Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы қатынастар

0
4053

Жалпы мәліметтер\r\n\r\n1992 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n1994 жылы Қазақстанда Канаданың дипломатиялық миссиясы (Орталық Азиядағы жалғыз) ашылды.\r\n\r\n2010 ж. желтоқсанында Канада Елшілігінің Астанадағы ғимаратының ашылуы жоспарлануда.\r\n\r\n1997-2008 жж. Канадада ҚР Консулдығы жұмыс істеді.\r\n\r\n2008 ж. мамыр айында ҚР-ның Канададағы Елшісі Ерлан Әбілдаев болып табылады.\r\n\r\n2009 ж. 19 қарашадан бастап ҚР-ғы Канаданың Елшісі Стивен Миллар болды.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси ынтымақтастық\r\n\r\n1992 ж. дипломатиялық қатынастардың орнаған кезінен бастап, екі ел арасындағы саяси әрі экономикалық салалардағы түйісулер тұрақты және өзара тиімді сипатқа ие болды.\r\n\r\n2003 ж. маусым айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Канадаға сапары барысында елдеріміз жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын растады. Елдер арасындағы серіктестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған екі маңызды құжатқа – өзара құқықтық көмек көрсету туралы Келісімге және екіжақты экономикалық әріптестікті нығайту туралы іс-қимылдардың Біріккен жоспарына қол қойылды.\r\n\r\nКанадалық заң шығарушылары елдің сыртқы саясат бағытын анықтауда басты рөл атқаратындығын ескере отырып, парламентаралық байланыстардың өрістей келетіндігі маңызды болып табылады.\r\n\r\n2008 ж. қыркүйегінде Торонтодағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның жұмысына қазақстандық делегацияның қатысуы шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Спикері Қ.-Ж.Тоқаевтың Канада Сенаты Сикері Н.Кинселламен кездесуі өтті. \r\n\r\n2009 ж. 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Канаданың экс-Премьер-Министрі Ж.Кретьен Қазақстанға іс-сапарымен келді. Іс-сапар барысында канадалық өкіл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және министрліктері мен ұлттық компанияларының бірқатар басшыларымен кездесулер өткізді.\r\n\r\n2009 ж. 8-10 сәуір аралығында Канада Парламентінің Сенаторы К.Ди Ниноның Астана қаласына іс-сапары өтті. Сапардың шеңберінде К.Ди Нино ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаевпен, Жоғарғы Соттың Төрағасы М.Әлімбековпен және Индустрия және сауда Вице-министрі Ж.Айтжановамен кездесті.\r\n\r\n2009 ж. 24-26 тамыз аралығында Канада Сыртқы істер министрі орынбасарының көмекшісі К.Санкуисттің Қазақстанға сапары өтті. Сапар барысында К.Санкуист ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигаловпен кездесті. 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да, ал Канаданың G8-де төрағалық етулеріне байланысты, канадалық тарап кейбір халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша екіжақты консультациялар өткізуді ұсынды.\r\n\r\n2009 ж. 16-17 қыркүйекте Канаданың ҚР-ғы Елшілігі Астанада Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттерге арналған «Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын молайтуға тыйым салу Конвенциясын Ұлттық іске асыру (КБТО)» атты семинар өткізді. Семинарға Канаданың қарусыздандыру өніндегі Елшісі, Женевадағы БҰҰ Бөлімшесіндегі Тұрақты уәкілі, КБТО-ның Әрекеттегі төрағасы Мариус Гриниус және де Орталық Азия, Ресей, Кавказдан келген 100-ден астам қатысушылар қатынасты.\r\n\r\n2010 ж. 27-30 сәуірде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Төрағаның бірінші орынбасары Р.Ибраимов басқарған делегациясының Оттаваға сапары өтті. Сапар барысында Канаданың басшылығы мен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдарының жетекші сарапшылардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ БАҚ-ның қатысуымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстанның тәжірибесі» тақырыптағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Р.Ибраимовтың Мемлекеттік қызмет этикасы жөніндегі Комиссардың орынбасары Дж.Фрайдэймен, Канаданың Корольдік ат полициясы Комиссарының орынбасары Б.Свенимен, Қаржы барлау орталығының директоры орынбасары Х.Гулеймен, «Трансперенси Интернейшнл Канада» президенті Дж.Клотцпен және канадалық парлементарийлері, соның ішінде Сенатор К.Ди Ниномен кездесулері өтті. Кездесулерде қазақстандық тарап канадалықтарды Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізетін жұмысы мен бұл саладағы ҚР-ның заңнамасымен таныстырды.\r\n\r\n2010 ж. 14-16 мамырда Алматыда «ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі» атты Трансазиялық парламенттік форумы өтті, Форумға Канада Парламенті Сенаторы К.Ди Нино қатысты.\r\n\r\n2010 ж. 17 шілдеде ЕҚЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысу аясында Алматыға Канада Сыртқы істер министрі Л.Кэннон  сапар шекті. Оның ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесуінде Саммиттің мүмкін мерзімі, «Корфу процесі» және т.б. талқыланды. Қазақстандық тарап  2010 жылғы Саммитін өткізудегі канадалықтардың қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Тараптар уран саласындағы ынтымақтастықтың нығайтуын атап өтті. Қ.Саудабаев канадалықты Астанаға шақырып, ықтимал сапарының аясында бизнес-форумды өткізуді ұсынды. Л.Кэннон бұл ұсынысты қолдап, Канаданың ҚР-ғы Елшісіне сәйкес тапсырма беретіндігін хабарлады.  \r\n\r\n2009 ж. 16 маусымда қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан-Канада достастығының парламенттік тобы құрылды. Канаданың 18 депутаты мен сенаторы кірген топтың Төрағасы сенатор Консильо Ди Нино болып табылады. Парламентаралық топтың құрылуы екіжақты қатынастардағы маңызды оқиға болып табылады, себебі заңнамалық саладағы өзара әрекеттестік парламентаралық және партияаралық қатынастардың дамуына қуатты серпіліс бере алады.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\nЕкіжақты қатынастардың негізгі құрамды бөлігі экономикалық саладағы ынтымақтастық болып табылады.\r\n\r\n2009 ж. 24 қыркүйекте Канаданың Халықаралық сауда министрі С.Дэй Қазақстанға сапармен келді. Министр С.Дэй ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен, Индустрия және сауда Министрі Ә.Исекешевпен, Энергетика және минералдық ресурстар Министрі С.Мыңбаевпен және Көлік және коммуникация Вице-Министрі Е.Дүйсенбаевпен кездесті. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мен Канада Сыртқы істер және халықаралық сауда министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сауда және инвестициялар саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға және Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ниет туралы хаттамаға қол қойылды.\r\n\r\nҚазақстан мен Канада арасындағы әріптестігінің басты бағыттарының бірі ауыл шаруашылық саласы болып табылады. 2008 ж. шілде айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгроқаржы» өкілдерінің Канадаға іссапары өтті. Іс-сапар барысында қазақстадық делегация Канаданың ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен және канадалық ауылшаруашылық саласындағы өндірушілерімен бірқатар кездесулерді өткізіп, тұқымды малды өсіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.\r\n\r\nҚазақстанда канадалық капитал қатысуымен 170 компания мен 40 компания өкілдіктері тіркелген. Кәсіпорындардың басым бөлігі Алматыда, қалғандары Астана қаласында, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Кәсіпорындар экономиканың түрлі салаларында, атап айтқанда, сауда, құрылыс, өңдеуші және тау-кен өндіру өнеркәсіптері, қызмет көрсету (қонақ үйлер мен мейрамханалар), көлік пен коммуникациялар, білім беру салаларында жұмыс істейді.\r\n\r\n  Канадалық бизнес Қазақстанның энергетикалық және тау-кен өндірісі салаларына қызығушылық танытады. Бұл орайда әлемдегі уранның ең ірі өндірушісі – канадалық «Камеко» корпорациясы ерекшеленеді. 1996 ж. наурызда «Инкай»бірлеске кәсіпорны құрылды, оның құрылтайшылары «Камеко» корпорациясы — 60% және «ҰАК «Казатомпром» АҚ — 40% болып табылады. 2009 ж. 4 желтоқсанында «Камеко» корпорациясы ҚР Президентінің жанындағы Шетел инвесторлар кеңесіне мүше болды.\r\n\r\nҚР статистикалық органдардың ақпаратына сәйкес 2009 ж. екі елдің арасындағы сауда көлемі 1 млрд. 582 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 ж. көрсеткіштерден (329,2 млн.) 5 есе артық.\r\n\r\n \r\n\r\n2010 ж. қаңтар-маусым аралығындағы Канадамен сауда көлемі 1,3 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткіштерінен 2,2 есе артық.\r\n\r\nКанадаға қазақстандық экспорттың негізгі бөлігін ең алдымен, мұнай және мұнай өнімдері, ал кейін барып уран және оның компоненттері, ферроқорытпалар, мұздалған балық еті, т.б.\r\n\r\nҚазақстанға Канададан авиа- және ауыл шаруашылық техникасын, тау-кен жабдықтарын, теңіз мұнай платформаларын импорт арқылы жөнелтіледі.\r\n\r\nКанада Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялардың көлемінен 7-ші орынды иелеуде. ҚР-на канадалық инвестициялардың жалпы түсімі 2010 ж. бірінші тоқсанында 143,3 млн. АҚШ долл. құрады.\r\n\r\nМәдени-гуманитарлық ынтымақтастық\r\n\r\n1997 ж. бастап Оңтүстік Альберта Технологиялық институтында (Technological Institute of Southern Alberta — SAIT) мұнай саласындағы қазақстандық мамандар тағылымдамадан өтуде.\r\n\r\nҚазіргі кезде канадалық жоғары оқу орындарында ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 190 қазақстандық студент білім алуда.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ