Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер

0
54824
Үздік ұжым

Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп адамға қарап, ұстазын таныған. Біздің сайтымызда ұстаздар мәртебесін көтеру мақсатында ашылған болатын. Martebe.kz республикалық білім порталының редакциясы «Мұғалімдер күні» қарсаңында мәртебелі мамандық иелері туралы қанатты сөздерді назарларыңызға ұсынады.

  1. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан

Абай Құнанбайұлы

2. Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет.

Бауыржан Момышұлы

3. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

4. «Ұстаз» деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

Серке Қожамқұлов

5. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Жан-Жак Руссо

6. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К.Д. Ушинский

7. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д. Ушинский

8. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

9. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

10. Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд, ағылшын ағартушысы

 

Martebe.kz ақпараттық білім порталының мақсаты Ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған. Сондықтан біздің сайтымызда Ұстаздар тақырыбының жиі қозғалуы заңдылық. Оқырмандардың назарына сайтымыздағы «Ұстаз» тақырыбындағы таңдаулы материалдарды ұсынамыз.

  1. Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
  2. Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
  3. «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
  4. Ұстаздар күнінің шығу тарихы
  5. Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
  6. Ұстаздар күніне құттықтау сөз
  7. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  8. Сүйікті ұстаз (Шығарма)
  9. ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
  10. Ұлы ұстаз өнегесі
  11. Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ