Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қатынастар

0
4339

 \r\n\r\nҚазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды.\r\n\r\nCаяси саладағы өзара іс-қимыл. Ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық негізін 65 құжат құрайды, соның ішінде негізгілері – 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт, 1997 жылғы 27 ақпандағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация.\r\n\r\n2007 жылғы 28-29 мамырда Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Оның барысында тараптар түрлі, әсіресе мұнай-газ саласы және көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарда өзара тиімді сауда-экономикалық  ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.\r\n\r\n2007 жылғы 11-12 қыркүйекте  ҚР Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанға мемлекеттік сапар шекті. Сапар барысында қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларына қатысуы, «Өзен– Қызылқия – Берекет» темір жолын салу, өнеркәсіптің түрлі салаларында бірлескен кәсіпкерліктер салу, мәдени-гуманитарлы салада ынтымақтастықтың болашағы мәселелері талқыланды. \r\n\r\n2009 жылғы 13-14 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары өтті. Оның барысында «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырын салтанатты ашу рәсіміне қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\n Сауда-экономикалық ынтымақтастық. \r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылда екі мемлекет арасындағы өзара сауда айналымының көлемі  170,3  млн. АҚШ долл. (экспорт – 108,9 млн.; импорт – 61,4 млн.) құрап, 2008 жылмен салыстырғанда екі жарым есе азайды. \r\n\r\n2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында  сауда айналым 19,5 млн. АҚШ долл. (экспорт – 18,0 млн.; импорт – 1,5 млн.) құрады.\r\n\r\nОтын-энергетикалық секторында ынтымақтастық перспективалық болып саналады. Қазақстан мен Түрікменстан энергоресурстарды сыртқы нарыққа шығару (қазақстандық мұнайды Парсы шығанағына дейін оңтүстік бағытқа және түрікмен газын РФ, Украина, ЕО мемлекеттері және ҚХР-на қарай солтүстік бағытқа) бойынша транзиттік мемлекеттер ретінде өзара қызығушылық танытады.\r\n\r\nКөлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық та өте маңызды бағыт. Темір жол, автомобиль және су көлігі саласында өзара тиімді жобалар бар. Қазіргі кезеңде «Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолын жөндеу жүргізіліп, Каспий теңізі арқылы жаңа теңіз көліктік маршруттарын ашу мәселелері пысықталып жатыр.\r\n\r\n2007 жылы 1 желтоқсанда ҚР, Түрікменстан және Иран үкіметтері арасында «Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран)» темір жолын салу туралы келісімге қол қойылды.\r\n\r\nТараптар теміржол сызығын салуға кірісіп, 2011 жылдың желтоқсанында бітіруді жоспарлауда .\r\n\r\nМәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастық. 2008 жылдың 25 сәуір-2 мамыр аралығында Қазақстанда Түрікменстанның Мәдениет күндері және осы күндер шеңберінде екі мемлекеттің Мәдениет және зиялы қауым өкілдерінің форумы  өтті.\r\n\r\n2009 жылдың 6-9 маусым аралығында Қазақстанның Түрікменстандағы Мәдениет күндері өтті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ