Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы қатынастар

0
1520

 \r\n\r\n Жалпы мәліметтер\r\n\r\n13 мамыр 1992 ж. Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнады.\r\n\r\n3 наурыз 2010 ж. Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.\r\n\r\n19 наурыздан 2009 ж. Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев (қоса атқарушы,  резиденциясы Вильнюсте)\r\n\r\n19 қарашадан 2010 ж. Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннунен.\r\n\r\n \r\n\r\n Саяси қарым-қатынастар \r\n\r\nЕкі ел арасындағы саяси диалогтың негізі Финляндия Президенті М.Койвистоның Қазақстанға сапары барысында 1992 ж. қыркүйекте қаланды.\r\n\r\nСаяси консультациялар Қазақстанға ФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Я.Бломбергтің (10-11 қараша 1997 ж.), Сыртқы істер министрі Э.Туомиойдың (10-11 ақпан 2005 ж.), ФР СІМ Мемлекеттік хатшысы П.Торстилдің (9 қазан 2006 ж.) сапарлары барысында жалғасын тапты.\r\n\r\nЕкі жақты ынтымақтастықтың нығаюына ЕҚЫҰ Төрағасы-Финляндия Сыртқы істер министрі А.Стуббтің Қазақстанға сапары және оның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына (Астана, 2-4 шілде) қатысуы игі әсерін тигізді.\r\n\r\n23-25 наурыз 2009 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Финляндия Республикасына мемлекеттік сапары болды.\r\n\r\nСапар барысында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Тарье Халоненмен, Премьер-министр Матти Ванханенмен, Парламент спикері Саули Ниинистомен, елдің іскерлік элитасымен келіссөздер жүргізді, мәртебелі Паасикиви Саясаттану қоғамының мүшелері алдында сөз сөйледі, сондай-ақ «Отаниеми» аумақтық технологиялық орталығында болды.\r\n\r\nСапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасында Қосарланған салықты болдырмау және табыс пен капиталға салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім; Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Финляндия Республикасының Білім министрлігі арасында Білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Финляндия Республикасының Ұлттық мұрағаты арасында Мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; инновациялық ынтымақтастық туралы төрт келісім.\r\n\r\nПарламентаралық байланыстар дамуда. 1997 ж. 21-24 қыркүйекте  Алматыға Финляндияның парламенттік делегациясы келді.\r\n\r\n16-20 мамыр 1999 ж. Финляндияға сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісі делегациясын Президент М.Ахтисаари, Парламент Спикері Р.Уосукайнен қабылдады.\r\n\r\n1-3 ақпан 2006 ж. Қазақстанға ФР Парламенті Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің Төрағасы Л.Яконсаари бастаған делегация сапары өтті.\r\n\r\n30 мамыр – 2 маусым 2010 ж. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы О.Мұхамеджанов Финляндияға ресми сапар атқарды.\r\n\r\n \r\n\r\n            Сауда-экономикалық ынтымақтастық \r\n\r\nҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы 2008 ж. жедел өсіп, 1140,1 млн. долл. құрады, бұл 2007 ж. көрсеткіштен 56% жоғары. Сыртқы сауда балансының сальдосы Қазақстан үшін жағымды: экспорт – 634,1 млн. долл., импорт – 506,0 млн. долл. болды. 2007 ж. ол 732,4 млн. долл. еді (экспорт – 425,0 млн., импорт – 307,4 млн.) құраған.\r\n\r\nДүниежүзілік дағдарысқа байланысты 2009 ж. екі ел арасындағы сауда айналымы 33% қысқарып, 760,9 млн. долл. құрады. Соның ішінде экспорт – 451,2 млн. долл., импорт – 309,7 млн. долл.\r\n\r\nЕкі жақты қарым-қатынастарда 1992 жылы құрылған қазақстан-фин  Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның рөлі зор.\r\n\r\nКомиссияның бес отырысы өтті (16-19 қараша 1993 ж., 27-28 қазан 2004 ж., 27-28 қазан 2005 г., 28 мамыр 2007 ж. және 3 қараша 2008 ж.).\r\n\r\n5 наурыз 2010 ж. Финляндияның Сыртқы сауда министрі П.Вяюрюнен бастаған ең ірі фин компанияның 50 өкілдері  Қазақстанға сапар атқарды. Сапар барысында Астана мен Алматы қалаларында бизнес-форумдар өтті. Финляндияның Қазақстандағы Елшілігі ресми ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдени-гуманитарлық байланыстар \r\n\r\nФинляндияның қоғамды ақпараттандыру бойынша тәжірибесі, әлемдегі ең жоғары білім деңгейінің біріне жетуі, мәдени ерекшелігі мен туған тілін қадірлей білу дәстүрі Қазақстан үшін пайдалы.\r\n\r\n2006 ж. 4-11 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрінің Хельсинкиге сапары болып, ол фин білім жүйесімен және осы саладағы инновациялық жобалармен танысты, сондай-ақ финдік әріптестерімен зияткерлік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.\r\n\r\n2010 ж. 24-26 мамырда Хельсинки қаласында Қазақ киносының күндері өтті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ