«Қош келдің, Алтын күз» мерекелік ертеңгілік

0
23036

«Қош келдің, Алтын күз» мерекелік ертеңгілік

 

Алтын Күз – Валеева А.Е., Түлкі – Башенова Л.Р., Қоян – Тұрсынбаева Е.Б.,

Жүргізуші – Саримова А.Т.

(Мерекелік ертеңгілікке балалар көңілді музыкамен залға кіріп, жартылай шеңбер болып отырады)

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Қош келдің, Алтын күз» атты мерекелік іс-әрекетімізді бастаймыз!

Қане, балалар өздерінің мерекеге дайындаған тақпақтарымен ортаға шықсын!

Сабина:

Күздің  қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

 

Дархан:

Нан атасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгілі де келіп жетті. Сендер күз туралы ән білесіңдер ме?

Балалар. Иә.

Жүргізуші: Жақсы қане бәріміз «Бұл Алтын күз» әнін орындайық.

Ән: «Бұл Алтын күз»

Өлкеміз түрленеді,

Әсем бір күйге енеді.

Жапырақтар сарғаяды,

Сұр бұлттар көшеді.          2 рет

            Қайырмасы:

       Бұл алтын, бұл алтын,

       Бұл алтын – күз, күз.

       Бұл сары, бұл сары,   

       Жомарт сары – күз, күз. 

Жүргізуші: Тамаша. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқаймыз?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн суытады, жапырақтар түседі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар,  біздің бүгінгі мерекеге келген қонағымызды қарсы алайық.

(Осы кезде музыка ойнап, ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар, билеп кіреді.)

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі мерекелеріңмен сендерді құттықтаймын. Әрқашан осындай әдемі болып жүріңдер!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Алтын күз!

 

Алтын күз. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, таба аласыңдар ма?

Өрік, алша,

Шие, алма,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз мезгілінде болады.

Алтын күз:   Бұлттар төніп

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман болады

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады

Бой жаза алмай

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Бөбектерім айтыңдар.

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз мезгілінде.

Алтын күз: Жарайсыңдар балдырғандарым, менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар.

Жүргізуші: Балалар өздерінің ағылшын, орыс тілдерінде тақпақтарын айтсын.

Адия:

1.Осень это  странная пора

То прохладно то жара

Ахмедияр:

Сприн из грин

Саммэ из брайт

Отум из еллоу

Уинтэ из уайт

Айғаным:

Осень, осень не спеши

И с дождями подожди

Дай еще нам лета,

Солнышка и света.

 

Рахман:

   Фол из фан

Ай лайк зэ сан

Фол из фан

 

Жүргізуші:   Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

 

Ал енді балалардың тамаша «Жапырақтар» биіне кезек беерйік.

 

«Жапырақтар» биі

 

Жүргізуші: Балалар мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын, кім екенін білгілерің келе ме?

Балалар: Ия.

(Музыка жүріп, залға түлкі келеді)

Түлкі:

Мен түлкімін, түлкімін.

Кім білмейді түлкіні.

Алдамаймын ешкімді,

Алтындалған күз күні.

Жүргізуші: Түлкі сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің балалар мерекеге арнаған тақпақтарын айтып берсін.

Наргиза:

Күміс мұртты арпамын

Ырыс құтты арпамын

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын

 

Айғаным:

Ақ, қарамын, сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірген

Қайтарамын қарымын

 

(Залға көңілсіз қоян келеді)

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілді!

Жүргізуші: Біз бүгін Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Сіз неге көңілсізсіз?

Қоян: Менің сәбізімді түлкі алып, қашып кетті.

Жүргізуші: Қоян көңіліңді түсірме біздің балалар сәбізіңді тауып береді.

(Түлкі қоянның сәбіздерін ортаға шашып тастайды)

Түлкі: Балалар қане, «Кім шапшаң» ойынын ойнайық. Кім бірінші болып қоянның сәбіздерін жинап береді екен. Төрт бала шығып, жинайды.

Қоян: Көмектерің үшін рахмет сендерге балалар.

Жүргізуші:  Балалар біздің бүгінгі қонақтарымызға арнап, тамаша «Бұл алтын күз» әнін оындап берсін. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Күзгі әуен»

  1. Күзгі күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Оның әнің тыңданыздар

Қосылып бірге жырлаңыздар

Қайырмасы:

У-у-у, о-о-о, а-а-а.

Күзгі әуен тамаша!

 

  1. Күзгі күзгі әуен.

Күзгі әуен не деген?!

Жапырақтар мен билеңіздер

Тамашалап көріңіздер!

Қайырмасы:

У-у-у, о-о-о, а-а-а.

Күзгі биі тамаша!

 

  1. Күзгі күзгі әуен.

Күзгі әуен не деген?!

Оның әнің тыңданыздар.

Күзге сәлем айтыңыздар!

Қайырмасы:

У-у-у, о-о-о, а-а-а.

Күз өте тамаша!

 

Жүргізуші: Балалар қане кім тағы тақпақ айтқысы келеді Күзге арнап?

 Ахмедияр

Мен сұлымын ұланның

Тұлпарына ұнадым

Бастаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын

 Камила

Аспанда сұрғылт бұлт

Жан жақтан жабады

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады

 

Қоян: Қандай жақсы балалар, өздері ақылды, еңбекқор, өнерлі. Солай емес пе түлкі?

Түлкі: Ия мен де таң қалып отырмын.

Алтын күз. Әнді де, тақпақты да өте керемет айттыңдар. Балақайларым, енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнаймыз ба? (Екі топқа бөлініп шығады«Көкөністер жинау»). Қай топ тез жинап алады.

Ойын: «Көкөністер жинау»

Алтын күз. Керемет балалар, мен сендерге ризамын. Бүгінгі мереке сендермен бірге көңілді өтті. Сендерге қызықты болды ма?

Балалар: Иә

Алтын күз. Балалар сендер кішкентай болсаңдар да, өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге. Ал енді біз кетейік! Сау болыңдар!

Түлкі: Келесі кездескенше!

Қоян: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті біздің қонағымыз Алтын күз, бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Балалар осымен біздің күз мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар!

Петропавл қаласы, «Алпамыс» балабақшасы» МКҚК

Дайындаған: тәрбиеші А.Т.Саримова, музыка жетекшісі: Г.М.Койшина

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ