Кемел Тоқаев — детектив жанрының негізін қалаушы

0
5513

Қазақ халқы ең бір текті халықтардың бірі. Әр қандасымыздың бойында бір
тектіліктің шоғы мен мұндалап тұратындай. Ананың ақ сүтімен бойға сіңген
осы ұлылық, алпыс екі тамырмен өне бойымызға тарап, аламан көрсек
қиқуға басып, арқа қозатыны осыдан деп білемін. Және бұл үрдіс әкеден
балаға беріліп, небір заманалардан бері реттілікпен жалғасып келеді.
«Артында баласы қалса – көзі қалды де, сөзі қалса – өзі қалды де» деген
тіркес сөзімнің тұздығы іспеттес. Бұл сөзіме Тоқаевтер әулеті дәлел. Бүгінде
елағасы болып, тізгін ұстаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі қазақ
әдебиетінде өзіндік сара жолы бар – Кемел Тоқаев.

Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысы Қаратал ауданында
дүниеге келген. Зұлмат заманның тауқыметін жастайынан көріп өскенімен,
оқу-білімге деген құштарлығы барлық кедергілерден мойымай өтуге
жетелейді. Бозбала шағында майдан даласына аттанып, екінші дүниежүзілік
соғыстың алдыңғы саптарында айқасады. Сталинград соғысында танк
полкінде жанкештілігімен көзге түсіп, кейінірек Украина, Беларусь, Польша
секілді мемлекеттерді азат ету операцияларына араласады. Соғыс кезінде
бірнеше рет ауыр жараланады, тіпті, жарақатының ауырлығына байланысты
елге оралуға мәжбүр болды. «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғау үшін»
секілді төсбелгілермен марапатталған.

Екі тарапқа да өшпестей залал келтірген соғыс аяқталғаннан кейін Қазақ
Ұлттық университетіне оқуға түседі. Осында бала күнгі армандарына жету
жолында білім жолына түседі. Оқуды тәмәмдағаннан соң «Лениншіл жас»,
«Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» секілді ірі басылымдарда
еңбек жолын бастайды. Осындай «газет» деген үлкен мектептен өткеннен
соң әдебиетке бет бұрады. Қаламы қарымды жазушы ретінде елге танылып,
қазақ әдебиетіне жаңа серпін алып келді. Кемел атаның детектив жанрында
жазған дүниелері ой ұшқырлығымен, жағдаяттың керемет сипатталынуы,
сөздердің өзара керемет үндестігімен де ерекшеленеді. Қазақ детектив
жанрының негізін қалаған жазушы жайлы біраз естеліктерде, ауылдың қара
домалақ баласы Кемел Тоқаевтың шығармасын оқи отырып ел тыныштығын
торыған әскери адам болуға деген ынта-ықыласы артып, осы салаға ғашық
болуға септігін тигізді делінген.

Ильяс СӘРСЕНБАЙ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ