Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

0
2064

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. 2011 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның ИИР-дағы Елшісі қызметін Б.Амреев атқарады.\r\n\r\n \r\n\r\nИранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды. 2010 жылғы сәуірден бастап ҚР-дағы Иран Елшісі Горбан Сейфи. \r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан және Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара іс-қимыл жасайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан және Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссиясының (ҮБК) отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. ҮБК қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ҚР Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов, иран тарапының тең төрағасы ИИР Сыртқы істер министрі А.Салехи.\r\n\r\n \r\n\r\n2010 ж. маусымнан бастап ирандық «Махан Эйр» әуекомпаниясы Тегеран-Алматы-Тегеран бағыты бойынша аптасына бір рет ұшады.\r\n\r\n \r\n\r\n «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының инвестициялық жобаларына сәйкес, 2010 ж.  19 маусымда Амирабад портында бірлескен астық терминалы және ұн дайындау диірмені іске қосылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстаның батыс облыстарының  Каспий теңізі жағалауындағы Иранның провинцияларымен тікелей сауда-экономикалық байланыстары орнатылған.\r\n\r\n \r\n\r\n2010 жылғы екіжақты тауар айналымының көлемі 1038,1 млрд. АҚШ долларын (экспорт – 2 млрд. 40 млн. долл., импорт – 59 млн. долл.) құрады.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі ел арасында қол қойылған 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен құжаттар екі жақты қатынастар дамуының негізін қалады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ