Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз

0
3494

  1937 жылдың «жекелеген ауыртпалықтары», 60 мыңнан астам қазақ зиялыларының сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырап, 1937-1938 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы, С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Т.Рысқұлов, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, О.Жандосов, С.Сәдуақасұлы, Т.Жүргенев, Қ.Жұбанов сияқты қоғам қайраткерлерінің республикалық қазақша – орысша газет-журналдарда «Ұлтшыл фашист» деп айыпталуы.Республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» т.б. газеттерде репрессияға байланысты орын алған, қолдан ұйымдастырылған науқандық айыптаушылық жұмыстары. Мерзімді баспасөзде Қазақстанда үшінші бесжылдық тапсырмаларының орындалу барысында қамтылуы. Мерзімді баспасөздің колхоз – совхоздарды ұйымдық, шаруашылық жағынан нығайту үшін күресі.
    «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2-ші ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы – «Азамат» серіктігі, Хусаинов-Каримов баспаханасында басылып тұрған Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.
   Ұлттық-демократиялық бағытты уағыздайтын басылым өз төңірегіне мұғалімдердің айтарлықтай бөлігін, Орынбор мен Уфа қалаларындағы «Ғалия» мен «Хұсния» медреселерінде оқитын шәкірттерді топтастыра білді. Орта және жоғары білімді қазақ зиялыларының басым көпшілігі «Қазаққа» ерді. Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінің басты жетекшісі болды, оның платформасын анықтауға атсалысты, бірақ газеттің күнделікті жұмысына араласып тұруына мүмкіндігі болмады. «Қазақ» қоғамдық-саяси газет болғандықтан, редакция алқасының үкімет саясатының жазылуына көп мән бергендігі байқалады. Олай болмағанда газеттің жабылып қалу қаупі бар еді. Бірақ, ондағы басты мақсат, патша өкіметіне жағыну емес– қазаққа үкімет жайын, оның не екені, мүдделері түсіндіріліп, жиылыс-мәжілістермен таныстыру еді. Мәселен, «Г.Дума» (1915 жыл, №145), «Дума һәм хүкімет» (1916 жыл, №207) атты материалдарда мемлекеттік дума және кеңес жұмыстары жөнінде жан-жақты түсінік берілген. Мақалалардың көпшілігі Ә.Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген бүркеншік атымен жазылған.
  «Қазақ» газеті бірінші орыс революциясы оятқан қазақ халқының белгілі қауымын ұйымдастыратын және оған басшылық жасайтын орталыққа айналды. Газет қазақтың саяси өмірі жөнінен маңызды мақалалар беріп тұрды, көптеген көкейтесті мәселелер бойынша пікірталастар ұйымдастырды және сол кездегі қоғамдық-саяси ойды бір арнаға бағыттаушы болды.[96]
  «Қазақ» алғашқы санынан бастап халықты ағарту, оның саясатқа деген ынтасын арттырып, тарихи зердесін ояту және ұлттық сана сезімді тәрбиелеу міндеттерін алдына қойды. А.Байтұрсынов газетке «газет халықтың көзі, құлағы һәм үні» деген анықтама берді.
  Газетке ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты азаматтарымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалармен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрді.
   «Қазақ» газетін жаздырып алу жергілікті байлардың, болыс-билердің хат танитын барша қазақтың беделін, игілігін, мәдениет дәрежесін анықтайтын бәсекенің мәселесіне айналды. Ұзақ жылдар бойы жөнсіз тыйым салынып, туған халқының рухани өміріндегі орны мен рөлі мүлде сызылып тасталған осы газеттің бұқараны оқуға, өнер-білімге, ілгері елдердің үлгісіне шақырумен қатар, патша әкімшілігінің отарлау саясатын да батыл әшкерелеп отырған анық демократияшылдық бағыты бүгінгі күннің биігінен қарағанда да өте мәнді көрінеді.
   Шындығына келсек, «Қазақ» газеті қазақты бұқаралық таптық езгіден азат етуді өзіне міндет етіп алған жоқ. Ауыр отарлық езгі, Столыпин реформасы салдарынан жер үшін күрестің шиеленісе түсуі, шаруашылық дағдарысының тереңдеуі, саяси-әлеуметтік құқықтың жоқтығы, міне, осындай жағдайда «Қазақ» жалпы ұлттық мәселелерді көтеріп, сол үшін күресті. Егер таптық және жалпыұлттық мүдделерінің белгілі бір қоғамдық даму сатыларында өзара ымыраға келе алатындығын есепке алсақ, «Қазақ» газетінің бұл ұстанған айқындамасы сол тарихи кезеңдердегі қазақ қоғамының объективті жағдайынан туындап, оның сол кездегі ең зәру талап-тілегін ұлт ретінде мақсат-мүддесін білдіретін еді.
   Газеттің жалпыұлттық басылым ретінде ерекшелігі де, әлеуметтік шектеулігі де осы қырынан көрінген. Анығырақ айтқанда, «Қазақ» интеллигенциясы шет аймақтарда ұлы державалық мақсаттарды көздеген
   Столыпин реформасына байланысты үдей түскен ұлт-азаттық қозғалысының үні ретінде өмірге келді және 1918 жылдың наурызында жабылғанға дейін осы мақсатқа қызмет етті. Сонымен бірге оның бұл бағыты қазақ бұқарасының ауыр жағдайына іш тарта қарауға, қажет жерінде оған араша түсуге кедергі жасаған емес. «Қазақ» ең алдымен осы ұлттық бостандыққа байланысты өзекті мәселелерді тынымсыз көтеріп тұрғаны үшін де отаршыл әкімшіліктің қатал бақылауында болды.
   Осындай түрлі қиындықтарға қарамастан газет алты жыл бойы үзіліссіз шығып тұрған. Сондықтан оның 265 нөмірінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбесі іспеттес. Себебі, «Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарында Алаш қозғалысының бүкіл халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ