Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар

0
4090

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар\r\n\r\n Жалпы мағлұматтар\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылғы 31 желтоқсан- Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды.\r\n\r\n 1992 жылғы 11 ақпан- екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n 1992 жылғы желтоқсан- Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.\r\n\r\n 1993 жылғы қыркүйек- Берлинде ҚР Елшілігі ашылды, 1999 жылы мамырда Елшілік Берлин қаласына көшті.\r\n\r\n 2007 жылғы 11 қазан- Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Райнер Ойген Шлагетер тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 жылғы 12 наурыз- Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Онжанов Нұрлан Баймолданұлы тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nЕкіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен айқышталады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Халықаралық саясат мәселелерінің басым көпшілігі бойынша ұстанымдарда түсініспеушілік немесе алшақтық жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған.\r\n\r\n \r\n\r\n            Олардың ішінде соңғы екі жылда ғана қол жеткізілген төмендегі құжаттар мен уағдаластықтарды ерекше атап өтуге болады:\r\n\r\n \r\n\r\n            Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы болашақ үшін ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдеме, 2008 жыл;\r\n\r\n \r\n\r\n            ҚР Өндіріс және сауда Министрлігі мен ГФР Экономика және технологиялар Министрлігі арасындағы 2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық серіктестікті қалыптыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдеме, 2008 ж.;\r\n\r\n \r\n\r\n            ҚР Үкіметі мен ГФР Үкімет арасындағы Қазақ-Неміс университетін дамыту барысындағы ынтымақтастық туралы Келісім, 2008 ж.;\r\n\r\n \r\n\r\n            ҚР мен ГФР арасындағы Болашақ үшін серіктестік аясындағы Іс-әрекеттер Бағдарламасы, 2009 ж..\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылғы 3 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болып, сол күні екі ел Президенттері «Қазақстанның Германиядағы жылын» салтанатты түрде ашты. Сапар барысында Федералдық президент Х.Келермен және Федералдық канцлер А.Меркельмен келіссөздер өтті. Президент Н.Назарбаев Берлинде жүзден аса герман кәсіпкерлерінің өкілдері мен қазақстандық ресми делегация қатысқан қазақ-неміс бизнес-форумында сөз сөйлеп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың мүмкіндігін толық пайдалану қажеттігіне тоқтады. Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Соның нәтижесінде 2009 жылғы 26 қазанда Астанада «МЕТРО» компаниясы жобалары жүйесінің бірінші әмбебап дүкені ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ү.ж. 7 мамыр айында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Германияға сапары қазақ-неміс қатынастарын жаңа деңгейге көтеру барысына айтарлықтай серпін берді. Сапар кезінде қол қойылған «Іс-әрекеттер Бағдарламасы» іс жүзінде екі ел арасындағы полифункционалдық серіктестік аясындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған «Жол картасы» болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылғы 10 маусымда ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбеков Берлинде ГФР Федералдық әділет министрі Б.Циприспен кездесіп, министрліктер арасында тәжірибе алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды.\r\n\r\n \r\n\r\nСыртқы саясат саласындағы екі елдің бастамалары мен ұмтылыстары өзара толықтырып, қолдау табуда. Соның ішінде Германия тарапының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығына, ЖСҰ-ға мүше болуға  деген ұмтылысына қолдау көрсетуін, сонымен қатар Қазақстанның Германияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуын қолдауын атап өтуге болады.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылдың 23-25 мамырында Парламенттегі Президент  өкілдігінің басшысы А.Бейсенбаев басқарған ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің 5 депутаты неміс тарапының ЕҚЫҰ-ға дайындық барысында іске асырып жатқан «Қонақтар бағдарламасы» аясында Германияда болып, Бундестагта, Канцлер кеңсесінде, СІМ-де, ІІС-те, сондай-ақ Германияның саяси қорларында болып, қазақ-неміс қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметінің негізгі принциптері мен стандарттары, шешім қабылдаудың тетіктері мен үдерістері, мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығы туралы пікір алысты.\r\n\r\n \r\n\r\n2004 жылдан бері Герман Бундестагы жас қазақстандық саясаткерлер үшін «Халықаралық парламенттік практика» бағдарламасын іске асыруда.\r\n\r\n \r\n\r\nГермания 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында ЕО Саммиті барысында қабылданған ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттері бойынша жаңа Стратегиясын дайындауға бастау болды. Бұл құжатта ЕО мемлекеттерінің ОА елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастығының басты бағыттары бекітілген. Қазақстандық «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы ҚР мен Еуропа Одағы елдері арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтерудің нақты салалары мен тетіктерін белгілеп берді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкіжақты қатынастарды нығайту үдерісіне Қазақстан Республикасының ГФР Федералдық жерлері- Бавария, Баден-Вюрттемберг, Төменгі Саксония, Гамбург, Бремендегі Құрметті консулдар институты оң үлесін қосуда. Қазақстан Республикасының беделді де іскер тұлғаларды Құрметті консул етіп тағайындауы әсіресе аймақтық жерлердегі қазақ-неміс ынтымақтастығын дамытуға өте пайдалы.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанда тұрып жатқан ұлты неміс азаматтар (230 мың) мен Германияға қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар (924 мың), сондай-ақ осы елдегі этникалық қазақтар (1 мыңнан аса) екі ел арасындағы қатынастардың дәнекері болып табылады. Осы топтарды әсіресе кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірлескен бағдарламаларға тарту ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосуда. Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістер мәселелеріне байланысты тұрақты жұмыс істейтін Қазақ-Герман Үкіметаралық комиссиясының жеті отырысы болып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\nГермания Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің санына енеді. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтеріне қарағанда 2008 ж. нәтижелері бойынша екіжақты сыртқы сауда көлемінің көрсеткіші 2004 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өсіп, 3,2 млрд. АҚШ долларын құраған.\r\n\r\n \r\n\r\nГерманияның статистика мекемелерінің мәліметтері бойынша 2008 жылы ҚР мен ГФР арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 6,2 млрд. евроға жеткен, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд. евро болған.\r\n\r\n \r\n\r\nҒаламдық қаржы және экономикалық дағдарыстың салдарынан ағымдағы 2009 жылы ГФР-дың мәліметтері бойынша екіжақты сауданың нақты төмендеуі байқалуда. Сандық салыстырмада осы саладағы көрсеткіш ү.ж. маусым айында неміс тарапының ақпараты бойынша 1 млрд. 613 млн. евро (2008 ж. маусым айында – 3 млрд. 29 млн евро), ал қазақстандық мәліметтер бойынша ү.ж. қаңтар-тамыз айларында — 1,64 млрд. доллар құрады.\r\n\r\n \r\n\r\nБүгінгі күні Германия Ресей (20,0 млрд.), Италия (13,2 млрд.), Кытай (12,2 млрд.), Швейцария (11,4 млрд.), Франция (6,2 млрд.), Нидерланды (4,9 млрд.) және Украинадан (4,1 млрд.) кейін ҚР-ның әлемдік сауда әріптестері арасында сегізінші орынға иеленіп отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nГерманияның дәстүрлі жетекші экспорттық бағыттарына машиналар, құрал-жабдықтар, электротауарлар, автокөліктер, дәрі-дәрмектер жатады. Қазақстан Германияға көмірсутектер (жалпы мөлшері – 88,2%), металлдар, химиялық шикізаттар мен ферроқорытпалар шығарады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан экономикасына ГФР инвестицияларының көлемі 3,3 млрд. доллардан асты. Өз кезегінде, жалпы көлемі 95 млрд. доллар құрайтын шетелдегі қазақстандық инвестициялары ішінде Германияның экономикасына 3,2 млрд. доллар қаржы инвестиция құйылды.\r\n\r\n \r\n\r\nГерман капиталының қатысуымен Қазақстанда 700-ге жуық бірлескен қазақ-неміс кәсіпорындары тіркелген. Елдің экономикалық күш-қуатын бейнелейтін және германдық жетекші биржалық DАХ индексі тізіміне енетін ГФР-дың ірі компанияларының көпшілігі қазақстан экономикасының әр-түрлі салаларында белсенді жұмыс істейді және біздің елді сенімді инвестициялық серіктесі және ТМД мен Орталық Азия аумағындағы маңызы үлкен мемлекет ретінде қарастырады.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың маңызды бағыты – шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы әріптестік, оған ГФР-дың ең ірі өнеркәсіп-қаржы орталықтарында тұсаукесерлік іс-шаралар мен Қазақстанның экономика күндерінің өткізілуі зор себін тигізуде.\r\n\r\n \r\n\r\nАлматыда жыл сайын Герман экономикасының күндері өткізіледі. Қазақстандағы Герман экономикасы Өкілдігінің мәртебесі бүкіл Орталық Азия елдерін қамтитын аймақтық деңгейге дейін көтерілді.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) тең төрағалары қазақстан тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, герман тарапынан ГФР-ның Экономика және технология министрлігінің Статс-секретарі К.-Э.Браунер болады. 1992 жылдан бері ҮЖТ-ың 7 отырысы өткізілді.\r\n\r\n \r\n\r\nГФР Федералдық президенті Х.Кёлердің Қазақстан Республикасына (2008 ж. 2-4 қыркүйек) және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Германияға (2009 ж. 3 ақпан) сапарлары екіжақты қатынастардың барлық салаларының дамуына жаңа серпін берді. Кездесулер барысында 2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылып,  Берлин қаласында ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдігін ашу туралы және тағы басқа маңызды шешімдер қабылданды. Жалпы қаржылық сомасы 400 млн. доллар құрайтын жобалар бойынша қол қойылған бес құжат Қазақстан экономикасына озық неміс технологиялары мен жабдықтарының трансфертін қамтамасыз етуге бағытталған. Неміс тарапымен 50 басым жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси пікір алмасу» белсенді түрде іске асырылып жатыр.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылы ҚР-ның үкіметтік делегациялары ең ірі халықаралық көрмелеріне, атап айтқанда ауылшаруашылық «Жасыл апта» көрмесіне, «ИТБ» туризм жәрмеңкесіне және Берлинде өткен «Иннотранс» көлік көрмесіне, сонымен қатар Ганновер өнеркәсіп жәрмеңкесіне қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nГерманиядағы Қазақстан жылының шеңберінде Бавария, Баден-Вюртемберг, Саксония, Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерлерінде және еркін-ганзей Гамбург қаласында ҚР экономикасы күндері өткізілді. Бремен қаласында алғашқы рет Қазақстан-Герман ғарыш күндері және Ройтлинген қаласында қазақстандық менеджерлерді даярлау бағдарламасы түлектерінің конференциясы ұйымдастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 7-9 қыркүйекте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов бастаған қазақстандық делегацияның ГФР-ға сапары өтті, олар «Еуропаға жол: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясы» атты экономикалық форумға қатысты. Сапар шеңберінде ҚР мен ГФР кәсіпорындарының арасында 9 коммерциялық контрактілерге қол қойылды және Берлинде ҚР СӨП өкілдігі ресми түрде ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕлшіліктің бастамасымен Қазақстанмен Орталық және Шығыс Еуропа Бірлестігі (OMV) шеңберінде ынтымақтасу бойынша 300-ден астам ОШЕ және ТМД елдерімен ынтымақтастық дамытатын герман кәсіпорындары енген экономикалық Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтың төрағасы болып Deutsche Bank-тың басқарушы директоры Петер Тилс сайланды. ЖТ отырыстары әр жарты жылда бір рет өткізілетін болып келісілді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nМәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық\r\n\r\n ҚР мен ГФР арасындағы мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық 1994 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ГФР Үкіметі арасындағы «Мәдени ынтымақтастық туралы» Келісімнің негізінде іске асырылады. Осы саладағы өзекті мәселелер Қазақ-Герман Үкіметаралық жұмыс комиссияның отырыстарында қаралады.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жыл қазақ-неміс байланыстарында ерекше орын алады, себебі  ол- Еуропа елдері аумағында алғашқы рет кең көлемде өткізіліп отырған Германиядағы Қазақстан жылы. Жыл аясында тек бірінші жартыжылдықтың өзінде 60-тан аса саяси, экономикалық және мәдени шаралар іске асырылды. Олардың ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірінің және Республикалық Неміс театрының гастрольдері, Алматы қаласының Штутгарт қаласындағы күндері аясында «Сазген Сазы» ансамблінің концерттері, Қазақстан шеберлерінің суреттері және зергерлік бұйымдар көрмесі, Астана туралы фотокөрме, қазақ-неміс Жастар форумы, оқушылар алмасуы, Астана және Берлин құрама командаларының бокс спортынан сайысын және де басқа шараларды атап өтуге болады. Екінші жартыжылдыққа атақты қазақ пианисті Ж.Әубакированың концерті, Кельн қаласында «Ұлт және дінаралық түсіністік: көпұлтты Қазақстанның дамуының жаңа моделі» форумы, қазақ фильмдерінің апталығы, Қаазқстан суретшілерінің көрмесі және Германиядағы Қазақстан жылының жабылуы салтанатына арналған өнер шеберлерінің Гала-концерті және т.б. жоспарланған.\r\n\r\n \r\n\r\n2006 жылдан бері Елшіліктің неміс оқырмандарына арнаған «Қазақ кітапханасы» жобасы табысты іске асырылып, Абайдың таңдамалы шығармалары, М.Әуезовтың «Келіндер көтерілісі», Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Т.Ахтановтың «Дала сыры», О.Сүлейменовтың «Әлем шегіндегі бір минут үнсіздік» кітаптары неміс тіліне аударылды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nБілім саласындағы ынтымақтастық\r\n\r\n Екі ел арасында білім және  ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық та пәрменді дамып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1999 жылдан бері мамандарды неміс стандарттары бойынша дайындайтын Алматыда Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді. ҚР мен ГФР Үкіметтері арасындағы Қазақ-Неміс университетін дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында аталған жоғары оқу орнында қосымша жаңа мамандықтар ашу, оқу ғимаратын жаңармалы қуат көздерін пайдаланудың үлгісі ретінде қайтадан салу жұмыстары қолға алынды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанда 1994 жылдан бері Қазақстанда Гете институты, 1989 жылы Герман академиялық алмасу қазметі (ДААД), Герман педагогикалық алмасу қызметі, түрлі саяси қорлар жұмыс істейді.\r\n\r\n \r\n\r\nГерманияда 2009 жылы«Болашақ» Халықаралық бағдарлама Орталығы  ашылып, осы елде оқитын 200-ге жуық қазақстандық студенттердің форумын өткізу дәстүрге айналды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ