Қазақстан тарихы сабағынан жетінші сыныпқа арналған тест — 5

0
3840
«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
А) Әл-Фараби
В) Әл-Бируни
С) М. Қашғари
D) Ж. Баласағұни
Е) А. Йасауи
Дұрыс жауап: D
 
«Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі:
А) Ж. Баласағұни
В) М. Қашғари
С) А. Иүгінеки
D) А. Йасауи
Е) Әл-Фараби
Дұрыс жауап: А
 
Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын:
А) А. Йасауи
В) А. Иүгінеки
С) Рашид ад-Дин
D)Әбілғазы
Е) С.Бақырғани
Дұрыс жауап: В
 
Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан:
А) «Ақиқат сыйы»
В) «Қорқыт ата»
С) «Оғызнама»
D) «Құтадғу білік»
Е) «Диуан-и хикмет»
Дұрыс жауап: А
 
VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:
А) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы
В) Соғды жазуы кең тарады
С) Араб билеушілерінің тыйым салуы
D) Орыс әліпбиі кең тарады
Е) Парсы жазуы кең тарады
Дұрыс жауап: А
 
Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:
А) б.з.б. І мың жылдығы
В) б.з.б. ІІ мың жылдығы
С) б.з. І мың жылдығы
D) б.з.ІІ мың жылдығы
Е) көне түрік жазуы болған жоқ
Дұрыс жауап: А
 
$$$021
Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны:
А) 100 астам
В) 200 астам
С) 300
D) 400
Е) 500
Дұрыс жауап: В
 
«Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты:
А) VIIIғ.
В) ІХ ғ.
С) Х  ғ.
D) ХІ ғ.
Е) ХІІғ.
Дұрыс жауап: D
 
«Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады:
А) 10
В) 11
С) 12
D) 13
Е) 14
Дұрыс жауап: С
 
Қорқыт атаның туған жері:
А) Қазақстан
В) Өзбекстан
С) Иран
D) Шаш
Е) Египет
Дұрыс жауап: А
 
Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:
А) «Күлтегін», «Тоныкөк»
В) «Ақиқат сыйы»
С) «Даналық кітабы»
D) «Жүсіп-Зылиқа»
Е) «Құт негізі-білік»
Дұрыс жауап: А
 
Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған:
А)  Отқа
В)  Көк бөріге
С)  Ұмай анаға
Д)  Табиғатқа
Е)  Суға
Дұрыс жауап: С
 
Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен  және  IX-X ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді:
А)  Қимақтар
В)  Қарлұқтар
С)  Наймандар
Д)  Керейлер
Е)  Қарахандар
Дұрыс жауап: А
 
Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым:
А)  Ж.Баласағұни
В)  Ш.Уәлиханов
С)  М.Қашғари
Д)  Әл-Бируни
Е)  К.Байпақов
Дұрыс жауап: В
 
Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған:
А)  Әл-Бируни
В)  Әл-Марвази
С)  Әл-Фараби
Д)  М.Қашғари
Е)  Ж.Баласағұни
Дұрыс жауап: С
 
Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты:
А)XIII ғ – ң II ширегі
В) XIII ғ- дан
С) XV ғ– ң II ширегі
D) XIV ғ– ң II ширегі
Е) XIV ғ– ң I ширегі
Дұрыс жауап: D
 
Орда Ежен билік құрған мемлекет:
А) Алтын Орда
В) Ақ Орда
С) Моғолстан
D) Әбілқайыр хандығы
Е) Ноғай Ордасы
Дұрыс жауап: В
 
Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының  иелігін қамтыды:
А) Орда Ежен мен Шайбани ханның
В) Үгедей мен Шағатай
С) Мөнке мен Төле
D) Ерзен мен Мұбәрак
Е) Мүбәрак пен Өзбек
Дұрыс жауап:  А
 
Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан:
А) Ұрұс хан
В) Уәйіс хан
С) Тоғылық Темір хан
D) Есен — бұға
Е) Ілияс — Қожа
Дұрыс жауап:  С
 
Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі:
А) Темір
В) Поладшы
С) Дува
D) Жүніс
Е) Қызыр — Қожа
Дұрыс жауап:  В
 
Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты:
А) Тоқтамысқа көмектескісі келді
В) Тоқтамыс арқылы Ақ Орданың аздаған жерін өзіне алу
С) Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу
D) Сығанақты басып алу
Е) Сырдария бойындағы қалаларды алу
Дұрыс жауап: С
 
Тоқтамыстың Мамай ордасын басып алу уақыты:
А) 1378 ж.
В) 1379 ж.
С) 1380 ж.
D) 1381 ж.
Е) 1382 ж.
Дұрыс жауап:  С
 
Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты:
А) Темірдің ұрпағы Ұлықбектің қол астына өту
В) Алтын Орда мемлекетін қайта құру
С) Сырдария бойындағы қалаларды қайтару
D) Мауараннахрды өзіне қарату
Е) Ақ Орданы әлсірету
Дұрыс жауап:  С
 
Ақ Орда мемлекетінің өмір сүруін тоқтатты:
А) XIV ғ.
В) XV ғ. басы
С) XVI ғ. басы
D) XV ғ. аяғы
Е) XIV ғ. басы
Дұрыс жауап: В
 
Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық – Темір тұсында бір күнде қанша мың адам ислам дінін қабылдаған:
А) 120 мың
В) 130 мың
С) 150 мың
D) 160 мың
Е) 170 мың
Дұрыс жауап:  D

ПІКІР ҚАЛДЫРУ