«Әкем,анам және Мен-спорттық отбасы» спорттық сайыс

0
4907
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Әкем,анам және Мен-спорттық отбасы»

Мақсаты:1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2.Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту.

3.Отбасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру арқылы нығайту мақсатында.

Түрі:Эстафеталық ойын.

Өтетін орны: Спорт зал

Пәндік байланысы: Тіл дамыту, Музыка.

Көрнекілігі: Суреттер,ысқырық,доптар,секіргіш жіп,кегли,клюшка,эмблема.

Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға,

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Негізгі бөлім: Құрметті әріптестер! Сайысқа қатысыушыларды ортаға шақырамыз.

  1. «Жігер» тобын ортаға шақырамыз ұраны:
  2. «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз ұраны:
  3. «Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз ұраны:

Әр отбасы орындарына келіп тұрады.

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Әдіскер: Дүйсембаева А.

2.Психолог:Сәтова Н.

3.Ата-ана: Итурхина Л.

Спорттық сайысымыз баллдық жүйемен бағаланады.Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Сайысымызды бастаймыз.

1-кезең.Шарты: Әр отбасы 10 қадамдай қашықтықта тұрған кедергілердің арасынан допты екі аяқтың арасына қысып,секіріп кедергілерден өту.

2-кезең.Шарты: «Шар жинау» Әр топ жерде шашылып жатқан шарларды өз түстеріне қарай таңдап пакетпен жинайды, балалар пакеттің аузын ашып көмектеседі.

3-кезең.Шарты: Қанарды аяғына киіп нысанадан айналып өту.

4-кезең.Шарты: «Кім епті» Шелектегі судан қасықтап тасып стаканды суға толтыру.

5-кезең.Шарты: Әр ойыншы клюшкамен допты кедергілердің арасымен айдап өтеді.

Сонымен бірге балалар тіл дамыту сабағынан не біліп, не үйренеді екен.

Соны тексерейік.

Дидактикалық ойын: «Ағашта не өседі?»

Шарты: ағашта өсетін жемістерді тауып ағашқа ілу.

III.Қорытынды.

Әділқазылыр өз бағаларын бергенше кішкентай бүлдіршіндердің әніне кезек берейік.

Ән «Қошақаным» орындайтындар: Жанбибі,Айдана,Асима.

Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

«Талап бізден,баға сізден » демекші бағаларымызды беріп өтіңіздер.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай бабамыз да!

Сіздерге көп рахмет! Жақсы күндерде жолыққанша! Аман –сау болайық!

Дайындаған: Сәубетова Г.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ