Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар

0
1695

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар\r\n\r\nДипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 қаңтарда орнатылды. Сеулдегі Қазақстан елшілігі 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. 2008 ж шілдеде ҚР елшісі Д.Бердалиев Корея Республикасы Президенті Ли Мён Бакқа сенім грамотасын тапсырды.\r\n\r\n \r\n\r\nАлматыдағы Оңтүстік Корея Елшілігі 1993 ж ашылды (2008 ж тамыз айында Астана қаласына көшірілді, ал Алматы қаласында Елшіліктің өкілдігі қызмет атқарады). 2009 ж наурыз айында елші Ли Бен Хва елбасына сенім грамоталарын тапсырды\r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 12-14 мамырда Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Астанада мемлекеттік іс-сапары өтті. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының қатынастар қорытындысын стратегиялық серіктестік нәтижесінде қамту жөнінде бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Бірнеше документтерге, соның ішінде Қазақстан және Оңтүстік Корея арасында ынтымақтастықты дамыту әрекеттері жөніндегі жоспарға  қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nОңтүстік Корея президенті бизнес-форумға қатысты, оның нәтижесінде энергетика, көлік, құрылыс және телекоммуникациялық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2010 ж. 21-23 сәуірде ҚР президенті Н.Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Елбасы Корея Республикасының президенті Ли Мен Бакпен, премьер-министр Чон Ун Чанмен, оңтүстік-корей компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Сапар шеңберінде Корея Республикасындағы Қазақстан жылын және бизнес-форум өткізу  ұйымдастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғары деңгейдегі кездесулер 2008 ж. 25 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары Ө.Шөкеев елбасының арнайы елшісі ретінде президент Ли Мен Бактың инаугурациясына қатысты; 2008 ж. 25-28 мамырда премьер-министр кеңсесінің басшысы Чо Джун Пё Астанадағы І қазақстан-корей стратегиялық семинарына қатысты (ІІ стратегиялық семинар 2008 ж маусымда Сеул қаласында өтті); 2008 ж. 5-6 шілдеде Білім және экономика министрі Ли Юн Хо президент Ли Мен Бактың арнайы елшісі ретінде Астананың 10-жылдық мерейтойына қатысты. 2010 ж 12 қазанда Білім және экономика министрі Чон Ген Хван бастаған Оңтүстік Кореяның экономикалық делегациясы Қазақстанға келді. 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті шеңберінде Корея Республикасының сыртқы істер министрі Ким Сон Хванның Қазақстанға сапары болды.\r\n\r\n \r\n\r\nСІМ-аралық ынтымақтастық 2010 ж. 16 наурызда Астана қаласында консультациялық кезекті раунд өтті. Өзара қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар ынтымақтастықты кеңейту бойынша әрекет жоспары және келісімдердің жүзеге асырылуы талқыланды. Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев, ал корей делегациясын сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Ли Ен Чжун бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж екіжақты тауар айналымы 505,6 млн. долл. құрады ( 2008 ж 754,1 млн.), соның ішінде экспорт 131,7 млн.(330,8 млн.), импорт  373,8 млн. (423,3 млн.). 2010 ж қаңтар-желтоқсанда 760,1 млн. долл. (экспорт 232,8 млн., импорт 527,2 млн.).\r\n\r\n \r\n\r\nЭкспорттың негізгі тауарлары уран, ферроқұйындылар, таза болат пен темір, алтын, мыс прокаттары; импорт электр өнімдері, көлікқұрылысы өнімдері мен жабдықтары.\r\n\r\n \r\n\r\nҚатынастарды нығайтуда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия ықпал етеді. Қазақстан тарапынан Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Д.Тұрғанов және корей тарапынан Сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Ли Ен Джун төраға болды. Үкіметаралық комиссияның 5-отырысы 2010 ж. 16 наурызда Астана қаласында өтті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оңтүстік корей тарапы Үкіметтің ҚР-да «жасыл ауылдың» құрылысына грант бөлетіні туралы мәлімдеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЭнергетика саласында ынтымақтастық дамып келеді. 2002 ж. энергетика және минералды ресурстар саласында ынтымақтастық жөнінде қазақстан-корей комитеті құрылды. Комитеттің алтыншы отырысы 2010 ж. 12 қазанда Астана қаласында өтті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ