Қазақ халқының қол өнері

0
3284

                      Қазақ  халқының қол өнері.\r\n

    \r\n

  • Қазақ киімдерінің  түрлері- 210
  • \r\n

  • Зергерлік бұйымдары- 93
  • \r\n

  • Металдан жасалған бұйымдары мен құралдары- 31
  • \r\n

  • Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары-39
  • \r\n

  • Кигізден жасалған мүліктер-84
  • \r\n

  • Шаруашылық және тұрмыс құралдары- 67
  • \r\n

  • Көлік тұрмандары- 64
  • \r\n

\r\n              \r\n\r\nҚасиетті қазақ халқының   қолөнерінің  тарихы тым  тереңде. Ол  кеңбайтақ  жерімізді  мекендеген  сақ, үйсін,  қыпшақ,  ғұн,   қарлұқ  тәрізді  көне түркі тайпаларының    мәдениетінен арқау алады. Жәнеде  оған  Оңтүстік- Сібір, Орта Азия  мен  Ресей  халықтарының да  мәдениеті  өз әсерін тигізген.  Осындай үнемі жаңғыру үстінде  болған қазақ  халқының  дәстүрлі қолөнерінің   даму биігіне көтерілген   кезкңі  XIX  ғасырдың  екінші жартысы мен  XX ғасырдың  басы.\r\n\r\nАрхеологиялқ  қазбалар мен   жазба ескерткіштерге  арқа сүйесек, Қазақстан  аймағын  мекендеген   тайпалар   жүздеген жылдар  бойы металл, тас,  сүйек, саз балшық,  ағаш, жүн, тағы басқа  да  шикізаттарды  шаруашылық  кәсіптері мен  күнделікті  тұрмыс қажетіне   жарап,  қол өнердің  өз ұлтына   тән ерекше  көркем түрлерін  қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің  көне  заманнан  келе жатқанына  нақты айғақтар:  Павлодар өңіріндегі  Досыбай  жартасынан  табылған бейнелер,  Өскемендегі  жазбалар мен  Ұлытау жартасындағы  суреттер, Кригельді  өзені аңғарынан табылған  керамикалық қазындылар. Қазақ халқының  қолөнері  ерте кезден ақ  әлемдік мәдениеттің  көрнекті қайраткерлерін  қызықтырған.  Геродот тіпті  былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын  мен мыстан  жасалған. Жайдың  металдан  істелген бөлшектері, оғы,  айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері  мен  белдік әшекейлері  түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ,  ат омырауындағы  өмілдіріктер де мыстан  соғылып,   жүген сулығы,  ауыздығы  тағы  да басқа  бөліктері   түгелдей алтынмен  әшекейлендіріліп,  безендірілген». Геродот  пен  бірге Ктесий,  Страбон да қазақ  топырағын мекендеген  сақтар  мен  массағаттардың  барлық заттардың  әшекейленіп,   киімдердің өзіне тән   үлгісі барын айтады. Қазақ халқының  қолөнері туралы  Ресей ғалымдары да  сүйсіне әңгімелейді. Мысалы  М.А.Леваневский: «қазақтың қандай  кәсіпке болмасын,  табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің,  қарапайым құралдармен тамаша  ер қапталдарын жасап,  алтын, күмістен әсем  бұйымдар шығаратындығына  таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері  өте берік, киюге  ыңғайлы» — деп  жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің  таңғажайып туындысы – киіз үй орта  ғасыр саяхатшылары  Марко  Полоны (1230), Плано  Карпиниді (1246), Клавихоны (1403),  Барбораны (1436),  қатты таң қалдырып,  олардың тарихи жазбаларынан  орын алғаны – біз үшін  үлкен мақтаныш.\r\n\r\nҚазір халықаралық деңгейде  қолөнер көрмесі  ұйымдастырылмағанымен, бұрын  оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969  жылы 91 жасында   қайтыс болған  Барлыбаева Рымжанның  қолынан шыққан  текеметтің кезінде   Парижде ұйымдастырылған   көрмеге қатысып,  талайларды таң қалдырғаны  қандай  тамаша. Сондай – ақ,  қазақтың  киіз үйлері  1861  жылы Парижде  өткен  халықаралық  көрмеге  қатысып, 1876  жылы  Петербургте  ориенталистердің  үшінші конгресінің   Құрметіне ашылған   көрмеге, 1890  жылы Қазанда  өткен көрмеге қойылған.1913 жылы  Омбы шахарында  Романовтар  әулетінің  300 жылдық тойларындағы  көрмеге  Атбасардан  Мейрам  қажының киіз үйі  қатысқан.\r\n\r\nХалықтың  қолөнеріндегі  негізгі тұлға- суретші, шеберлер. Қазақ халқының  ертедегі шеберлері кімдер?\r\n\r\nБұл жан- жақты  зерттеуді қажет  ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл  Орта  Азия  мен Қазақстан   есімі кеңінен  таныс   болған шеберлеріміз  туралы айтқанда  аузымызға ең бірінші Мұрын  жыраудың есімі  түседі. Шын аты  Тілеген  Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық  өмірін темірден түйін түйіп,  алтынды күміске  байлап,  етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең,   бай іс- тәжірбиесін үйреніп жазып алып  қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда  Жүсіп, Мақамбет, Күмбетбай,  Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген  атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің   өндірістік көркемөнер  көрмесінің  төтенше коммиссиясы  қазақ шеберлерінің  ыдыстарын «жұмысының  мінсіздігімен,  өрнектердің  әсемдігімен  ерекше көзге түседі»- деп  атап өткен  екен. Мінеки,  қазақтың қолөнер   шеберлеріне  Ресей сияқты  мемлекеттің берген  үлкен бағаларының  бірі осындай.\r\n\r\nҚазақтың  ағаш ыдыстарының   өзіндік ерекшеліктері  оның   көлемдігі. Мысалы,  бұрын қазақ ауылдарында  бір қойдың еті тұтас  сиып кететін   керсен тәрізді  ыдыстар болды. Қазір де  оның кейбір түрлері  ел ішінде сақтаулы.1871  жылы  Семейдегі   көрме ұйымдастыру комитеті  өзінің хаттама құжаттарында  қазақтың ешбір токорлық  станоксыз  қашау мен  пышақ арқылы тұтас  қайыңнан    ыдыстарын өте шебер жасайтынын  жазып қалдырыпты. Жалпы, қазақ  халқында   қолөнер шеберлері  жасаған ыдыстарының  өздері  65 түрлі . Ал музыкалық  аспаптары 18.\r\n\r\nҒылыми деректер бойынша  Қазақстан жерінде  қолөнер кәсібі  мұнан екі  жарым мың жыл бұрын  түрлі тайпалардың  творчествасы  арқылы байқап,  ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып  қалып келеді.\r\n\r\nXX  ғасырдың  басында ғана  қазақтар төсағаштың  үш түрін пайдаланған. Ал енді  Ибн Батутаның  жазбаларына назар  аударсақ, өз заманында  Дешті  Қыпшақтар  күймелі арбамен көшіпті.\r\n\r\nДүние  жүзіндегі  ең үлкен кілемнің  тұңғыш рет 1959 жылы  Ашхабатта  тоқылғаны мәләм. Оның  көлемі 192 шаршы метр болса, 1965  жылы  Түркімен   шеберлері  оны екі  есеге дейін ұлғайтты. Қазақтың  қолөнер шеберлері  де кілем тоқ удан   алдына жан салмаған. Қарт ана  Барлыбаева  Рымжанның  тоқыған кілемі 1926  Париж қарласында болған көрмеге қатысып, бәйге алды.Осыншама  атақты шеберлеріміз бола  тұра қазір халық арасында  қолөнеріміздің  дамымай ұмыт қалып бара жатқаны қалай? Бізді  ойландыратын осы сұрақ.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ