзі істеген ісінің қоғам үшін каншалықты қауіпті екенін және оның қоғамға қандай зардап әкелетінін қалай түсіретіндігіне байланысты. Абайсыздық қылмысын жасауны адам өз ісінің қоғамға қаншалықты кауіпті екенін білмейді: ол қоғамға зиян келтіргісі / тіпті оған жол бергісі/ келмейді. Ойткені ондай зардаптың мүмкін болатынын ол алдын ала көріп біле алмайды немесе оны болдырмауға , алдын алуга болады деп сенеді.1

Бүл жерден абайсыздықтан қылмыс жасайтындарға сипаттама берудің мынадай ерекшіліктері туындайды: қасақана қылмыс жасаушылар ерікті немесе еріксіз түрде өзін қогамдық мүддеге қарсы қояды, ал абайсыздық қылмысының әлеуметтік — психологиялық себебі абайсыздық, қоғамдық тәртіп ережелеріне жауапсыз караудан болады. Сондықтан да абайсыздықтан қылмыс жасаушылардың қасақана қылмыс жасаушыларға қараганда өнегелілік сапасы көбіне жоғары болуы мүмкін.

Абайсыздық қылмыстары өндірісте, транспортта, басқару жүйесінде, медицина практикасында, түрмыста, т.б. салаларда үшырасуы мүмкін. Оның кауіптілігі қылмыстың қай салада болатындығына, қылмыскердің кандай құрал-жабдықты пайдаланғандығына байланысты. Келтірілген зардаптың қаншалықты ауырлыгы да осыған карап өлшенеді. Әсіресе, техникаларды пайдалану мен баскару жүйесіндегі кәсіби абайсыздық салдарынан туындаутын қауіп аса зор болмақ.

Осы жерден абайсыздық қылмысының тағы да бір ерекшелігі туындайды: қасақана қылмыс жасаушының мінез — құлқы /азындық деңгейі/ істеген қылмысының деңгейіне сай келеді, ал абайсыздық қылмысы кезінде ондай сәйкестік болмайды. Қылмыска әкеп соққан абайсыздықтан келген зиян айыпкердің өнегелілік бұзылу деңгейімен емес, оның қызмет саласымен, пайданылатын қүрал-жабдықтарының ерекшеліктерімен, қылмысты істің себебімен, айыпкер үшін кездейсоқ болып табылатын тағы да басқа көптеген жағдайлармен айқындалады. Сондықган да абайсыздық қылмысы кезінде адамның жеке басы /әлеуметтік-өнегелі мінездемесі / мен келген зардаптың арасында ал тен түйедей айырмашылық болуы мүмкін.

Абайсыздық қылмысының ерекшелігі сол, яғни мүнда қоғамға қарсы ішғыл мен мақсаттың үлес салмағы мейлінше аз болады, сондай-ақ ондағы пиғыл мақсат пен жағдайга орай пайда болған зардап арасында ешкандай байланыс жоқ. Яғни, сондай бір зардап келтірейін деген пиғыл болмайды, ал мақсат орындалмайды, не «асытымен орындалады».

Жалпы мінездеме бойынша абайсыздық қылмыскерлерінің өнегелілік бұзылу деңгейі елеусіз болады. В.А.Номоконовтың зертеуіне сүйенер болсақ, қасақана қылмыс жасаушыларга қарағанда абайсыздық қылмыскерлер арасындагы теріс мінездері өте сирек, ал ең мінезділері 5-6 аса көп ұшырасады екен. Касақана және абайсызда кісі өлтіргендер арасында зерттеу жүргізген Р.И.Михеев те осындай тұжырымға келген.

Жеке адамның бойындағы бұл ерекшеліктер мен қасиеттер жағдайға байланысты оның іс-қимыл жасауын, Қауіпсіздік ережесінің талаптарьш есепке алу мүмкіндігін шектеп қояды, бірақ бұл мүмкіндіктен оны мүлдем айырмайды. Олай болмаған жағдайда абайсыздық қылмысы жөнінде сөз болуы да мүмкін емес, яғни ешқандай айып таға алмайсың.

Осы айтылғандарға орай, абайсыздық жағдайында айыптың әлеумепік-саяси мәні мынандай ерекше түрде жүз береді: жағдайға жеткілікті назар аудармау, жеңіл, жауапсыз карау. Бүл абайсыздық қылмыскерлері үшін қоғамға жат бағыт-бағдар қасиет деген сөз, ол сақтық ережелеріне, қоршаған орта мен әлеуметтік құндылықтарға үқыпсыз, жеңіл, жауапсыз караудан көрінді. Мұны былай түсіндіруге болады, кей авторлар абайсыздық қылмысындағы жағдайға байланысты кауіпті факторларымен жеке адамның психофизикалық ерекшеліктеріне маңыз береді де, абайсыздықтың әлеуметтік-саяси табигатына тиісті баға бермейді. ҚР ҚК зардап тек жағдайда, сондай-ақ жеке адамның психофизикалық ерекшелігіне байланысты немесе тек жағдының жоқтығынан туыңдаса, онда айып жөнінде, тіпті оны абайсыздық түрінде де сөз етуге болмайды. Сонымен бірге абайсыздық қылмысы қысқа мерзімдік, бір сәттік те болса сол адам бойындағы қоғамға жат пиғылмен байланысты болады.

ГДР-дің 1968 жылғы Қылмыстық кодексінде /2- бөлім, пр. 8/ әлеумеггік-саяси бөлігі абайсыздық қылмысының бір түрлеріне зандылық айқындаушы ретінде өндірілген: «қылмысты іс барысында өзінің міндеттік борышын бұзып отырғанын сезінбейтін адам абайсыздық әрекеттер жасайды, себебі ол жауапсыз салгыргтық нәтижесінде өз міндетін түсінбейді немесе жауапсыздық салдарынан міндеттік борышын бүзуға әбден еті үйреніп кеткен, мүның аяғы кашанда зиянды зардапка әкеп соғады».

М.Д. Шаргородский былай деп жазады:- «Бұгінгі адам өз жауапкершілігыне алған қызметі үшін де, аяғы үлкен зардапқа апарып соққан ас-әрекеті үшін де жауап беруі тиіс. Операцияны сауатсыз жүргізген /соның нәтижесінде сырқат қайтыс болған/ хирург те дәл осылайша жауап беруі тиіс. Себебі операцияны жақсы жүргізу оның қолынан келмейді, өйткені медицина нститутын бітіргенімен нашар оқығак, операцияны жақсы жасай алмайды, бірақ ол осы салада істеуге ниет егкеннен кейін, оның үлесінен шығуға міндетті болатын. Олай болса мамандығын игере алмау салдарынан болған зардапқа хирург жауан береді».

Мұны былай түсінуге болады: Өзі дайын емес кауіпті істі қолға алған адам, өз жеңілдігінің нәтижесінде болған зардап үшін жауап беруі тиіс. Бірақ мұндай жағдайды қылмыстық абайсыздық деп тану үшін М.Д.Шаргородский айтқандай, субьективті белгілерден бас тарту талап етілмейді. Бұл жерде үқыпсыздық емес, шартты түрде «қылмыстық абайсыздық» деп аталатын абайсыз әрекеттің өзіндік бір түрлері сөз болып отыр .

«Кылмыстық абайсыздық» тұсымда адам өз іс-әрекеттерінің қоғам үшін қауіпті екенін, оған жол бермеуі керектігін, сондай-ақ бүл іс-әрекетке өзінің дайын емес екендігін сезінуге мүмкіндігі бола түра оны сезінбейді. Сондықтан да бұл жерде абайсыздықтың субъективті белгісі орын алған. Өзімшілдікке қарағанда бүл жағдайда адам өз әрекетінің қоғамға қаушті зардабын алдын-ала болжай алмайды, ал ұқыпсыздыққа қарағанда өз надандығынан оны болжай білуге пайымы жетпейді. Бірақ мүның бәрі кешіруге болмайтын себептерге жатады. Қызметіне, білімі мен тәжірибесіне сәйкес қойылатын талапты адам қалай түсінсе, болған жагдайға байланысты оның айыбы солай анықталады.

Өзімшілдік және үқыпсыздық белгілеріне сай келмейтін абайсыздық айыбының тағы да бір түрі «ерік ұқыпсыздығы». Қоғамдық қауіпті зардапты болдырмау үшін дұрыс шешім қабылдауды галап ететін кііын жағдайға түскен субъект дұрыс шешім табуға және кесірлі зардаптың алдын алуға мүмкіндігі бола тұра және солай етуге міндетті екендігіне қарамастан , дүрыс шешім таба алмайды немесе ол шешімді жүзеге асыра алмайды. Мұндай жағдайда өзімшілдік те / субъект ешнәрсеге де сеніп ,арқа сүйемейді/, ұщсыздық ка жоқ. «Ерік ұшсыздығының» себебі -сакталау, әбіржу барысында субъект не істерін білмей, күш-жігерін жинақтап, кауіпті зардапты болдырмауға бағыттай алмайды. Мысалы, Мепикас пен Данилиннің ісі бойынша КСРО Жоғары Сотының Әскери колегиясы Данилиннің кісі басу кезінде оның кдбілетіне, айналадағы жагдайды дер кезінде дұрыс түсінуіне және шешім қабылдауына қорқыныш пен сасқалақтаудың қаншалықты кесірін тигізетінін анықгау үшін сараптама /экспертиза/ жасау кажет деп айпты. Онсыз Данилиннің бақытсыз оқиғаның алдын алуына мгүмкіядігі болды ма деген мәселені шешу мүмкін емес еді.

Тотенше октағалар әбден молайған. Бұгінгі жағдайда абайсыздық қылмысының бұл түрі есе түскен.

М.С.Гринберг «әдейі жауапқа қабілетсіздік» деген түсінік ендіру жөнінде мәселе қойған. Бұл түсінікті ресмилендіру үшін көп жагдайда қылмыстык, — кұқық шеңберінен лығып кететін: кәсіби жарамдылық белгісін аныктау / «маман моделі»/, жеке адамның психофизикалық сапасын ажыратудың кәсіби әдісін дүрыс таңдау, кәсіби аттестация ұйымдастыру сияқты басқа да көптеген күрделі мөселелерді шешу керек.

Адамдардың бойындағы психофизикалық проблемалар әбден ши—елеиіскен бүгінгі таңда ол мәселелерді шешу және оны күрделі өндіріс талабына сәйкестендіру аса келелі мәселелердің бірі. Бүлай еткеңде біз абайсыздық қылмысының да, техника қолдану саласында одан келер зардаптың да аддын алған болар едік.

Бірақ «әдейі жауапқа қабілетсіздік түсінігін ресмилендіру абайсыздықтың субъективті белгілерінің маңызын жоққа шығара алмайды. «Техникалық жүйені операторларына» жатпайтын субъектілер жөнінде айтпаганның өзінде /оларға «әдейі жауапка
қабілетсіздік» түсінігін қолдануға болмайды/, белгілі бір процесстерді қауіпсіз жүргізу үшін қажетті операторлық сапа жинақтау — оның каншалықты жүйкелік-психологиялық салмақ түсіретінаігіне қарамастан нақты бір белгілі жағдайда ғана есептелген. Ал кез келген оператор дұрыс шешімін таба бермейтін шұғыл жағдайлар үнемі болып тұрады. Сондай-ақ жеке адамиың бойьшдағы психофизикалық сапалардың да ішкі өзгеріске
ұшырауының мүмкін екендігін ұмытпау керек. Осымен субъективті белгілер қылмысты абайсыздықгың маңызды мінездемесіне саналады және жағдайды заң тұрғысынан айқындау кезінде оны ескермеу мүмкін емес. Осыған орай, қылмысты абайсыздық мынадай анықтама беруге болады:

«Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға кауіптігіне зардаптары болуы мүмкін екенін түсінбесе, бірақ түсінуге тиіс және түсіне алмайтындай болса, немесе оның қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін болжаған болса, бірақ жеңіл ойлықпен оның алдын алуға болады деп есептесе, немесе озідай зардаптың болуы мүмкіндігін болжай алмаса, бірақ болжауга тиіс жәнс болжай алатындай болса, онда қылмыс абайсыздықтен істеледі деп танылады».

1.2. АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН    ҚЫЛМЫСТАРДЫН  ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯЛЫК СИПАТТАМАСЫ.

Абайсыздық- кінәлінің өзі жасаған әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалақ қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК абайзыздықтың екі түрі қарастырылған: а. менмендік, б.немқұрайдылық. ҚР ҚК 21- бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс- әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенің алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптары жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс  менмендікпен жасаған қылмыс деп танылады. Менмнедікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған  тұлғаның істегенінің салдарына психиқалық қатынасы абайсыз және қасақана кінәнің басқа түрі сияқты, интелектуалдық және еркіне қарай сәттерден тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарац сәт, бұл салдарының алдын алуға негізсіс арттық сенумен сипатталады.  Мысалы, машынаны басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырып жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сәтте машынаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге ұшыратады. Менмендіктіқ заңды тұжырымдамасында оның интелектуалдық сәті тікелей және әсіресе, жанама қасақаналықтың интелектуалдық сәтімен жақын.  Екі жағдайда да тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алатындығын алдын ала көріп біледі. Алайда , заң шығарушының қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын ала көре білу түсініктің , шынайы мазмунының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып келетін  менмендікті сүреттеуде қолдануынаң түбірлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық алдын ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде алдың ала көре білу нақты сипатқа ие болса, менмендіқ кезінде ол- абстрактілі түрінде. Мұның  мағынасын бұлайша түсіндіруге болады; қасақаналық кезінде кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі жағдайларда жасалған өзінің нақты әрекеттерінің сөзсіз немесе болуы ықтимал нәтиже орын алатынын алдын ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне  пышақпен ұра отыра, түлға дәлосы соққы, осы пышақпен соғу жәбірленушіні өлімге ұшырататының алдын ала көре білген. Ал қылмыстық менмендік кезіндегі интелектуалдық сәттің мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің қылмысты салдарының әйтауір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын ала көріп біледі. Мысалы, жүргізуші машынаны рұқсат етрілген жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншіні соғына апаратының жалпы көріп біле алады және бұл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын ала көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығын тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды, яғни ол жаяу жүргіншімен қақтығысса оған залал келтірудің алдын ала алады деп үміттенеді.Алайда, менмендіктің қасақаналықтан негізгі айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде . Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының алдың алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады.  Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық менмендік кезінде, тұлғаның еркі өз іс- әрекетінің қылмысты салдарының алдың алуға бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген оқиғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машынаны ұзақ уақыт бойы апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжіребесіне, оның техникалық жағдайының сенімділігіңе, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптнген жағдайларда сенім артады. Өкінішке орай, нақты бір кезенде мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машынаны жүргізуші жаяу жүргізушіні бәрі бір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің қателегі, негізсіздігі- жасалған іс- әрекеттің салдарына асихиқалық қатынасты қылмысты менмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді.Абайсыз кінәнің екінші түрі- қылмысты немқұрайдылық болып табылады. ҚР ҚК 21- бабының  3- бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенің болжап білмесе , қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Қылмыстық немқұрайдылықтың интелектуалдық сәтінің  қасақаналықтың сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де, интелектуалдық сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайдылық кезінде тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуының мүмкіндігің алдын ала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің бұл түрінің интелектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бағалау білу- кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл — интелектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл жағдайда кінәнәң мәні интелектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі тап осы сәтке байланысты алады.

Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің заңды анықтамасы объективті және субъектівті екі шартқа байланысты теория мен сот тәжірибесінде объективті шарт, тұлғаның  өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын алдын ала көре білетіндей, заңға, тұлғаның мамандығы бойынша мәртебесіне және жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген міндеттерімен байланысты.  Абайсыздық қылмыскерлігінің қурылымын айқындау үшін абайсыздық қылмыстарын қылмыстық-күқылық және криминалогиялық белгілері бойынша жіктеу керек. Осыган орай негізгі жіктеу белгілерін таңдау мәселесі туыңдайды. Ондай белгі ретіңде абайсыздық қылмысы кезінде бұзылған қоғамдық қатынастарды /яғни, қылмыс объектісі/ алу ретсіз. Өйткені түрлі обьектілерге әсер ететін абайсыздық қылмыстары криминалогиялық тұрғыдан алғанда өзара ұқсас болып келуі мүмкін. Абайсыздық қылмысы нәтижесінде болған зардаптарды да/ заттай, рухани немесе дене жаракдты /жіктеу негізіне алуға болмайды, өйткені нақгы болған зардап көп ретте кездейсоқ жағдайға байланысты болады, мүнан өзге көп жағдайда түрлі зардаптардың табуы байқалады. Абайсыздық қылмыстарының құрамын қылмысты нәтижесінің болуына нсмесе болмауына қарай бөлудің біршама маңызы бар . Бірақ бұл бөлу таза қылмыстық — құқылық мәнге ие, көрсетілген абайсыздық қылмыстар тобының криминалогиялық ерекшеліктерін ашпайды . Ол осы ерекшеліктерден туындайды.

Абайсыздық қылмыстарын оқиға болган қызмет саласына карай жіктеудің криминалогиялық және қылмыстық — құқылық маңызы зор. Бұлайша жіктеу абайсыздық қылмыстарын қоғамдық қауіптілігіне және қылмысты жасау механизыміне қарай топтарға бөлуге, осыған орай оған карсы күрес шараларының ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Абайсыздық қылмыскерлігі мынадай екі топқа бөлінуі тиіс: тұрмыстық және кәсіптік. Өз кезегінде тұрмыстық абайсыздық екі түрге бөлінеді:

а / техникалық  жабдықтар әрекеті саласынан тыс   жерде   және техника    жабдықтарын, баска да қауіптілігі жоғары кездерді пайдаланусыз болған тұрмыстық абайсыздық қылмысы;

ә/ техникалық жабдықгар әрекеті саласында және техника жабдықтары мен басқа қауіптілігі жоғары кездерді пайдалану аркдсында болған абайсыздық қылмысы. Кәсіби абайсыздық үш түрге бөлінеді:

а/ техникалық жабдықгар әрекеті саласында және техника жабдықтары мен басқа да кауіптілігі жоғары кездерді пайдалу арқасында болған кәсіби абайсыздық қылмысы;

ә/ таза кәсіби қызмет саласында болған және лауазымдық / басқару/ міндетін пайдалану барысында абайсыздық қылмысы.

Бүл жіктеуді   мынадай схема арқылы көрсетуге болады:

Техникалық техникалық таза лауазымдық жабдықтар жабдықтар кәсіби /басқару/ әрекетінен әрекеті қызмет міндетін тыс салада саласында  пайдалану барысында.

Осылайша абайсыздық қылмысын негізінен төрт түрге бөлуге болады:

  1. Техникалық жабдықтар әрекетінен, сондай-ақ қауіптілігі жоғары басқа да көздерден тыс салада болатын тұрмыстық абайсыздық қылмыстарды ежелден келе жаткан, ал бүгінгі күні абайсыздық қылмысының ең аз кездесетін түрінен саналады. Оған абайсыз әрекет абайсыздықтан болған ауыр немесе жеңіл дене жаракаттары, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке азаматтардың мүліктерін абайсыздықтан жою немесе зиян келтіру жатады. Айта кету керек, бүл баптар бойынша өзге топтарға жататын қылмыстарды да жіктеуге болады, мысалы, егер кісі өлімі немесе мүліктің жойылуы салдарынан болса, т.б.

Осылайша, абайсыздық қылмыстарын ұсынылып отырған, тәртіп бойынша жіктеу ҚР Қылмыстық кодексіндегі құралдарды жіктеумен сәйкес келмейді .

Бүл топтың жалпы абайсыздық қылмысындағы үлес салмагы он шалықты үлкен емес , бірақ оның динамикасы өсіп келеді.

Техникалық жабдықтар мен баска кауіптілігі жогары көздердің әрекет саласыңда болған абайсыздық қылмыстары — абайсыздық қылмыскерлігінің көптеген топтарын қүрайды, олар көбіне кәсіби қызмет барысында жүз береді. Бірақ бүл қылмыстар түрмыс ауқымында да болып жатады.

Мүнан өзге, техника жабдықтарын пайдалануға катысы жоқ азаматтар да оның әрекет саласына жиі тап болады, осыдан келіп, кейбір абайсыздық салдарынан ол жабдықтардың қауіпсіздік қызметі бүзылады да, соңы ауыр зардапқа соғады.

Сондықтан да бүл топтағы қылмыстарды техника жабдықтарын пайдаланушылардың да, сондай-ақ техника жабдықтарын пайдалану ережелерін жақсы білуге және өздерінің іс-қимылын соған лайықтай білуге міндетті, осы салада жүрген өзге адамдардың да жасаулары мүмкін.

Бүл топтағы қылмыстардың абайсыздық қылмыстарының жалпы күрамы ретінде де, сондай-ақ техникалық қылмыстардың күрамы ретінде де қаралуы мүмкін. Ол қылмыстардың жалпыға бірдей белгісі — олар адам мен техниканың өзара қатысы арқылы жүз береді, техникалық жабдықтардың субьектінің немесе басқарушының ауқымынан шығып кетуіне әкеп соғады да қоғамға қауіпті   зардап келтіреді.

  1. Таза кәсіби қызмет саласында техникалық және лауазымдық /баскару/ міндеттерін пайдаланудан тыс болған абайсыздық қылмыстары қылмыстың бүл саласында дербес топ құрайды. Оған субьектінің өз кәсіби міндеттерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы нәтижесінде қоғамға зиян келтірген жағдайлар жатады. Қылмыстық занда ондай жағдайлар арнайы кдралған: Егер олар арнайы құрамда көрілмеген болса, болған зардапкд байланысты абайсыздық қылмыстарының жалпы құрамы қолданылуы мүмкін.

4.Абайсыздық қылмысының соны тобын лауазымдық басқару міндетін пайдалану нәтижесінде жасалған қылмыстар құрайды. Соны құрам осы қылмыстар тобы үшін жалпылама түрде каралуы мүмкін.

Бүл көрсетілген қылмыстар тобының маңызы мен қауіптілігі сощы уақытта кәбейе түсті. Мұны қоғамдық әмірімізде басқару жүйесі рөлінің өсуімен түсіндіруге болады. Осыган орай жіберілген «қатенің» құны да арта бермек, олай болса баскару шешімдерінің уақытылы және дұрыс болуы үшін лауазым иелеріне қойылар талап та өсе түсті.

ГДР / 169 / және ПХР / 3,217 -бап / қылмыстық кодекстерінде шаруашылық тәуекелі мен даму тәуекелінің қылмыстық жауапкершіліктен азат ететін жағдай ретінде ендіру назар аударуға тұрады. Негізгі, қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне іс-әрекеттің қоғамдық кдуіптілігін жоққа шығаратын жағдай ретінде өзін-өзі ақгаған тәуекелді ендірсе дүрысырақ болған болар еді.

5.Автоматты басқару жүйесін АБЖ өндірудің өсуіне байланысты алдағы уақытта АБЖ негізінде кабылдап, елеулі зиян келтірген, теріс басқару шешімдері үшін қылмысты жауапкершілікке тарту проблемасы болады. Бүл жерде АБЖ жағдайында жалпы жауапкершілік проблемасының қылмыстық құқылық аспекті сөз болып отыр. Қылмыстық құқық еліміздің халық шаруашылыгы мен басқару саласында елеулі зиянгершілікке соқгырып отырған немқұрайлылық пен шаруаны бетімен жіберушілік сияқты кауіпті құбылысқа қарсы күресте елеулі / басты болмаса да көмекші / рөлі ойнауы тис. АБЖ-ны кеңінен ендіру арқылы хабар көлемін кеңейтуге, қабылдайтын шешімнің нәтижесін болжау мүмкіндігін арттыруға қол жететіндіктен лауазым иелеріне жүктелер жауапкершілік те күшейе түскен. Мүның алғы шарты — басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыру процесін дәл үйымдастыру және нормативтік тұрғыдан бекіту, сондай-ақ оган қатысты адамдардың міндеттері мен құқын айқындай білу болып табылады. Басқаша айткднда, туындайтын қарым — катынастарды құқылық реттестіру арқылы бүл процесті арнайы бағдарламаға алу керек. Мұндай жағдайда жалпылама «қате шешім қабылдағаны үшін», хабар мен камтамасыз етуге, баскару шешімімен дайындауға , шығару және жүзеге асыруға байланысты бекітілген нақгы нормативті міндетін орындамаганы үшін немесе ойындағыдай орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

АБЖ негізіңде баскдру шешімдерін кабылдау процессін тәртіпке келтіру. АБЖ жүйесіндегі ӘВМ-ді пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін жасау және бұл қызметке қатысты барлық адамдардың міндеттері мен құқығын дәл айқындау- қылмыстық зандылықка. АБЖ-ны қылмыстық құқылық түрғыдан қорғауға бағытталған арнайы қылмыстар құрамы қалыптастыруға және өндіруге мүмкіндік береді. Ол құрам- автоматы басқару жүйесін пайдалану ережесін бүзу нәтижесінде үлкен материалдық шығынға немесе басқалай елеулі зардапқа жол беру.

1.3.  АВТОКӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ  ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

Қылмысты абайсыздықпен күрестің криминалогиялық және қылмыстық — құқылық проблемаларын зерттеу ең алдымен бастапқы негізгі түсініктің мазмұны дәл талап етіледі. Абайсыздық қылмыскерлігі, абайсыздық қылмыскер, қылмысты абайсыздық сияқгы түсінік катигорияларының негізінде ең алдымен абайсыздық қылмысы жөніндегі ұғым жатыр. Айыптың абайсыздық түрінің белгілерін абайсыздық құрылымын есепке алмайынша, дұрыс тұжырымдау мүмкін емес, өйткені, ол құрылым сол абайсыздықтың субьективті жағынан саналады .

Абайсыздық қылмыстың қасакдна қылмысқа кдрағанда өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері абайсыздық қылмыстың субъективті жағын гана сипаттап қоймайды, сонымен бірге объективті жағын да сипаттайды. Және де обьективті жағынан ерекшкліктері субъективті жағынан ыщіал етіп отырады. Абайсыздық әрекеттерін жіктеу, оған жаза беру және профилактика кезінде бүл есепке алынуы тиіс. Оның зерттеудің маңыздылыгы сонда, қылмыстық құқығының мәселелері, әсіресе, оның жалпы бөлімі қасақана қылмысқа қолданылатындай етіп жасалған, осыдан келіп оны абайсыздық қылмысына қолдануға мүлде болмайды /мысалы, абайсыздық қылмысына ортақгас болу жөніндегі түсінік / немесе олардың ерекшеліктерін жеткілікті деңгейде есепке алмайды / мысалы, ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар /.

Кешеге дейін қылмысты абайсыздық негізінен абайсыздық қылмысының «моделінен» айналған абайсызда кісі өлтіру сияқгы қылмысқа ғана қолданып келеді. Айыптың түрін, анығырақ айткднда -өзімшілдік, ұқыпсыздық қылмысын айқындау алдын-ала белгіленген «модель» бойынша жүргізіледі, бүндағы кемшілік — айып субъектінің тек қылмыс нәтижесіне психикалық кдтысын ғана айқындайды.

Казіргі уақытта абайсыздық қылмыскерлігінің басым бөлігі /бестен төрт / техника пайдалану саласында болады,  бұған Қылмыстық кодексте 30-дан астам норма арналған, олар абайсыздық қылмысының аса қауіпті түрлеріне жатады, ал бүгінгі танда кауіптілік онан сайын өсе түсуде. Сондықган да абайсыздық қылмысының моделіне — техниканы пайдалану саласындағы қылмыстар, абайсыздық техникалық қылмыстары жатады. Біздің диплом жұмысының тақырыбына автокөлік абайсыздық қылмыстарын тандауымның да себебі де осы, жол-көлік оқиғаларының қаупі жыл өткен сайын өршей түсуде.1

Жалпы автокөлік қылмыстарын М.С. Гринберг Б.А.Куринов, И.П.Лановенко, В.Е.Квашис, Ш.Д.Махмудов тағы басқа ғалымдар зерттеген. Бірақ ол мәселелер әлі де болса жете зерттелмеген немесе оны шешу қиын жағдайда тұрған сияқгы. Жалпы автокәлік қылмыстарының белгілері мен ерекшкліктерін зерттей түсу кджет.

Техникалық қылмыстардың белгілерін ерекшеліктерін талдамас бүрын, олардың жалпы анықтамасын беру керек: яғни ,техникалық қылмыс дегеніміз — жоғары қауіп кездерін пайдаланатын немесе олардың әрекет саласындағы адамдардың қауіпсіздік ережелерін қасақана немесе абайсызда бұзу арқылы техниканы баскарушы субьектінің бақылаудан айрылып қалуы нәтижесінде қоғамдық кауіпсіздіке қол    сұғу, абайсыздық    салдарынан      қоғамға    келтіру немесе соған мүмкіндік жасау деген сөз .

Автокөлік        техника        жабдықгарынан                 жататындықтан техникалық   қылмыс    туралы    үғымды    автокөлік    қылмысына   да пайдалануға да болады .

Бүл қатынастар ең алдымен әлеуметтік-техникалық нормалармен реттеледі, сол арқылы автокөлік жүйесінің апатынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олар автокөлікте пайдалану кезінде адамдардың өзара қатынасына , техникалық бақылаудан шығып кетпеуіне, оны қауіпсіз үстауға, жол көлік оқигаларын ықпал етеді. Бүл қатынас тардың бүзылуы автокөлікке немесе оның әрекет саласына байланысты адамдардың денсаулығы мен өміріне кдуіп келтіреді, үлкен материалдық зардапкд соқгырады. Транспорт жұмысына, басқа да қоғамдық қызмет түрлеріне нүқсан келтіреді. Мұны болдырмау үшін қоғамдық кауіпсіздік қатынастарына қылмыстық — құқылық қоргау шаралары белгіленеді. Ол шаралар бұл қатынастағы субьектілердің өмірін, денсаулығын, мүлкін қалыпты қызметін қоргайды.

  1. Қоғамдық кауіпсіздік катынастары қоғамға кауіп тудыратын адамдар үшін, басқаша айтканда, жоғары қауіп көздері үшін белгіленеді. Жоғары кдуіп көзі жөніңдегі түсінік азаматтық- құқылық заңдылыққа нигилистік ғылым арқылы енген, ол қауіп көзі тудырған зардап үшін азаматтық — құқылық зандылықгың өзіндік ерекше шарттарын айқындау/зиян әкелген адам емес, ал жоғары кдуіп көзі иесінің жауапкершілігі, яғни айыпсыз жауаптылық тағы баскд /кджеттілігінен туған. Қылмыстық құқық бүл ұғым қылмысты әрекетті жіктеудің және кауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін жауаптылықгы арттырудың бір белгісі ретіңде міндет аткарады .

Автокөлік қылмысы жөніндегі түсінік жоғары қауіп көзі жөніндегі түсінікпен сыбайлас .

Жоғары қауіп көздерінің белгілерін айқындаудың маңызы зор, сол арқылы автокөлік қылмысының сипатын ашуға болады. М.С.Гринбергтің мына пікірімен санаспауға болмайды : «Жоғары қауіп көздерінің мәнді және өзіндік белгілеріне логикалық жүйелі талдау жасай отырып, жоғары қауіп көздерінің тұрақсыздығын атап көрсетуге болады. Бұл көздерден куаттылық және күрделілік деп аталатын басқа екі белгісі туындайды. Куаттылық — жоғары қауіп қаншалықгы зардап келтіретінін, ал күрделілік — оның салыстырмалы беріктігін білдіреді».

Келтірілген бүл белгілер: тұрақсыздық, куаттылық және күрделілілік — шын мәнінде, жоғары қауіп көзіне айналып отырған автокөліктерге тән қасиеттер .

Қылмыстық зандылыққа қауіп көзі жөнінде түсінік ендіру арқылы қылмыстық — құқылық нормалардың жіктеу шарттарын айқындауда ала — құлалықкд, сөзсіз қатеге соқтыратын казуистік / теріс, жалған / құрылымнан бас тартқан болар едік. Мүндай түсініктің жәрдемімен кджет кезде автокөлік қылмысының жалпы құрамын түзетуге болады . Мүнан өзге бүл автокөлік қылмысы үшін бізге қылмысты жауапкершіліктің ерекше мәселелерін шешуге / өзін ақгайтын тәуекел, «жәбірленушінің айыбы», бүйрықгы орындау, ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар , т.б. / мүмкіндік берер еді.

  1. Автокөлік қылмысы үшін автокөлікті пайдаланатын адам да ерекше субьект болып табылады.

Автокөлік     қылмыстарын субьектілерін     төрт  категорияга

бөлеміз :

а/ автокөлік жүргізушілері;

ө/ автокөліктерді    пайдалануды    қамтамасыз    ететін , техникалық жағдайына    бақылау жасайтын, сондай-ақ жол қозғалысын  баскдру жүйесінің операторларына бақылау жасайтын лауазым иелері; б/ автокөлік жөндеушілер баскд да қызмет көрсетушілер; в/автокөлік   әрекеті   саласында   істейтін,   өз   мінез — құлқын   соған лайықгауға, жол-көлік     қозғалысы    кдуіпсіздігі    ережесін    сақгауга міндетті барлық адамдар.

Жоғары кауіп көздері өндіріске, адамдардың тұрмысы мен қызмет көрсету саласына кеңінен енетіндіктен, кәсіпкер емес көптеген азаматтар оның әрекет саласымен қамтлады да, кейде автокөлік қылмысы обьектілерінің шеңберін шектеушілік қате сияқгы болып көрінеді.

Бірақ өзін — өзі ақгамайтын шектеушіліктен арылу міндетті түрде қылмыстық жауапкершілік ауқымын кеңейту деген сөз емес

Өйткені автокөлік қылмысы субьектілерінің шеңберін кеңейту қосымша шектеу шарттарын ендірумен кдбат жүргізіледі /жол қозғалысы кауіпсіздігі ережелерін саналы түрде бұзу, ауыр зардапка үрыңдыру, т.б./

Автокөлік қылмысы субьектісінің проблемасымен арнайы жауапка кабілеттілік жүйкелік — психологиялық салмақ түскенде автокөлік жүргізушісінің осындай кабілетке ие екендігі және арнайы жауапқа қабілетсіздік /адам бойынша автокөлікті жүргізу үшін кажетті сенсорлық, маторлық және басқа да психофизикалық сапалардың жоқгығы/.

Мұндай ұғымдарды ресмилендіру арқылы субьективті белгілерді «формализацияландыру», және субьект белгілерінің кдтарына жатқызу арқылы абайсыздық формуласынан ысырып тастауға болады .

Бұлай ету арқылы арнайы субьект жөніндегі түсінікті автокөлік қылмысына терең қолдана аламыз:

1.Ягни оның талабына белгілі бір қызмет орны ғана емес, психифизикалық сапалары да жауап беруі тиіс. Бүл автокөлік қылмысының алдын алуға да себеп болар еді.

2.Автокөлік қылмысы дегеніміз — автокөліктің техникалық жағдайын және оның әрекет ауқымындағы адамдардың көңіл — күйін реттестіріп отыратын арнайы нормативпен бекітілген кауіпсіздік қозғалысы ережелерінің бүзылуы.

Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережелері «іштен», ягни автокөлікке түрлі қызмет көрсететін қызметкерлер тарапынан, немесе «сырттан», яғни оның әрекет саласындағы адамдар тарапынан бүзылуы мүмкін. Олардың бұзылу түрі әрқылы: автокөлік техникалық ережелерге сәйкес емес немесе оны пайдалану ереже талабына жауап бермейді; Оны пайдалану тиісті адамдарға тапсырылмайды, т.б.

Бұл тәртіп бүзушылықтар автокөліктің /толық немесе жарым — жартылай /жүргізуші бақылауынан шығып кетуіне әкеп соғады, осыдан кейін қоғам үшін қауіпті жағдайдың туындауы мүмкін. Жүргізуші бақылауынан толық немесе жарым — жартылай шықкан автокөлік белгілі бір деңгейде дербестікке ие болып, өзінің потенциалды   /қауіпсіз         шекараларда      ережелермен   бекітілген/, құрылымсыз, бүлдіргіш касиетін   танытады.

Жол қозғалысы  кауіпсіздігі   ережелерін   бүзу   арқылы  жасалған автокөлік оқиғаларының қылмыстық — құқылық       нормалары    аса күрделі мәнге ие. Олар екі бөлімнен тұрады:

а/ құқықгың    өзге    салалары    бойынша    берілген    әлеуметтік техникалық     нормалар

б /жол  қозғалысы  кауіпсіздігінің ережелерінің бүзылуын   жіктеу   шарттары   мен   тәртіп   бұзғаны  үшін берілуге тиіс қылмыстық — құқылық санкцияны   айқындайтын  таза    қылмыстық  -құқылық норма.

Бұдан қылмыстық-құқылық және криминалогиялық мәнге ие маңызды қорытындылар шығаруга болады.

Біріншіден, абайсыздық автокөлік қылмысының негізіне жол қозғалысы кдуіпсіздігі ережесінің бұзылуы жатады, оның субьективті жағы субьективтің осы тәртіп бұзушылыққа деген психикалық көзқарасын бүзудың сипаты жауапкершілік шарасына ықцал етуі тиіс.

Екіншіден, автокөлік қылмысына карсы қылмыстық -құқылық күрес шараларын жетілдіру дегеніміз — тиісті нормалардың таза қылмыстық — құқылық бөлімін де, әлеуметтік — техникалық бөлімін де жетілдіру деген сөз. Үшіншіден, автокөлік қылмсын ескерту жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына бағдарлануы тиіс .

Абайсыз автокөлік қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік негізінен ең алдымен қозғалыс кауіпсіздігі ерекшеліктерінің бүзылуына әкеп соқкдн әрекеттер жаткднмен, оның қылмыстық зардаптары абайсыздық әркеттерін криминалдауда үлкен рөль ойнайды, абайсыздық үшін қылмыстық жауапкершілік саласын шектейді. Мұнан өзге, қылмыстық зардапты криминалдық шарты ретінде есепке алу, ол қоғамдық құқықгық санаға сәйкес келеді.

Сонымен бірге абайсыздықтан болған қылмыстық ерекшеліктерін есепке алмай болмайды.

Біріншіден, ол зардап айыпкер үшін елеулі бір деңгейде сол жағдайға тән ие болады, ал келесі деңгейде кездейсоқ мәнге ие болады. Зардап көп жағдайда- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бір ғана бұзылу әрекетінің емес, бірнеше себептердің болуы мүмкін, мысалы — жағдайда өзіндік еркшелігі, автокөліктің жарамсыздығы, жәбірленушінің тәртібі, т.б. дәл сондықтан, көбінесе абайсыздықтың қылмыстық нәтижесі адам мінез — күлқы үшін кездейсоқгық болып табылады, яғни тікелей іс- әрекетке қатысты емес , ішкі қажеттіліктен тумайды — сонымен зардап келтіру мұқгаждыгы жөніндегі пікір абайсыздық қылмысына қарсы күрес тәжірибесінің талаптарына қарсы күрес тәжірбиесінің талаптарына жауап бермейді. И.П.Ланевкенко техника кауіпсіздігі ережелерін бұзудың зардабына байланысты қызықты мәліметтер келтіреді: әрбір ауыр немесе кісі өлімінен аяқталған жағдайда елеусіз жарақат пен аяқталган бірнеше ондаған тәртіп бұзушылықтан келеді. Ал жеңіл жарқаттан әрбір он немесе жиырма ешқандай зардапсыз оқңгалардан келеді екен. Автор былай дейді : «Практикада көптеген ұқсас техника кдуіпсіздігі ережелері бүзылуының айыпкерлердің онан арғы тәртібіне қарамастан, өлімге, ауыр немесе жеңіл жаракдтқа соққан белгілі, көбінесе — бақытсыз кдупі төнбей де өте шығады».

Екіншіден, абайсызда зардап келтірудің тағы да бір ерекшелігі — кейде қылмыс бірнеше адамның жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бүзуы нәтижесінде болады. Абайсыздық қылмысына бірге қатысу мүмкіндігінің жоқтығы — абайсыздық салдарынан қылмыстық зардапты бірге келтірген адамдарга , әсіресе, «жүзеге асырушы» ретінде танылмайтын адамдарға ісіне қарай қылмыстық — құқылық бага беру мөселесін жоққа шығара алмайды. Бұл тұрғыда Ф.Р.Галиакбаровтың пікірімен келісуге болады, оның ойынша әлеуметтік практика уақыты келгенде абайсыздық зардаптарын бірге келтіргені жөніндегі жауапкершілік реттестіруді талап етуі тиіс.

Үшіншіден, алғашқы екі ерекшеліктен туындайтын мәселе абайсыздық техникалық қылмыстарында қылмыс зардабы жол қозғалысы кауіпсіздігі ережесіиің бұзылу деңгейімен сәйкес келмейді: ережені дөрекі түрде бұзғанымен соңы сәтті, тіпті субьект үшін тиімді болып шығуы мүмкін немесе ережені елеусіз ғана бүзудың соңы қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін. Саналы да ерікті түрде қылмыс жасаушыларға карағанда қылмыскерінің ерекшелігі сонда: жасалған қылмыстың зардабы, оның ауырлығы абайсызда жасаган адамның әлеуметтік — өнегелік бейнесін сипаттай алмайды .

Бұдан шығатын қорытынды криминалдауда және қылмыстық жауапкершілікті даралауда шешуші белгіге айналмауы тиіс.

  1. Қылмыс істеуде соттың үкімі мен заңға сәйкес айыпты деп танылған адамдарға ғана қылмысты жаза қолдануға мүмкіндік беретін қылмыстық құқығының ҚР Конститутциясынан туыңдайтын маңызды міндеттерінің бірі — обьективті жауаптылық кабілетіне қарсы құқылық кепілдіктер белгілеу болып табылады. Обьективті жауаптылық кабілетінің «жинақгалу» қауіпі, әсіресе, автокөлікті пайдалану саласында зардап келтірген жағдайда орасан зор болады, ол бірнеше себептермен айқындалады. Азаматтық қүқыққа автокөлік иесін ,,айыпсыз жауаптылықка,, жол беруі де өз ықпалын тигізеді. Автокөлікті пайдалану барысында абайсыздық салдарынан болған ауыр зардап практикалық қызметкерлер мен түрғындарға да елеулі түрде психологиялық әсер етеді. Ақырында, төтенше жағдайдың жүргізушіге оның психофизикалық мүмкіндігімен жоғары талап қоюы мүмкін. Бірақ, жүргізушінің кінәсін анықтайтын мәселені дұрыс шеіпуге тікелей қатысты бүл сөз болып отырған мүмкіндіктерге диагноз жасау әзірге тиісті деңгейде үйымдастырылмаған.

Обьективті        жауаптылыққа        кабілеттілікті                   болдырмау

жағдайлары автокөлікті пайдалану саласындағы қылмыстарга тән абайсыздық айыптарының түрлері мен аспектілерін зерттей түсуді талап етеді. Канша дегенмен, „автокөлік абайсыздығының,, негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бүзылуы жатыр гой. Ережені саналы немесе санасыз түрде бүзғандығы жөніндегі сипаттаманың да маңызы аз емес. Айта кеткен жөн, істі қылмысты деп тану үшін, ең алдымен ол ережелердің қасақана немесе абайсызда бұзылғанын анықтау керек .

Әдебиеттерде „мойындалатын абайсыздықты, өзімшімдікпен, ал „мойындалмайтын абайсыздықты, ұқыпсыздықпен теңестіру жиі ұшырасады. Бүл дүрыс емес: жол қозғалысы қауіпсіздік саналы түрде бүзу нақгы қоғамдық қауіпті зардапты болжамдап білмеумен толық сиысады. Мысалы, жылдамдықты өсірген жүргізуші жаяу адамның жолға шығып кететінін, оның қағып кететінін алдын ала болжай алмайды.1

Соған    қарамастан „мойындалатын    абайсыздықтың,, сөз жоқ қауіпі    зор,     ондай    да субьект    жол    қозғалысы    қауіпсіздігінің

ережелерін мүддем ескермейді, оларға немқұрайлықпен қарайтынын паш етеді, яғни субьект өзі жоғары кауіп көзіне айналады. Автокөлік қылмыстарымен техника қауіпсіздігі ережелерінің қылмысты түрде бұзылуы жөніндегі жарияланған мәліметтерге сүйенер болсақ, мұндай қылмыстың қырықган елу бес процентке дейінгі қауіпсіздік ережесін саналы түрде бұзу арқылы жасалады екен.

Бұл жерде мынадай қылмыстардағы айыптың аралас түрлеріне байланысты жағдай каралған: мысалы, қылмыс негізінен абайсыздық деп танылған, айыптың аралас түрі бар /абайсыздық шеңберінде/ көбіне қауіпсіздік ережесі қасақана саналы түрде бұзылып, зардабы, абайсыздықтан болатын жағдай.

Мәселен, аралас қылмыс жөніңде болып отыр: кдсақана әкімшілік немесе тәртібі  құқық бүзу және оны қылмыскд айналдыратын абайсыздық зардабын келтіру. Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережелерінің бүзылуына деген психикалық көзкарас.

Ерекшелігіне байланысты болатын зардаптың нақгы жағдайға қатысты және кездейсоқгығын ескере отырып, субьект пен оның іс-әрекетінің қоғамдық кауіптілігін айқындауға болады. Сондықтан да ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы автокөлік қылмысын абайсыздық деп танып , „Қозғалыс қауіпсіздігімен көлік жабдықгарын пайдалану ережелерінің бүзылу, мәні мен сипатын , айыпкердің бүған көзқарасын есепке алу„ кджет деп көрсетті.

Автокөлік қылмыстары үшін өзімшілдік пен үқыпсыздық белгілеріне толық сыйыспайтын „ерікті ұқыпсыздық,, және ,,қылмысты надандық,, сияқты абайсыздық айыптарының маңызы зор.

Ерікті ұқыпсыздық кезінде автокөлік жүргізуші апатты жағдаймен бетпе — бет келгенде /бұл жағдай көбінесе өзге адамдардың немесе стихиялы оқиғалардың себебінен болады/ өз бойындағы мүмкіндікті пайдалана алмай қалады.

Зардапты болдырмайтын дұрыс шешім таба алмайды. Ерікті үқыпсыздықгың басты белгісі -субьективті белгілердің    болуы, ягни нақты бір жағдайды қауіпсіздік ережелеріне сәйкес   іс-қымыл мүмкіндігінің болуы .

Егер автокөлік жүргізушісі өз білімі, дағдысы, тәжірибесі, денсаулығы, сондай-ақ кауіпсіздік ережелерінің талабын орындау, жағдайға байланысты психофизикалық ерекшеліктері тұрғысынан алганда кдбілетсіз болса, онда мұндай техникалық қылмысты істі қарау күрделі . Жалпы ереже бойынша субьективтивті белгілері болмағандықган ондай жүргізушілерді емес, автокөлікті баскдруға жарамсыз субьектілерді отырғызған адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде мәселе қойылуы мүмкін. Егер автокөлік роліне отырған адам өзінің жарамсыздыгын сезінсе немесе сезіне алатын және сезінуге тиіс болса, онда бүл жерде абайсыздықгың субьективті белгісі бар, мұндайда қылмыстық жауапкершілік моральдық — этикалық позицияға да, ғылыми — құқылық позицияга да негізделеді. Бүл сияқгы жағдайларды қылмысты надандық деп атайды.

Автокөлік қылмыстары жөніндегі қылмыстық заңдылықгы жетілдіру үстінде қылмыстық абайсыздықгың жоғарыда аталған түрлерін есепке алу керек. ГДР қылмыстық кодексінің 8,9,10, параграфтары көңіл аударарлықгай, онда ообьективті және субьективті орындай алатын міндеттерді саналы немесе санасыз түрде бұзу — абайсыздық түрлерін айқындаудың негізіне алынған, субьект „жауап бермейтін,, айыпты „жеке кабілетсіздік „ жоқка шығарады.

Сөз соңында абайсыздықтан болған автокөлік қылмысының себеп-салдарын айқындау ерекшеліктеріне тоқталайық. Касакана қылмыс тұсында қылмыс жасаушыға байланысты шешім қабылдаудың себебін анықтасақ жетіп жатыр, ал абайсыздық қылмысында оның себебін анықтау процесі біршама күрделі жүреді. Ол процесстің даму кезеңін үшке бөлуге болады :

а/ субьект тәртібінің себебі мен мақсаты / әдетте , қогамдық немесе жеке мұқгажын кднағаттандыру /;

ә/ кауіпсіздік ережесін бүзудың себебі мен мақсаты, егер бұл ережелер саналы түрде бұзылған болса / баскаша жағдайда — ережелерді санасыз бұзудың субьективті себептері /;

б/ апатты жағдайдайы субьекті тәртібінің мақсаты мен себебі , субьекті зардаптың болу қалпын сезінген жағдайда.

Бүл себептер мен мақсаттар процесстің біркелкі динамикалық есебі салдарының элементі ретінде түрліше бағаланып, түрлі мәнге ие болуы мүмкін . Бірақ қауіпсіздік ережесін бүзуда әрбір себеп пен мақсат жетекші мәнге ие.

Себебі мен мақсатын жорамалдау құрылымы бойынша абайсыздық қылмыстары субьекті тәртібінің себеп — мақсаты мен іс жүзіңде болған / немесе калпы туған/. Қылмыстық зардаптар арасындағы алшақгық ретіңде сипатталады. Сондықтан да абайсыздық қылмысында себеп пен мақсат мүдде қылмыс зардабы жөнінде емес, тек сапалы түрде тәртіп бүзған немесе оған тиісті көңіл бөлмеген жағдайындағы қауіпсіздік ережесінің бүзылу акті ретінде / субьект позициясынан/ «баяндайды», «ақтайды».

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, бүгінгі жағдайдағы абайсыздық қылмысының келешегі, өз кезегінде абайсыздық қылмысының себебіне, профилактика әдістері мен жолдарына, қылмыстың алдын алуға және жазалауға байланысты мәселелерді жүйелі түрде, бір — бірімен тыгыз байланысты шешуді талап етеді.

Ғылым техника дамыған бүгінгі заманда абайсыздық қылмысы -қоғамға аса кдуіпті құбылыстан саналады. Ал кей жағдайда өзге қылмыстарға қараганда кдуіптілік бола түседі. Бүл профилактикалық тұрғыдан біркатар қуындықгар туғызады. Қысқасы бүкіл алдын-алу жұмыстары жемістілігі абайсыздықка карсы күресте қандай жолды тандайтынымызға байланысты.

Оның жолы көп, тәуелсіздікке қол жеткізген Казақстан Республикасьның Заң институттары әлі жетілдіруде. 1997 ж ҚР Қылмыстық кодексі кабылданды. Дегенмен, бүл диплом жүмысында көбінесе сол ҚР ҚК тұсындағы зандар мен заңгерлердің еңбектерін негізге алуымызда сондықган.

2005 жылдың наурызында республикада қылмыспен күресті күшейту және құқық тәртібін нығайту мәселелері бойынша өткен кеңестің қорытындысы, ҚР-ның Президенті Нүрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың ондағы сөйлеген сөзі бізді жарқын болашақкд үміттендіреді. Алдағы уақытта өзіміздің заңгер ғалымдарымыз жас тәуелсіз елімімдің Қылмыстық Кодексін жетілдіріп, тереңдете түседі деген тұжырымға сенімдіміз.

Кылмыстық құқыққа карағанда азаматтық күқықгық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі.

Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын зандар, нормативті кұқықгық актілерде жауапкершілік шегі көрсетіледі.

 

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

  1. Казақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақ
халқына «Казақстан — 2030» Жолдауы.

3.ҚР Қылмыстық Кодексі 1997ж.

4.ҚР Қылмыстық іс Жұргізу Кодексі  1997ж.

5.Кайыржанов Е. Уголовное право А., 1998г. /общая    часть /

6.Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. А.,1998ж

1 Махмудов Ш.Д. Абайсыздық үшін жауапкершілік .Д.1999ж. с.58.

1 Дагель П.С. Криминологические проблемы в уголовном праве.М. 1999ж. с.63.

1 Брайнин я.м. Уголовная ответственность и ее основания в уголовном праве.М.Изд. Юрист. 1999ж.с.97.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ