Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы қатынастар

0
1743

2007 ж. 17 маусымнан бастап Б.Айтимова — Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшісі.\r\n\r\nҚазақстан мен Кубаның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 15 жыл толу мерей тойына орай 2007 жылы 17 сәуірде Астана қаласында ресми қабылдау өткізілді. Куба Елшісі Т.Камачо қазақстандық жазушы, «Аманат» журналының бас редакторы Роллан Сейсенбаевті латинамерикалық әдебиетті жұртқа танытуда сіңірген еңбегі үшін Достық орденімен марапаттады.\r\n\r\n2007 ж. 21 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің бюросының қаулысымен Куба Республикасының Парламентімен ынтымақтастық тобы құрылды.\r\n\r\n2007 ж. 6-8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Куба Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2006-2007 жылдарға арналған саяси консультациялар хаттамасы шеңберінде Куба Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Э.Кабальеро бастаған кубалық делегацияның сапары өтті. Сапар барысында ҚР Парламентінің Сенаты төрағасының орынбасары М.Көпеевпен, Сыртқы істер, Индустрия және сауда, Туризм және спорт министрліктерінің басшылығымен кубалық делегацияның кездесулері болды.\r\n\r\n2008 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Куба Республикасы Үкіметінің арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою рәсімі өтті. Келісім шартқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбаков, Куба тарапынан Елші Т.Камачо қол қойды. Аталған келісім шарт бойынша тиісті Қазақстан-кубалық үкіметаралық комиссиясының құрылуы көзделеді.\r\n\r\n2007 қаңтар-қазан аралығында жалпы тауар айналым 5,087 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт-718,1 және импорт-4,369).


ПІКІР ҚАЛДЫРУ