Қазақстан тарихы: Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан

0
16040

Қысқы жайылымға қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақ таңдалынды. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Қысқы жайылымдар солтүстік аймақтың оңтүстігіне таман орналасты.

Солтүстік аймақтағы шаруашылықтың басым түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілерде қой көп болды. Шаруашылықта басты орында жылқы болған.

Қазақ даласында жұт болып тұрған. Жұт кезінде жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8 жылда, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған.

Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Тасмола мәдениетінің әсері болған. Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас келеді. Өйткені олар да “мұртты обаларға” иесімен бірге атын қоса көмген.

Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын үш қоныс – Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел. Қоныстардан дөңгелек және жалпақ түпті, бүйірлі қыш ыдыстар қалдықтары, қола пышақтар, түйреуіштер, тас құралдар, темірден жасалған жебе ұштары, қанжарлар табылған.

Сақ заманының алғашқы кезеңінің жақсы зерттелген обалары — Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл обалардан садақ жебелері, пышақтар, қола айналар, қыш ыдыстар табылды.

Геродот өз деректерінде савроматтар “биік таулардың бауырында” тұрған аргиппейлермен (қазіргі Орал таулары бойында ) көрші болған деп жазады. Ал олардан шығысқа қарай исседондар қоныстанған. “Аргиппей” – “ақ жалды жүйрік аттардың иелері”деген мағынаны білдіреді.

Темір дәуірінде Қазақстан жерінде түсті металл қорыту, өндіру ісі жақсы дамыған. Б.з.2-3 ғасырларына жататын металл бұйымдар Шығыс Еуропа мен Кавказ жерлерінен табылды.
Cолтүстік Қазақстан жерінен табылған темір бұйымдар Батыс Сібір, Оралдан табылған заттардан 2-3 ғасыр ертерек уақытпен мерзімделеді.
Бұл Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың темір өндірісін ерте игергенін, қазақ даласы темір қорытудың алғашқы орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді.

Геродот аргиппейлердің өмір салты туралы өз жазбаларында баяндаған: “Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астына паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе, оны ешкім ренжітпейді, бұл халықты аргиппей деп атайды”.

Солтүстік аймақтан табылған өнер үлгілері “аң стиліне”жатады. Ертедегі адамдар түйелердің айқасы, шауып келе жатқан қасқыр, дала қыраны сияқты көріністерді бейнелеген.

Б.з.б.8 – б.з.2 ғасырында Солтүстік Қазақстанды мекендеген тұрғындар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған тайпалармен мәдени байланыста болған. Мұны қазба мәдени мұралардағы кейбір ұқсастықтар айғақтайды.

Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанның тұрғындары егіншілік пен отырықшылықтан көшпелі өмір салтына ауысты.
Солтүстіктегі және басқа аймақтардағы тайпалардың өзара ұқсастықтары болған. Кейбір тарихшылардың есептеуінше, аргиппейлер, сарматтар, савроматтар — бір халықтың атауы.

Есілдің оң жағалауында ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс-қалашығы орналасқан. Қалашықтың бекініс қорғаны болған. Бекініс қабырғасының биіктігі 5-6 метр үйілген топырақ дуалдың үстіне ағаштан тұрғызылған. Бекініс бес қорғаныс қалқасынан тұрады.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Шілікті «Алтын қорғаныны» қай ғасырларға жататынын көрсетіңіз:
Ақтау бекініс — қалашығы орналасты:
Геродот дерегіндегі савроматтардың “биік таулардың бауырында” тұрған көршілері:
Геродот жазбаларындағы “Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астына паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді” деген мәлімет қайсы тайпа туралы?
Ежелгі Қазақстан жерінде өндірілген металл бұйымдар табылды:
Ерте темір дəуірінің солтүстік аймақтағы қоныстары:
Жұттың қайталанып тұратын уақыты:
Солтүстік Қазақстан тұрғындары көшпелі өмір салтына ауысқан кезең:
Солтүстік Қазақстан тұрғындары мәдени байланыста болды:
Солтүстік Қазақстаннан табылған өнер үлгілері:
Солтүстік өңірдегі жақсы зерттелген обалар:
Солтүстіктегі шаруашылықтың басым түрі:
Қысқы жайылымға таңдап алынды:
Ұлыбай атырабының ескерткіштері ұқсас:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ