Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар

0
4497

Жалпы мәліметтер\r\n\r\n \r\n\r\n1992 ж. 7 қаңтар – Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.\r\n\r\n1992 ж. 25 қаңтар – екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n1992 ж. наурыз – Қазақстан Республикасында Француз Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n1993 ж. шілде – Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n2006 ж. 23 қазаннан  бері – Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Куанон.\r\n\r\n2009 ж. 2 шілдеден  бері – Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Дәненов.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси ынтымақтастық\r\n\r\nЕкі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік шартына қол қою барысында қаланған болатын. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдылықтары 1993 жылғы Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға  сапары барысында қарастырылды.\r\n\r\nЫнтымақтастықтың алғашқы жылынан бастап қазақстан-француз саяси диалогы серпінді дамуда. Саясатта Қазақстан мен Франция жоғары деңгейдегі түсінушілікке қол жеткізіп, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне бірдей ұстамдылықтар ұстап, баға береді.  Франция Қазақстанды өңірдегі тұрақтылықтың қазығы және Еуропа мен Азияны байланыстырушы көпір ретінде деп қарап, әлемнің басқа ядролық мемлекеттерімен бірге Қазақстанға алғашқылардың  бірі болып қауіпсіздік кепілдігін берді.\r\n\r\nҚазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың дамуында мемлекеттер басшыларының арасында Ф.Миттеранның, сосын Ж. Ширактың кезеңінде қалыптасып, Н.Саркози кезінде жалғасқан  өзара жеке сенімді диалогтар өзінің маңызды рөлін атқарып отыр. Парижде мемлекетіміздің Басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан экономикасының бәсекелестігін ұлғайтуға, саяси және экономикалық реформаларды тереңдету мен елді жаңғыртуға жасаған еңбегін жоғары бағалайды.\r\n\r\nФранцияның басшылығы жаңа сапалы саяси жүйе құрудағы Қазақстанның қадамдарын құптап, жалпы Орта Азия өңіріндегі «өлкелік локоматив» ретіндегі жинақтаушы және тұрақтылықты сақтаушы ролін танып, онымен ынтымақтастықты шынайы стратегиялық әріптестіктің арнасына түсіруге бейім. Франция Қазақстанның кандидатурасын ЕҚЫҰ төрағалығына алғашқы кезеңде нақты қолдаған Батыс мемлекеттерінің қатарында болды.\r\n\r\nСоңғы жылдары  жоғары деңгейдегі делегациялар тұрақты қатынауда. 2008ж 8-9 ақпанда Франция Премьер-министр Франсуа Фийонның Астанаға ресми сапары болды, сапар барысында екі ел арасында стартегиялық әріптестік  туралы Декларацияға үкімет басшылары қол қойды. Осымен қатар  халықаралық автомобилмен жүк тасымалдау, өзара құпияны қорғау ведомствоаралық келісімдерге және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығы туралы мемарандумға қол қойылды.\r\n\r\n2008ж. 10-11 маусымдағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға ресми сапары қазақстан-француз қарым-қатынастарының сапалы жаңа кезеңін ашты. Президент Н. Назарбаевтың Президент Н.Саркозимен, Премьер-министр Ф.Фийонмен, Сенаттың Төрағасы К.Понселемен, Ұлттық Ассамблеяның Төрағасы Б.Аккуайемен жүргізген келіссөздері достық сипатта өтті. Тараптар ішінде регионалдық және халықаралық мәселелер бар көптеген тақырыптарды талқылап, халықаралық және регионалдық ұйымдардағы өзара тиімді  бірлескен қимылдар мен саяси диалогты кеңейту, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кешенін күшейту жөнінде пікір алмасты. Елбасы елдің бұрынғы Президенті Жак Ширакпен де кездесті.\r\n\r\n Президент Н.Назарбаевтың Францияның жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Ардақты легионның Үлкен крестімен» марапатталуы Елбасының әлем деңгейіндегі көшбасшы ретінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалпы дамуға қолғабыс етуге сіңірген еңбегінің бағасы және қазақстан-француз достастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға жұмсаған күш-жігерінің айғағы.\r\n\r\nҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапарының  барысында  Қазақстан мен Франция арасында Стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімге қол қойылып, сыртқы саясаттың европалық бағыты бойынша  айтарлықтай табысқа қол жеткізілді. Франция Қазақстанмен ЕО бірінші елі болып осы деңгейдегі халықаралық-құқықтық құжатқа қол қойды. Қазіргі кезде Қазақстанның бесінші сауда әріптесі және төртінші үлкен инвестор болып саналатын Франция, еліміздің Европадағы негізгі әріптесі ретінде қарастырылады.\r\n\r\nЕкі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастарын  құру  барысында француз елінің басшысының Франция мен Қазақстанның қарым-қатынастарының ерекше артықшылығы жөнінде жасаған мәлімдемесі ерекше болып табылады.\r\n\r\n2009ж.  6 қазанда Францияның Президенті Н.Саркозидің Қазақстанға Мемлекеттік сапары өзінің тығыздығы, екі президенттің келіссөздерінің қорытындысы, қол қойылған мәлімдеменің  мазмұны, қол жеткізілген үкіметаралық келісім-шарттар, екі елдің үлкен компаниялары арасындағы қол қиылған мемерандумдар стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімнің  баптарының іс жүзінде іске асуының кепілі.  Қазақстан мен Францияның арасындағы қарым –қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерілді деуге болады. Президенттердің «Саркози-Назарбаев» комиссиясын құру жөніндегі шешімін, Францияның Қазақстанның 2010 жыл бойы ЕҚЫҰ төрағалық етуін және ЕҚЫҰ саммитін өткізуі идеясын қолдауын, ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа Келісім бойынша келіссөздерді бастауға Париждің қолдау көрсетуге дайындығын міне осы тұрғыдан қарастыру қажет.\r\n\r\n \r\n\r\n            Парламентаралық қарым-қатынастар туралы\r\n\r\nПарламент аралық қатынастар мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың ең маңызды да бөлінбес  бөліміне айналуда. Қазақстан мен Франция аралығындағы парламентаралық байланыстардың қарқынды дамуы осыған дәлел.\r\n\r\n1993ж. Францияның Сенат пен Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық достық топтары құрылып, осы жүйемен парламенттік делегациялар тұрақты түрде қатынасуда. Француз парламентарийлері Астананың саяси тынысына қызығушылық танытып, Қазақстанда өткен сайлауларға халықаралық бақылаушылар ретінде тұрақты түрде қатысуда.\r\n\r\n2006ж. 23-25 мамырда Қазақтан тарапының шақыруымен Франция Сенатының Төрағасы К. Понселе ресми сапармен Қазақстанда болды.\r\n\r\nӨз тарапынан, Н. Абықаев басқарған, құрамында Үкімет мүшелері мен даму институттарының басшылары бар ҚР Сенатының делегациясы 2006ж. мамырда Парижде болып қайтты.\r\n\r\n2008ж. 11 желтоқсанда Францияның «Франция-Қазақстан» парламенттік достық тобының бастамасымен «ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың Қазақстандық моделі» тақырыбына дөңгелек стол ұйымдастырылды. Француз депутаттары Қазақстанның Орта Азиядағы саяси тұрақтылықты сақтау маңызы мен ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың Қазақстандық моделінің жағымды рольі атап өтті. \r\n\r\n2009ж. 2-7 наурызда Мәжілістің төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжанов басқарған парламенттік ынтымақтастық тобы жұмыс сапарымен Францияда болып, Президент Н.Саркози бастамасындағы «Қазақстан –Европаның стратегиялық әріптесі» атты Форумға қатысты. Форумда сөз сөйлегендер тәуелсіздік алған қысқа мерзімде өзінің жақын көршілерімен және әлемнің алып мемлекеттерімен сенімді,  тең деңгейдегі қарым-қатынас орнатқан Қазақстанның жоғарғы жетістіктерін атап өтті.\r\n\r\n«Нұр-Отан» мен «Халық қозғалысы үшін қозғалыс (ХҚО)» партияларының арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. 2009ж. 14-16 мамырда Парламенттік «Франция — Қазақстан» достық тобының Төрағасы, депутат,  ХҚО париясының мүшесі Т.Мариани «Нұр-Отан» париясының ХІІ съезінің жұмысына қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\n2009ж. қаңтар мен тамыз арасындағы қазақстан-француз товар айналымы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт-2,043 млрд., импорт -272 млн.), 2008ж. -6,201 млрд. долл. (экспорт-5,388 млрд., импорт -813 млн.), 2007ж. 4,6 млрд. долл. (экспорт-3,5 млрд., импорт -603 млн.)\r\n\r\nҚазақстан экспортының негізгі бөлімін мұнай, металл және металл өнімдері, химиялық заттар, ауылшаруашылық өнімдер құрайды. Қазақстан электр, электрондық, механикалық жабдықтар, дәрілер және косметика, көлік, азық-түлік, құрылыс материалдарын импорттайды. 2009ж. 30 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстан экономикасына француздық 5,2 млрд. доллар инвестиция түсті, оның 4,7 млрд. долларын тікелей инвестициялар құрайды. Франция экономикасына Қазақстан 2,1 млрд. доллар инвестиция жасады. Елбасының 2008ж. маусымдағы Францияға, Франция Президентінің 2009ж. қазандағы және Франция Премьер-министрінің 2008ж. ақпандағы сапарының барысында өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру қомақты серпіліс берілді. Қазіргі кездегі екі экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары болып мұнай, тау-кен, аэроғарыштық сала, атам өндірісі көлік пен банк салалары табылады. Француздық әріптестермен бірлесіп Қазақстан экономикасын индустриализациялау іске асырылып, қазақстандық мамандар дайындалып, алдыңғы қатарлы технологиялар  қолданылады.\r\n\r\nҮкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия (ҮАК) 1992 жылдан жұмыс істейді және осы жылдар бойы комиссияның 8 жиылысын өткізді. 2008ж. 2 наурызда Париж қаласында Үкіметаралық комиссияның 8 отырысы Қазақстанның экономика және бюджет министрі мен Францияның сыртқы сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы А. Идрактың төрағалығымен өтті.\r\n\r\n2008ж. Қазақстан-француз іскер кеңесі құрылып, оның құрамына 68 қазақстандық және француз іскер адамдары мен екі елдің алып компанияларының басшылары кіреді. Іскер кеңесінің бірінші отырысы 2009ж. 28 қаңтарда А. Карибжанов («Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры АҚ Басқарушы директоры) пен И. Даррикакарердің («Тоталь» компаниясының вице президенті)  төрағалығымен өтті.\r\n\r\nҚазақстанда Францияның 40 астам компаниялары тіркелген, олардың ішінде Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, ГазДеФранс-Сюэз, Данон, Банк Калион, Мори, Банк Натиксис, Санофи-Авентис, Банк Сосьете-Женераль, Талес, Тоталь и Шламбержер компанияларының өкілдіктері бар. Француздық әріптестердің қатысуымен «Ғарыш аппараттарының жинап-сынақтан өткізетін кешен» (спутниктер), «Талес Казахстан Инжиниринг» (радиоэлектроника), «УКАД» (ұшақ өндірісіне арналған титаннан жасалған жабдықтар), «Ифастар» (атом реакторы үшін отын жинақтауды зерттеу), «Катко» (уран өндіру), «Қазақстан-француз технология тансферт орталығы» («ноу-хау» игеру).\r\n\r\n \r\n\r\nӘскери — техникалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанмен Франция арасындағы әскери — техникалық ынтымақтастығының негізін Қазақстан қарулы күштеріне Француз әскери- жаттығу мекемелерінде мамандар дайындау мен Франция әскери құрылуының тәжрибесі үйрену және тілді оқытуды дамыту болып табылады. 2004ж бері 26 қазақстандық жауынгер Францияның әскери- жаттығу мекемелерінде тәлім алды.\r\n\r\nЕкі жақты әскери саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтайтын жыл сайын өткізілетін бірлескен қазақстан -француз жұмысшы топының мәжілістері  қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының діңгегін құрайды.\r\n\r\n2009ж.  6 қазанда Францияның Президенті Н.Саркозидің Қазақстанға Мемлекеттік сапары барысында «Әскери саладағы ынтымақтастық туралы», « Әскери — техникалық ынтымақтастық туралы» және «Франция қарулы күштерінің АИР тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына орай  әскери мүлік пен персоналды ҚР аумағымен транзитті өткізу туралы» келісімдерге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nАлдын алу мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою саласындағы  ынтымақтастық\r\n\r\nҚазақстан-француз қарым-қатынастарындағы жаңадан басталған алдын алу мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою саласындағы  ынтымақтастықтың болашағы үлкен.\r\n\r\n2009ж. қазандағы Франция Президенті Н. Саркозидің  Қазақстанға Мемлекеттік сапары барысында «Азаматтық қорғаныс, алдын алу мен төтенше жағдайларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы » келісімге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдени-гуманитарлық саладағы екі жақтық ынтымақтастық\r\n\r\nҒылым, білім беру және мәдениет саласындағы қазақстан –француз ынтымақтастығы 1993ж. Өнер және мәдениет саласындағы Үкіметаралық келісімнің, 1994ж. Қазақтан Ұлттық ғылым академиясы мен Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының арасындағы Келісімнің шеңберінде дамуда.\r\n\r\n2004ж. желтоқсанда Алматыда «Альянс Франсез» мәдени-ағарту агенттігінің өкілдігі ашылды. Қазіргі таңда агенттіктің  өкілдіктері еліміздің төрт қаласында жұмыс істейді (Астана,Алматы, Шымкент және Ақтөбе).\r\n\r\nБілім беру саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Францияда қазақстандық студенттер білім алуда. 2009ж. Францияда 44 «Болашақ» стипендиаты білім алуда.  Жоғарғы білім орындарының тікелей келісім-шарттары бойынша тұрақты түрде студенттер мен оқытушылар қатынасып тұрады. Университет аралық қарым-қатынастар әсіресе Ренн мен Алматы қалалары аралығындағы туысқандық байланыс арқылы қарқынды дамуда. Осы байланыс процессінің белсенді қатысушылары болып ҚазМӘТУ мен Ренн-2 болып табылады. Жоғары деңгейдегі басқарушы мамандарды дайындау мақсатымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ұлттық әкімшілік мектебінің арасында ынтымақтастық орнатылған. Технологияның трансфетрін дамыту мен 2009-2011жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстан-француз технология тансферт орталығы» құрылған.  Құрылатын орталықтың Қазақстан тарапынан құрылтайшысы «Технология трансферт және инжиниринг орталығы» АҚ («Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры АҚ) , ал француз тарапынан Еуропалық стратегиялық зерттеу компаниясы болып табылады (CEIS). Жобаның көздеген мақсаты Қазақстандық технология тансферт жүйесін Еуропалық технология тансферт жүйесіне бейімдеу және енгізу EEN (Enterprise Europe Network).\r\n\r\nҚазақстан мен Франция арасындағы  кино мен телевидение саласындағы ынтымақтастық та жақсы жағынан көрсете білді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ