Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы қатынастар

0
2851

Негізгі ақпарат\r\n\r\n \r\n\r\n1992 ж. 11 ақпан – Қазақстан Республикасы және Испан Корольдігі арасындағы дипломатикалық қатынастардың орнатылуы.\r\n\r\n \r\n\r\n1999 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1999 ж. маусым айында Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 ж. маусымның 13-нен бастап Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Б.Бөлегенов.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 ж. қазан айынан бастап Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенші және Өкілетті Елшісі Альберто Антон Кортес.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nСоңғы жылдарда Испания Еуропадағы Қазақстанның саяси және экономикалық серіктестерінің біріне айналды. Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсінушілік және сенімділік жағдайында дамуда. Испания Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге сұранымының ең белсенді жақтаушыларының бірі болды. ЕҚЫҰ-да өз төрағалық шеңберінде Испания Қазақстан кандидатурасына қолдау көрсетіп, 2007 ж. қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ СІМК мәжілісінде Қазақстанның 2010 ж. төрағалық  ету жөніндегі шешімін қабылдады.\r\n\r\n \r\n\r\nИспания Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтандыру факторы, діндер және ұлттар арасындағы төзімділіктің үлгісі тұрғысынан қарайды. Мадрид елімізде жүзеге асырылатын экономикалық және демократикалық өзгерістерге жоғары баға береді және толық қолдау көрсетеді. \r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық саясаттың ең маңызды мәселелері бойынша екі елдің ұстанымдары аса ұқсас. Бүгінгі заманда екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестіктің деңгейіне жетті. Ал екіжақты қатынастардың барлық салаларында ынтымақтастық тиісінше кеңейтіліп жатыр. Екіжақты күн тәртібінің ең өзекті мәселелерінің бірі ол 2010 жылда Қазақстан ЕҚЫҰ-да және Испанияның Еуропа Одағында төрағалықтарды координациялау.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғары деңгейдегі кездесулердің динамикасы және мазмұны екіжақты қатынастардың ерекше сипатын куәландырады. Екі елдің басшылары арасындағы байланыс тұрақты әрі жемісті түрде дамуда.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 ж. 26 шілде — 2 тамыз кезеңінде Хуан Карлос Бірінші Корольдің шақыруы бойынша өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сапарын айрықша атап көрсету жөн. Сапар аясында Елбасы испан монархымен келіссөздерді өткізіп, басты испан кәсіпкерлерімен кездесті және Сарагоса қаласында «Экспо 2008» атты көрмеде Қазақстан күнінің ашу рәсіміне қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nИспания Королі Хуан Карлос Бірінші жұбайы София королевамен бірнеше рет Қазақстанға жеке сапармен келді. 2007 ж. мамыр айында испан монархы Астанаға ресми сапармен келіп, екі- және көпжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық бағыты бойынша көптеген мәселелер талқыланды. 2010 ж. Испания Королінің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарлануда.\r\n\r\n \r\n\r\nИспанияның сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос елімізге жиі келеді. 2006 ж. қаңтар айында ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықтауына орай ресми іс-шараларға қатысты. 2007 ж. сәуір айында испан дипломатиясының басшысы, ЕҚЫҰ-ның төрағасының функцияларын атқарушы ретінде Қазақстанға сапар жасады.  \r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 1-2 шілдеде М.Моратиностың Қазақстанға үшінші сапары өтті. Сапар кезінде испан дипломаты әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші Съезінің жұмысына қатысты, сондай-ақ Қазақстан Президенті мен Премьер-Министрі және сыртқы істер Министрімен кездесті. Сапардың барысында бірнеше екіжақты құжаттарға, оның ішінде, Қазақстан және Испания арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі елдің Парламенттерінің арасындағы ынтымақтастық жіті дамуда. Соңғы жылдарда ҚР Парламентінің Мәжілісі және Сенатының делегациялары испан парламентшілерімен келіссөздерді өткізу және халықаралық конференцияларға қатысу мақсатымен Испанияға талай рет келді. 2010 ж. Испанияның Парламенті Сенатының делегациясының сапары жоспарлануда.\r\n\r\n \r\n\r\nДін және өркениеттер арасында диалог платформалары болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі және Испания мен Түркияның бірлескен бастамасы — Өркениеттер Альянсы арасындағы ынтымақтастық — ол әрекеттесудің дербес бағыты. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев бастаған қазақ делегациясы Альянстың екінші форумына қатысып (Стамбул, 2009 ж. 6-7 сәуір), Испанияның Сыртқы істер министрі М.Моратиноспен және Үкімет Төрағасы Х.Л.Сапатеромен кездесті.\r\n\r\n \r\n\r\nЫнтымақтастықтың әртүрлі салалары бойынша екіжақты құқық базасына 2009 ж. шілде айында өткен испан СІМ басшысының Қазақстанға сапары кезінде бірнеше құжаттар қосылды. Атап айтқанда, екі елдің арасында өзекті саяси мәселелер бойынша тығыз әрекеттесуді қамтитын ҚР және Испания арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісім, қос салық салуға жол бермеу және салық салынудан жалтаруды болғызбау туралы үкіметаралық конвенция, сондай-ақ ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n            Испания біздің мемлекеттің дәстүрлі сауда партнеріне жатпайтындығына қарамастан, соңғы бірнеше жылдар екі мемлекет арасындағы сауда айналымы өсуінің оң үрдісі байқалатын болды. Сонымен бірге, ғаламдық дағдарыс екі мемлекет арасындағы сауда қатынастарының серпініне өз әсерін тигізді. Қазақстанның кедендік статистика деректері бойынша 2009 жылдың қаңтар-тамыз айларында Испаниямен сауда айналымы 408 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт 350 млн.долл. құрап, ал импорт 58 млн.долл. құрады.\r\n\r\n \r\n\r\n            Испанияға қазақстандық экспорттың негізгі бөлімдері көмірсутек, қара және түрлі-түсті металдар болып табылады. Испаниядан Қазақстанға емдік дәрі-дәрмектер, цитрустық өнімдер, инсекцитидтер мен гербицидтер, өнеркәсіптік аспаптар және оларға қосалқы бөлшектер импорттайды.\r\n\r\n \r\n\r\n            Қазіргі уақытта Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 30 кіші және орта бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Кәсіпорындар экономиканың әртүрлі салаларында сауда саласында, автокөліктерді жөндеу, үйде пайдаланатын бұйымдар өндірісінде және коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызмет көрсету салаларында жұмыс істеуде. Бірлескен кәсіпорындардың жартысы Алматы қаласында орналасқан, ал Бас қаламызда 8 компания жұмыс жүргізуде.\r\n\r\n \r\n\r\n            Қазақстан нарығында өз бизнесін дамытуға мүдделі болған испандық ірі кәсіпорындардың ішінде «Репсол» мұнай-газ компаниясы, «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен ынтымақтасатын «Тальго» көлік компаниясын атап көрсету керек. ҚР-ның тау кен- руда өнеркәсібінің саласына жарылғыш заттарды жеткізетін «Максам» компаниясы белсенді түрде қызмет жасауда. Азаматтық және әскери мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар саласында мамандандырылған «Индра» компаниясымен де қарқынды ынтымақтастық жүргізілуде.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n            Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\n            2000 жылы қол қойылған Мәдениет, білім және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім осы сферада ең басты аспаптардың бірі болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n            Негіздемелік құжаттың негізгі бөлімдерін жүзеге асыру мақсатында 2009 жылғы 11 наурызда болған Аралас Комиссияның білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастандыруға арналған отырысы барысында, тараптармен 2009-2011 жылдарға арналған білім және ғылым салаларындағы ҚР және Испания арасындағы Бағдарламаға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Осы құжатқа Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі М.А.Моратиностың 2009 жылы шілденің 2-де Астанаға болған ресми сапары барысында қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            Одан басқа, 2000 жылы AECI мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатты іске асыру аясында ҚР мемлекеттік қызметкерлері, ҚР Агенттігінің өкілдері Испанияның мемлекеттік басқару Ұлттық институтында (INAP) испан тәжірибесін зерттеді. INAP мамандарының қатысуымен Қазақстанда бірнеше семинарлар және сабақтар өткізілді. Ынтымақтастықты ЕО ТАСИС бағдарламасы бойынша қаржыландырды.\r\n\r\n \r\n\r\n            AECI жыл сайын ҚР бір өкіліне Испания Дипломатиялық академиясында оқу үшін стипендияны бөледі. Испанияның оқу мекемелерінде үнемі түрде қазақстандық азаматтар оқуда.\r\n\r\n \r\n\r\n            2008 жылы ҚазҰПУ және Мадрид қаласындағы Комплутенсе университеті арасында академикалық, ғылымдық және мәдениеттік қатынастар туралы келісімге қол қойылған, дәреже студенттермен, оқытушылармен, методикалық материалдармен және құралдармен және т.б. алмасуды орнатты.\r\n\r\n \r\n\r\n            Өткенде болған екі ел басшыларының кездесулерінде қол жеткізген уағдаласқан пікір бойынша, Қазақстанда Сервантес Институтының өкілдігін ашу мәселесінің тезірек шешілуінің өзектілігі және маңыздылығы кем емес. Қазіргі уақытта қазақстандық екі жоғары оқу орындары — Абылай хан атындағы КазХҚжәнеДТМУ және Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университеттерінің негізінде Сервантес институтының аудиториясын ашу мәселесі талқылануда.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n Туризм саласындағы ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\n            2003 жылдан бастап Мадридтегі «FITUR» атты халықаралық туристік көрме-жәрмеңкеге туризммен айналысатын мемлекеттік органдардың өкілдерінен, жекеменшік туристік компаниялардан тұратын казақстандық делегация қатысады.\r\n\r\n \r\n\r\n            Осы көрмедегі орнатылған байланыстар, Қазақстан мен Испания туристік мекемелердің арасындағы әріптестік байланыстарды қеңейтуге жол ашып, қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру екі мемлекет арасындағы туристік алмасуды елеулі көбейтті.\r\n\r\n \r\n\r\n            Испандық туристік әкімшілігімен және оның басшылығымен ынтымақтастық орнатылды. 2006 жылдың мамырында, 2007 жылдың ақпанында, 2008 жылдың қаңтары мен желтоқсанында Испанияға ҚР Туризм және спорт министрі Т.Досмұханбетовтың сапарлары болды. 2009 жылдың шілдесінде екі мемлекеттің тиісті министрліктері арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ