Қазақ халқының ұлттық ойындары: «Қыз кәде»

0
2853

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бірі — «Қыз кәде». Бұл ойында тартыстың бас кейіпкері — ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ», деп жол-жорасын жасаттырады.

Бұл ойын бүгінде республикамыздың әр жерінде әр түрлі өткізіліп, үзілмей келе жатыр. Мәселен, Оңтүстік аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәлі аттанар сәтінде ойынды бастайтын болған. Ал шығыс, орталық аймақтарда қызды аттандырудан бір күн бұрын өткізілген. Ойында білегін сыбанып, белін буған жеңгелер мен омырауын ашып, өңешін созған жігіттердің ортасында басына сәукеле киіп ұзатылатын қыз тұрады. Әзіл сөз, айтыс өлеңмен жеңсең қызды алып жүре бер деген. Суырыла сөйлейтін шешен жігіт пен тілмәр келіншек тартыса келіп, сөзге тоқтар жолға жүгінеді, осылайша ойын жалғаса береді, Ойын тым ұзаққа созылуы да мүмкін. Дегенмен ойынға үлкендерден болатын басшылық — бақылаудың нәтижесінде екі жақ тоқтамға келіп, қызды шығарып салады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ