Қазақстан тарихы пәнінен мәтіндік сұрақтар, жауаптарымен

1
56490

1)Мәтінде XVIII ғ. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының дамуынан үзінді келтірілген. Қазақ-Ресей саудасының ерекшеліктері арасында қатесін табыңыз: “Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебінегі Орынбор,Троицк,Петропавл,Омбы,Семей және Өскемен … болды. Қазақ-Ресей саудасының өзіндік ерекшеліктері бар еді,… айналымдағы ақша қазақтарда аз еді. Сауда бірлігі ісек қой саналды. … Ресей саудагерлері аз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы,бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті бір жылқы мал өгізге айырбас жасады.Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып,12-15 сомнан сатты»

Сауда жасайтын негізгі орындар округтік приказдар болды.

2)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды.Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты…»

ТМД-ның құрылуы

3) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді»

Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

4) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж.Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырды.Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады»

Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы.

5) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның болған кезеңін анықтаңыз. «Қытай патшасы көп сыйлық талап етті, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді.Бұл оқиға бзб 107 ж.болған»

Бзб 2ғасырдың басы

6)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның жағымсыз салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»

Дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі.

7) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы. «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке

жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша…одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»

ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.

8) «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз. «Қазақстан Респуб. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс,тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға, Түркияға, Монғолияға,Ресейге,Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы,елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды.

Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.

9)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды… Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

Рулық қауымның шығуы.

10)Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды… Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

Жеке меншіктің үстемдігі.

11)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «…адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»

Неолитте

12)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті жүзеге асыру үшін қажет еткен жағдай . «…адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»

Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді.

13)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «…адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді»

Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы.

14)Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз. «Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, ұйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.» Орталық Қазақстан.

15)Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып , өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті.

Көшпелі мал шаруашылығына өтті.

16)Мәтінде сипатталған Моғол хандығындағы жоғары лауазымды атаңыз. «Моғол хандығының тағына дұғлат Хұдайдат… өзінің айтқанын істейтін хан тұқымынан алты рет өз адамдарын отырғызған. Хан билігі де рулық-тайпалық бай-феодалдар еркіне байланысты болған. Биліктің мұндай жағдайда жүргізілуінің өз ханның бай-шонжарларға экономикалық жағынан тәуелділігін де көрсетті.»

Ұлысбегі

17)Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықта. «Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «жетісудың ағашының басы жеміс екен» екі сұлтан келіп ораналасқан жер Шу тарылы «Ей, Шу атында теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас.»

Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батыс аймағына көшіп келуі

18)Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз. «Бұл жорықтардың Қазақстан үшін ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлдем күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендерді құлдыққа айдалып,Орта Азияның қалаларының базарларында сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.»

Әмір Темір шапқыншылығы

19)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бетпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алды. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлыс кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.»

Әмір Темір мен Ильяс Қожа арасындағы күрес

20)Мәтінге қарап, Әбілқайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз. «… ол алдымен өзінің қарсыластары Махмуд-қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғ 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер ақ орда жерінің оңтүстік аудандары- Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған»

Батыс Сібірден Оңтүстікке қарай

21)Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз. «Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген . Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың

орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемелекетінің інжулік жерлері Шу,Іле,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан»

Ханның иелігіндегі жер

22)Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз. «…халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. … аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтылған жұйе болып қалыптасып үлгермеді.»

ЖЭС

23)Мәтінде берілген үндеудің қай үкімет жариялағанын анықтаңыз. «Ресей мұсылмандары… бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз,сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңдер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар,біліп қойыңыздар Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты,сіздердің құқықтарыңыз революциямен оның органдарының жұмысшы солдат және шаруа депутаттар Кеңестерінің бар күшімен қорғалды… Осы революцияны және өкілетті үкіметін қолдаңыздар.»

Кеңес үкіметі

24)Мәтінде кездесетін сойырғал терминіне мағынасы жағынан ең жақын сөзді анықтаңыз. «Ұрыс ханның әскербасыларының бірі Ұрық-Темір 1377-1378 жылдары Тоқтамыспен бірге Самарқандағы Әмір Темірге қашып кеткенде оған сойырғалға берілген жер қайтарылып алынып, Тойшы деген әскербасыға берілген. Жерді бөлу және оны біреуге беру тек ханның билігінде болды.»

Иқта

25)Мәтіндегі қазақтардың үш жүзі туралы сипаттаманы оқып, дұрыс емес жауапты анықтаңыз. «Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты… Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап,бізге қалдырды. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған.»

Жүздерді тек ақсүйек өкілдері ғана басқаруга құқылы болған.

26)Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз. «Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікке көшіп-қонып жүретін үлкен ру-шектіден шыққан… Бұл екі батыр Кенесары Қасымұлы қайтыс болып, тарих сахнасыгаг кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысты. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді.»

Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы

27)Мәтінде сипатталған тайпаларды анықтаңыз. «Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, олар Қарахан мемлекетінің ішкі басқару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген.»

Қарақытайлар

28)Мәтінге қарап, мұрагерлік жолмен сайланған ханды анықтаңыз. «Қазақ халқында хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылды: біріншісі мұрагерлік жол, екіншісі сайланып қойылатын. Мұрагерлік жолмен хандық билік әкеден балаға емес, ағадан ініге қалады.

Егер хан болуға лайықты іні болмаса , онда хандық тек балаға қалуы тиіс. Бірақ бұл жағдайда да баланың хан лауазымына лайықты тұлға болуы шарт»

Қазақ хандығының тарихында хан билігінің әкеден балаға беру үлгісі: Шығайдан Тәуекелге

29)Мәтінге қарап, Қытай елімен дипломатиялық әрі туыстық қарым-қатынас орнатқан елді анықтаңыз. «Қытай патшасы көп сыйлық талап етіп, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді. Бұл оқиға б.з.б.107 жылы болған»

Үйсін

30)Мәтінде айтылған тарихи еңбекті атаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.»

«Шыңғыснама»

31)Мәтінде берілген қаулының қабылданған жылын анықтаңыз. «Қырғыз АКСР-і Кеңестерінің V сьезінде білдірілген Қырғыз АКСР-і еңбекшілерінің еркіне сәйкес. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы қаулы етеді:1.Қырғыз АКСР-інің аты Қазақ АКСР-і деп өзгертілсін. 2.Қырғыз АКСР-і үкіметі орналасқан жер-Ақмешіт қаласының аты Қызылорда қаласы деп өзгертілсін.»

1925 ж

32)Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға. «…Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы тартылсын…»

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

33)Мәтінде сипатталған екі елді анықтаңыз. «…Олардың арасындағы жаулаушылық мұнымен бітпейді. Отырар,Сығанақ,Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.»

Хорезм, Қыпшақ.

34)Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.»

Өтеміс қажы.

35)Мәтінде сипатталған жағдай қандай тарихи оқиғаға ұласқанын анықтаңыз. «…тобыр комиссияға өз талаптарын қойды… Ол жаңа ережені қабылдағысы келмейтінін айтты… басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асырылатын бұрынғы жүйесі мен алым-салық түрлерін өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Комиссия мүшелерінің жағдайды түсіндірмек болған әрекеттерінен түк те шықпады. Қырғыздар (қазақтар авт.)… бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды…»

1868-1869 жж оқиға.

36)Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз. «Халықты өз төңірегіне топтастыра бірген ол елді өнерге, күнкөріс тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады.Сондықтан оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көп көңіл бөлген.»

Инанч

37)Ұрыс хан өз күш-қуатын нығайтуда пайдаланған тарихи оқиға. «Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы Ұрыс хан Ақ Орда билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш-қуатын нығайтады.Хан 1368-1369 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырады.

Өзбек пен Жәнібек хандардан кейін Алтын Ордадағы аласапыран төңкерісін

38)Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алуда пайдаланған тарихи оқиға. «Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған. Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауреннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды»

Алтын Орда әскерлерінің 1380 жылы орыс әскерлерінен жеңілуін.

39)Мәтіндегі қаулының нәтижесінде жарияланған салдарының ішінде қатесін табыңыз. «Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай,байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді… тәркілеу науқаны… халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды… Сонымен бірше малдың көп бөлігі көршілес республикаларға айдап әкетілді»

Ауқатты шаруалардың жағдайы жақсарды.

40)Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз. «Тек аңыздардың айтуы бойынша қырғыз-қазақтардың арасында… (Тәуке) қалпына келтірілген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен башқұрттар Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қонтайшы Галдан Серен басқарды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де де тітіренткен үрей туғызып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды.»

XVIII ғ.басы

41)Мәтінде қай тарихи дерек туралы айтылғанын анықтаңыз. «Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»

Орты Жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы.

42)Мәтінде қай тарихи кезеңнің жарқын оқиғалары сипатталғанын анықтаңыз. «Интелегенция өкілдерінің кейбіреулері ғана ақталған. Қазақтың айтулы азаматтары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,Бейімбет Майлин…. ақталып, оларған жалған айыптаулар алынып тасталды… Бірақ сол кезде қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов,М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдері ақталмай қалды.

…Мәскеу өкіметі орындары оларды «барып тұрған ұлтшылдар мен алашордашылар» деп есептеді.

«Жылымылық»

43)Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз. «… келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар(қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнінде ойлаған кезде ашу-ызаға булықты… Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды… кейбіреулері ханның өзіне қол салып, бұлардың ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атынан ғана емес бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы есеп беруді талап етті.»

Кіші жүз қазақтарының ресейдің қол астына өтуі.

44)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның республика еңбекшілерінің алдына қойған міндетін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»

Азық-түлік мәселесін шешу.

45)Мәтінде сипатталған салықтың түрін анықтаңыз. «Қарапайым халық феодалдарға, мемлекет қажетіне міндеткерлік жұмыстар атқарды. Салықтың бұл түрі Ұлықбек тұсында Сауран, Сайрам,Отырар тағы басқа оның әскерлері тұрған жерлерден алынған. Моғол хандары да Тараз қаласының аймағындағы қалалардан және Қашқария жерінен… жинаған.

«Тағар»

46)Мәтінде сипатталған ТЖМК-ның мақсатын анықтаңыз. . «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша…одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»

КСРО кезіндегі жағдайды қалпына келтіру.

47)Мәтінде сипатталған тарихи дастандардың түріктерде ненің дамығандығын көрсететіндігін анықтаңыз. «Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанаттарының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілімен өрнектелген… Мәселен, «өлімнен ұят күшті», «жұқаны таптау оңай», «жіңішкені үзу оңай» деген сияқты тіркестерді кездестіруге болады.»

Жазу өнері пайда болғанға дейін ауызша әдеби тілдің дамығандығын.

48)Мәтінде сипатталған тарихи деректің авторын анықтаңыз. «Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты

суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»

И.Г.Андреев

49)Мәтінде сипатталған тарихи жағдайдың болған жылын анықтаңыз. «Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылық кеңесі таратылды.»

1965 ж

50)Тарихи деректе қазақтың қай біртуар азаматы туралы айтылғанын анықтаңыз. «Өткен күзде Іле сыртқы өлкесіне қырғыз(қазақ) сұлтаны… қайтыс болды. Оның есімі Қытайдың батысындағы Қашғар қаласына көзсіз ерлікпен жасаған батыл саяхаты арқылы кеңінен танылды… Біз бұратана халықтардың білімді өкілдерінің көбірек пайда болғанын зор ықыласпен сүйсіне қарауға, ал олардың қайғылы қазасын қатал тағдыдың шектен тыс әділетсіздігі деп санауға әрқашан әзірміз.»

Ш.Уәлиханов

51)Ресей мен Қытай арасында жасалынған бейбіт келісімшартынан келтірілген үзінді қай тарихи оқиғаға қатысты екенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»

Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуга қоныс аударуы.

52)Мәтіндегі қатені табыңыз. Шын мәнінде XIX ғ.60-жылдарынан бастап су жолы қалыптасқан өзен бойы. «Іледе су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды… 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. XIX-XX ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады.»

Ертіс

53)Дерек тарихи құжаттың қай түріне жататындығын анықтаңыз. «Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкім болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, қаулы қабылдадық:

1)Бізге еңбекақы ретінде босатылатын азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын.

2)Жалақы мөлшері көбейтілсін.

3)Ылғалы мол шалшықты жағдайда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқ-киіммен тегін қамтамасыз етсін.

4)… тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ авт) училищесі ашылатын болсын.

5)Қырғыз (қазақ авт) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жақсартылсын.

Петиция

54)Мәтінде сипатталған шаруашылық реформасының нәтижесінде болған өзгерістердің ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылық кеңесі таратылды.Республикада бірқатар одақтық-республикалық сапалық

министрліктер… құрылып, құрылыс материалдары,орман,целюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді»

Басшылық етудің аумақтық жүйесі енгізілді.

55)Мәтінде келтірілген тарихи географиялық аймақтарды анықта. «Бұл аймақтардың тұрғындар жаз айларында солтүстікке, ал қыста оңтүстікке қарай көшіп, Сырдария, Сарысу өзендері мен Арал теңізінің жағалауындағы тоғайлы жерлерге қыстаған. Бұлардың көшу бағыттарының қашықтығы 800-1000 км-ге дейін барған. Сондықтан олар өздерінің тұрақты қыстауларында 3-4 айдан ұзақ отырмаған» деп айталады.»

Шығыс Дешті Қыпшақ пен Батыс Қазақстан

56)Мәтіннен қате жауапты тап. «1.Әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. 2.Осы қалыптасқан ұлтты басқару оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.3.Бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. 4.Өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. 5.Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы,тілі,діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.»

Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды.

57) Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз. «Тек аңыздардың айтуы бойынша қырғыз-қазақтардың арасында… (Тәуке) қалпына келтірілген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен башқұрттар Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қонтайшы Галдан Серен басқарды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де де тітіренткен үрей туғызып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды.»

XVIII ғ. 40-50 жж.

58)Мәтінде айтылған қазақ ханын анықта. «…Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден …. қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден, хандықтың шығыс жағындағы моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Ол хандық билікті нығайтып ғана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтере білді» деп айтады»

Тәуекел хан

59)Мәтінді оқып шығып қай жылғы реформа туралы айтқанын анықтаңыз. «Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер-авт) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді… Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдалаздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды-округтерді құруды қолдағандарға жәрдемін аямады» деп қай жылдары шыққан реформаға байланысты айтылды?

ХІХ ғ. 20-жылдарындағы реформа.

60)Мәтінде сипатталған халықаралық ұйымды анықтаңыз. «1996 жылы 26 сәуірде… 5 мемлекет-Қазақстан, Ресей,Қытай,Қырғызстан,Тәжікстан «шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып,… негізін қалады…. бұл әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.»

ШЫҰ

61)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз.

«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер-авт) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді… Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдалаздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды-округтерді құруды қолдағандарға жәрдемін аямады… Орыс империясының қол астына өтуді қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті»

Қазақстанға орыс шаруаларына өз еркімен қоныстануға рұқсат берді.

62)Санк-Петербург бейбіт келісімшартынан келтірілген үзіндіні оқып шығып, Іле өлкесінің тұрғындарына қандай құқық берілгенін анықтаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»

Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға.

63)Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы тарихи құжатты атаңыз. «Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»

Санк-Петербург келісімшарты

64)Төмендегі мәтінде сипатталған тарихи үрдістің шамамен орын алған уақытын анықта. «…үңгірлерді тазалап күтіп, тамақ дайындады, жеуге жарамды жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды… Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

Саналы адамның шығу уақыты кезінде.

65)Мәтіннің авторын табыңыз. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады, Кир өледі.»

Герадот

66)Герадоттың мына депекте кімдердің арасындағы болған оқиғаны сипаттайды. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады…» деп көрсетеді.

Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс

67)Мәтінде сипатталған темір дәуіріндегі тайпаны ата. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді… Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын

балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»

Сақтар

68)Мәтінді оқып, қытай деректерінде қай көшпелі мемлекет туралы сипаттап, айтады: «… олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…»

Ғұн

69)Мәтінді оқып шығып қатені табыңыз. «Қағанаттың орталығы-Суяб қаласы болды. Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Енисей қырғыздарынан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз , Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатысқан болатын. Сондықтан олардан қауіп болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді» деген

Қытай

70)Мәтінде айтылған тайпаны анықтаңыз. «… шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…» деп айтылды.

Ғұндар

71)Мәтінде сипатталған тайпалардың зергерлік бұйымдарында жиі кездесетін бейнелерді анықта. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді… Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»-деп айтады.

Жануарлар

72)Мына мәтінді оқып шығып оғыздардың мақсаттарына қол жеткізуге бөгет болған қағанатты анықтап, қатені табыңыз. «Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат байқалады. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Ал оған Қыпшақ қағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарға Маңғыстау мен Үстірт Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдары қызықтырады. Орыс қалалармен сауда жасауды да ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі болды.»

Хазар қағанаты

73)Қимақтардың әлсіреп, ыдырауына себепші болған мемлекетті анықтап, мәтіндегі қатені табыңыз. «X ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Түркеш мемлекеті шабуыл жасай бастаған. Кейбір деректерге қарағанда олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиелей түскен. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады»

Қарахан

74)Мәтіндегі оқиғаны анықтаңыз. «… (оның) жанында көп жағдайда зираттар орналасады…. (ол) үшін талас туындаса «менің ата-бабамның сүйегі жатқан жер» деп аразданатын болған.. (оның) төңірегіндегі тұрғындардың егін салумен айналысқанын

айғақтайтын арық –тоғандардың да іздері зерттелген. Мұндай жағдай бүкіл қазақ жеріне тән. Сондықтан … (оның) қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық өмірінде алатын тарихи маңызы зор боллған»

Қыстау

75)Мәтіндегі қатені табыңыз. «Сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болды. Ал дунхулардың әйелдері ле жасақ құрамына кірген. Оған олардың қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел».

Сарматтар

76)Түріктердің өнерге қатысты мәтінді оқып, не туралы айтылғанын анықтаңыз. «Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді. Біріншісі-салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер. Екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі-түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнелеген.»

Жартастағы суреттер.

77)Қай партияның бағдарламасынан үзінді келтірілгенін анықта. «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу… Россия республикасының дінге, қанға қарамай, еркек-әйел адам баласы тең болу…»

«Алаш» партиясы

78)Мәтінде қай саясаттың салдары сипатталғанын анықтаңыз. «РКФСР Үкіметі орталық өкімет орындарына әскери бұйрық ретінде Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын арттыруды міндеттеген арнайы декрет жариялады. Осылайша артық өнімдер ғана емес, күнкөріске қажетті астықты тіпті тұқымдық қорды да тәркілеу басталды… Қалаларда бұрынғыша азық түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалды….»

«Әскери коммунизм»

79)Мәтінде үзінді келтірілген Қазақ АКСР ОК-нің декретінің тарихи маңызы.

Патша үкіметі заңсыз тартып алған жерлердің бір бөлігі қазақтарға қайтарылды.

80)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды… Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

Кейінгі палеолитте.

81)Мәтіндегі қатені табыңыз. Шын мәнінде қазақтың қай ғұрпы туралы айтылған. «Қазақ келіндері «қазық майлау» ғұрпы бойынша, үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды…»

Ат тергеу

82)Мәтінде сипатталған оқиғаны анықтаңыз. «Оралға қарай жатқан жерлер өзеннің жоғарғы ағсынан төменгі ағысына дейінгі таяу жатқан жерлер, түгелдей дерлік аса күшті

қауіпті жағдайда қалды, ойткені Жайыық казактары арам ойлы жалған Петрдің алғашқы қолдаушылары, ал башқұрттар бірінші одақтастары болды…»

1773-1775 ж.ж көтеріліс

83)Мәтінде сипатталған тарихи жағдай қай қазақ ханының билік ету уақытына тұспа-тұс келгенін анықтаңыз. «… Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауда-саттық қарым-қатынас ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығынығ ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркенлеп, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.»

Хақназар хан

84) Мәтінде сипатталған тарихи жағдай қай қазақ ханының билік ету уақытына тұспа-тұс келгенін анықтаңыз. «Өзінің артықшылықтарына әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынмен салиқалы мінез-құлқымен таңқалдыра қызықтырып , өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қаай өзін бірде орыстардың қол астында бірде қытайлардың қол астында болғандай ұстай білетіп, бірақ іс жүзінде ешкімді мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді.»

Абылай хан

85) Мәтінде қай тарихи оқиға сипаттталғанын анықта. «Ол-ғасырдан ғасырға созылған отаршылдық езгіге қазақ халқының төл мәдениетін тілін тарихын жоюға бағытталған саясатқа наразылықтан туындады….»

Желтоқсан оқиғасы

86)Қай өнеркәсіптің жұмысшылары мен қызметшілерінң талаптары мәтінде көрсетілген. «Біз француз азаматы тау кен өнеркәсіпшісі К.Э.Карноның кенішіндегі қызметшілер мен жұмысшылары…. кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз…

Успенек мыс кеніші

87)Мәтінді оқып шаруашылықтың артта қалу себебін анықта. …..

Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі

88)Мәтінде сипатталған реформаны анықта. «қазақ болыстарын құру кезінде рулық негізге алынбай, енді аумақтық принцип негізге алынды….»

Отаршылдық

89)Мәтінді оқып, ІХ-ХІІ ғасырларда Қазақстанның қалалы-далалы өлкелерінде сауданың басым болған түрін анықтаңыз. …..

Айырбас сауда

90)Мәтінде сипатталған шайқасты анықтаңыз «Қаған арабтарға қарсы Орта Азияжағы халықтардың күресін пайдаланып,оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты… Қаған…. арабтарды біржола талқандау үшін 737 жылы……»

Тоқарстандағы соғыс

91)Мәтінді оқып шығып,20-30 жылдардағы мәдени құрылысты жүзеге асыпудағы басты кедергінің бірін анықтаңыз. «Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін…..»

30 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін

92)Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз. «Шығарма монғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар…»

Жинақтаған: Нұрланқызы Алтынай


1 ПІКІР

  1. Саламатсыз ба сіздер маған көмектесіп жіберіңіздерші Тжб 6 сынып Қазакстан тарихтан өтінем
    Бірақ қалай жіберсем болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ