Қазақстан тарихы сабағынан жетінші сыныпқа арналған тест — 4

0
4566
Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар:
А) Боран мұнарасы
В) Ақыртас ғимараты
С) Түркістан моншасы
D) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Е) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі
Дұрыс жауап: D
 
Сәулет өнерінің орта ғасырда биік деңгейде болғандығының дәлелі:
А) Құрылыс материалдарының сапалы болуы
В) Мамандардың білікті болуы
С) Көрші елдерден құрылысшылардың келуі
D) Мәдениет мұраларының әр түрлілігі
Е) Арнайы мамандардың даярлануы
Дұрыс жауап: A
{Сложность}= C
 
XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер:
А) Бөлмелерді тізбектеп салу
В) Ғимаратты күмбез шатырмен жабу
С) Су құбырларын қабырға ішімен жүргізу
D) Ғимараттарды безендіру
Е) Қолданбалы өнерді пайдалану
Дұрыс жауап: B
 
XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды:
А) «Жошы ханның жортуы»
В) «Ер Тарғын»
С) «Оғызнама»
D) «Мухаббатнама»
Е) «Жүсіп – Зылиха»
Дұрыс жауап: C
 
Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы:
А) Су моншақ
В) Көз тимес
С) Тілтұмар
D) Бойтұмар
Е) Тұмар
Дұрыс жауап: D
 
XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі:
А) Егіншілік
В) Аңшылық
С) Зергерлік
D) Қолөнер
Е) Мал шаруашылығы
Дұрыс жауап: E
 
ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері:
А) Арба үстіне тігілген, жылжымалы
В) Он екі қанатты
С) Алты қанатты
D) Күрке
Е) Шатыр
Дұрыс жауап: A
 
Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: 
А) «Жерден шыққан Желім батыр»
В) «Темірқазық пен Жетіқарақшы»
С) «Жоямерген»
D) «Кодекс куманикус»
Е) «Құламерген»
Дұрыс жауап: B
 
«Шыңғыснаманың» авторы:
А) Бұхар Жырау
В) Әмір Темір
С) Өтеміс қажы
D) Сыпыра Жырау
Е) Жиембет
Дұрыс жауап: C
 
«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты:
А) «Оғызнама»
В) «Мухаббатнама»
С) «Кодекс куманикус»
D) «Шыңғыснама»
Е) «Ислам діні»
Дұрыс жауап: D
Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты:
А) «Шыңғыснама»
В) «Оғызнама»
С) «Ел айырылған»
D) «Сағыныш»
Е) «Ислам діні»
Дұрыс жауап: E
 
Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім:
А) зооморфтық үлгі
В) зороастралық фарн
С) зекет
D) тотемизм
Е) анимизм
Дұрыс жауап: D
 
«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды:
А) 633-648 ж.ж.
В) 709-714 ж.ж.
С) 727-738 ж.ж.
D) 747-758 ж.ж.
Е) 737-748 ж.ж.
Дұрыс жауап: Е
 
Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады:
А) Арабтардың  келуімен
В) Қарлұқтардың келуімен
С) Қытай әскерлерінің келуімен
D) Отқа табынуға байланысты
Е) Оғыздардың келуімен
Дұрыс жауап: А
 
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ:
А) Батыс
В) Жетісу 
С) Шығыс
D) Солтүстік
Е) Сібір
Дұрыс жауап: В
 
Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты:
А) 520 ж.
В) 620 ж.
С) 633 ж.
D) 533 ж.
Е) 733 ж.
Дұрыс жауап: С
 
714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы:
А) Күтейба ибн Муслим
В) Насыр ибн Сейяр
С) Хаукәл
D) Фадлан
Е) Масуди
Дұрыс жауап: А
 
Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет:
А) Қарлұқ
В) Қыпшақ
С) Қарахан
D) Оғыз
Е) Түргеш
Дұрыс жауап: С
 
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы:
А) Хаукәл
В) Масуди
С) Әл — Макдиси
D) Әл- Марвази
Е) Идриси
Дұрыс жауап: С
 
Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:
А) Христиан
В) Будда
С) Зороастризм
D) Ислам
Е) Ламаизм
Дұрыс жауап: D
 
Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт:
А) VII ғ.
В) VIII ғ.
С) IX ғ.
D) X ғ.
Е) XI ғ.
Дұрыс жауап: D
 
Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:
А) қазақ
В) араб
С) парсы
D) түрік
Е) қыпшақ
Дұрыс жауап: В
 
Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:
А) Әл-Фараби
В) Әл-Бируни
С) М. Қашғари
D) Ж. Баласағұни
Е) А. Йасауи
Дұрыс жауап: С
 
М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:
А) «Түрік тілдерінің сөздігі»
В) «Құт негізі — білік»
С) «Ақиқат сыйы»
D) «Даналық кітабы»
Е) «Оғызнама»
Дұрыс жауап: А
 
Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:
А) Әмір
В) Мырза
С) Бек
D) Ұлы хас — хажип
Е) Ғалым
Дұрыс жауап: D

ПІКІР ҚАЛДЫРУ