Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық қатынастар

0
1592

            1996 жылдан бері Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі өз қызметін атқаруда. 2004 жылдың қазаннан Елші — Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді.\r\n\r\n \r\n\r\n            Малайзияның Елшілігі Қазақстанда 1996 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2004 жылдың маусым айынан бері Малайзияның Қазақстандағы Елшісі — Тан Тай Хин.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n            Саяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n1992 жылдың наурыз айында Қазақстанға Малайзияның Сыртқы істер министрі Абдулла Ахмад Бадауи сапармен келген болатын (қазіргі таңда Премьер-министр).\r\n\r\n \r\n\r\n1996 жылдың 25-29 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болып өтті. Сапардың нәтижесінде екі ел арасындағы сауда ынтымақтастық туралы; инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы; экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылған.\r\n\r\n \r\n\r\n1996 жылдың 18-20 шілдеде Малайзияның Премьер-министрі М.Мохамад Қазақстанға сапар шекті. Сапардың нәтижесі бойынша әуе жолдары туралы және Ұлттық Банктар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылуымен қатар Бірлескен мәлімдеме қабылданды.\r\n\r\n \r\n\r\n2003 жылдың 11-14 қыркүйекте Малайзияның жоғарғы басшысы Янг ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саид Сираджуддин Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Малайзиялық патша республикамыздың басшылығымен келіссөздер өткізді. Патшаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің құрметті профессор атағы берілді. Сапардың нәтижесінде тараптар Бірлескен коммюнике қабылдады.\r\n\r\n \r\n\r\n2006 жылғы 17-21 мамырда Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Рамли бин Нгах Талиб Қазақстанға ресми сапары өткізілді. Сапар барысында малайзиялық спикер қазақстандық Парламенті палаталарының басшыларымен, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесіп, Оңтүстік Қазақстан облысына танысу сапарымен барды.\r\n\r\n \r\n\r\n2006 жылғы 25-27 маусымда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға Мемлекеттік сапармен келуі Қазақстан мен Малайзия арасындағы қатынастарының тарихында арнайы орын алуда. Сапардың барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметінің арасында қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа қатысты салықтан жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, қаржы және құрылыс салаларында іскерлік келісімдер жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\nСапары аясында Мемлекет басшысы Путраджая қаласында елдің Премьер-министрі Абдулла бин Хаджи Ахмад Бадауимен кездесті. Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша.\r\n\r\n \r\n\r\nМемлекеттік сапары барысында ҚР Президенті Куала-Лумпур конвенциялық орталығында елдің жетекші корпорацияларының басшыларымен кездесті. Бизнес-форумға, сондай-ақ, қазақстандық іскер топтардың өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ мен Малайзияның Мультимедиялық даму корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «Малайзияның технологиялық паркі» корпорациясы арасындағы, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен «IRIS» корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға, сондай-ақ, Өзара түсіністік туралы меморандумға және Экспорт пен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен Малайзияның Экспорт-импорт банкі арасындағы Қайта сақтандыру туралы Келісімге, «KazHiTechEuroBuilding Ltd» компаниясы мен «Metro Ikram» компаниясы арасындағы Қазақстан Республикасында Әлеуметтік тұрғын үй салу жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n            Сауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2003 жылы 35.5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт – 2,4 млн., импорт – 33,1 млн. 2004 жылы екі жақты сауда көрсеткіші 29,8 млн. төмендеді, соның ішінде ҚР экспорты – 6,5 млн., импорт -23,31 млн. 2005 жылдың нәтижесі бойынша тауар айналымының көлемі екі есе өсіп, 59.5 млн. АҚШ долл. асып түсті. Қазақстандық экспорт 11 млн., ал импорт 48,5 млн. сомасын құрады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстандық экспорттың басым бөлігін қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп, сондай-ақ күміс пен платина өнімдері құрауда. Малайзиялық экспорт бұған қарағанда анағұрлым алуан түрлі, соның ішінде электроаппаратура мен электроника (23%), құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер (19,4%), химия өнеркәсібі өнімдері (18,1%), пальма майы (12,1%), бакалея тауарлары (6%), жиһаз және т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nБірлескен казақстан-малайзия сауда-экономикалық комитеті 1996 ж. 27 мамырдағы Қазақстан мен Малайзия үкіметтері арасындағы Сауда келісімінің 10-бабына сәйкес құрылды. Комитеттің қазақстандық тарапынан тең төрағасы ҚР Көлік және коммуникациялар министрі А.Мамин, малайзиялық тарапынан – Халықаралық сауда және индустрия министрі Рафида Азиз болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nМалайзияда 12 қазақстандық студент оқуда, оның ішінде 3 «Болашақ» бағдарламасы бойынша.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ