Қазақстан тарихы: ҰБТ сұрақтары мен жауаптары

0
2886

XVII ғ. соңы- XVIII ғ. басында Қазақ хандығының саяси жағдайын тұрақтандырған: Тәуке хан

XVIII ғасырдың 70-ші жылдарындағы Абылай ханның сыртқы саясатының нәтижесі: Қазақ мемлекеттігі тұтастығының қалпына келтірілуі

XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында Ресейдің Орта жүздегі саяси белсенділігінің артуының негізгі мақсаты:

Қазақстанның солтүстік және шығыс аумағын империя құрамына қосу үшін қолайлы жағдай жасау

XVIII ғасырдың ортасындағы Оңтүстік Оралдағы ірі экономикалық орталық: Орынбор қаласы

XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының саяси және діни орталығы болған қала: Түркістан

А.Левшин: «…өзін, қажет болуына қарай, бірде орыстардың, бірде қытайлардың боданы екенін мойындады, ал шын мәнінде тәуелсіз әмірші болды» — деп пікір білдірген қазақ ханы: Абылай хан

Абылай хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға тиісті қайраткер ретінде жырға қосып, оның Ресей мен Қытай арасында өз мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдаған жырау: Бұқар

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін (1822 жылға дейін) Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыстың әсері: Қазақ хандығы саяси жүйесінің ыдырауына және өз тәуелсіздігінен айрылуына әкелді

Абылай ханның ішкі саясатының негізгі бағыты: биліктің орталықтандырылуын нығайту және хандықтың саяси жүйесін реформалау

Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметінің ұстанған бағыты: Кеңестерге қарсы күштермен бірігу

Азамат соғысы жылдарында Қазақстанда соғысқан Қызыл Әскер бөлімдеріне көмек көрсеткен: Ә. Жангелдин экспедициясы

Азамат соғысы жылдарында Қазақстандағы партизан отрядтарының бірі: Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары»

Азамат соғысының соңғы майданы жойылды: 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданы

Ақ Орданың негізін салушы және алғашқы ханы: Орда Ежен

Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ

Ақпан төңкерісінен кейін Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары: Ә. Бөкейханов

Ақындардың сөз жарыстыру сайысы: айтыс

Алғаш кеңестік қозғалыс «Невада — Семей» бастамасының құрылған жылы: 1989 жылғы ақпан

Алғашқы Кеңестік Қазақ КСР Конституциясы қабылданды: 1937

Алғашқы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры: С.Нұрмағанбетов

Александр Македонский бұйрығымен Сыр бойында салынған қала: Александрия Эсхата


ПІКІР ҚАЛДЫРУ