Қазақстан тарихынан тест сұрақтарымен жауаптары

1
951

101. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында қазақтар басты күш болды: Кулагин бекінісін алуда.
102. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында Орынборды қоршауға қатысқан қазақтардың саны. 200-ге жуық.
103. Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Кіші жүз қазақтары маған бағынбады деп ақталды.
104. Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би. Дәуітбай.
105. Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасауға талаптанды: Пресногорьковск маңында.
106. 1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны. Үш жарым мың.
107. Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққан: Сырым Датұлы.
108. Пугачев бастаған шаруалар соғысының басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы. А.В.Суворов.
109. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар. 1783-1797 жылдар.
110. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
111. Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы. Байбақты.
112. Сырым Датұлы бастаған көтерілісі қамтыды: Кіші жүзді.
113. Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі басталды: 1783 жылы күзден.
114. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Айшуақ сұлтанның Назаровтың қолына түскен уақыт. 1785 жыл.
115. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі болған жыл. 1785 жыл.
116. 1785 жылғы Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қабылдағанда оны айыптауға қатысқан кіші жүз рулары. 20-ға жуық ру өкілдері.
117. Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа билік орнату, әкімшілік реформа жобасын дайындады: Барон О.А.Игельстром.
118. Барон О.А.Игельстром реформасы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылып, оның орнына бар билік: Шекаралық сотқа бағынуға тиісті болды
119. Шекаралық соттың төрағасы. О.А.Игельстром
120. Кіші жүзде жүргізілген реформа бойынша Шекаралық сот бағындырылды: Генерал-губернаторға.
121. Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды: 1791 жыл.
122. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс созылды: 14 жылға.
123. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің қайта жандануына түрткі болды: 1796-1797 жылдардағы қысқы жұт.
124. 1797 жылы наурыз айының 17-сінде Сырым тобы хан сарайында тұтқиылдан шабуыл жасап өлтірді: Есім ханды.
125. Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық кеңесті құру себебі. Сырым батырды өзіне жақындатуға тырысты.
126. Патша үкіметі Нұралы ханды өзіне тарту үшін: Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды.
127. Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: 1797 жылы.
128. 1797 жылы барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі хан етіп бекіткен адам. Айшуақ.
129. 1797 жылы Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы: Хиуа хандығына өтіп кетті.
130. Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802 жылы.
131. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы: Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат етуі.
132. Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат беруге шешім қабылдады: 1801 жылы 11 наурыз.
133. Қазақ даласында болып, «Орынбор тарихы» атты еңбек жазды: П.И.Рычков.
134. Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған тарихшы. П.И.Рычков.
135. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан зерттеуші. К.Миллер.
136. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі. Ақтамберді жырау.
137. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі Ақтамберді жыраудың өмір сүрген жылдары. 1675-1768 жылдар.
138. Ақтамберді жырау шығармаларын арнады: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға.
139. XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген танымал халық ақыны. Тәтіқара.
140. Қазақтың ұлы ханы, қазақ жерінен шыққан ерекше биік тұлға Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған ақын. Тәтіқара.
141. Белгілі жырау Үмбетейдің өмір сүрген жылдары. 1706-1778 жылдар.
142. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылады: Үмбетей жырау.
143. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған жырау. Бұхар жырау.
144. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған Бұхар жыраудың өмір сүрген жылдары. 1684-1781 жылдар.
145. Өмірінің соңғы жылдары Абылай ханның кеңесшісі болған: Бұхар жырау.
146. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі. Жанақ ақын.
147. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі Жанақ ақынның өмір сүрген жылдары. 1775-1846 жылдар.
148. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
149.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты: Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.
150. Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдама еңбекпен күн көрген топтар. Жатақтар.
151. Қазақ даласын басып өтетін керуендердің қауып сіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей үкіметі 1803 жылы рұқсат берді: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға.
152. ХІХ ғаысрда Қазақстан жерінде бірінші жәрмеңке ашылған өңір. Ішкі Орда.
153. Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды: 1822 жыл.
154. Патша 1815 жылы Орта жүзге екінші хан етіп тағайындады: Бөкейді.
155. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы. М.М.Сперанский.
156. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы-декабрист. Г.С.Батеньков.
157. Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты. Қазақстанның солтүстік-шығысын әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
158. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Орта жүзде орнаған басқару сатысы. Үш буынды.(ауыл, болыс, округ)
159. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауылға кірген шаңырақ саны. 50-70.
160. Сібір қазақтарының Жарғысы болыс: 10-12 ауылдан тұрды.
161. Сібір қазақтарының облысы (Орта жүз) бағындырылды: Батыс Сібір генерал-губернаторлығына.
162. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанды сайлады: Тек сұлтандар ғана.
163. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанға он жылдан кейін берілетін атақ. Дворяндық.
164. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтандар сайланды: Үш жылға.
165. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша мұрагерлікпен берілді: Болыстық билік.
166. Сібір қазақтарының Жарғысы Ресейдің әкімшілік сатысындағы 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді: Болыстық сұлтандар.
167. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауыл старшыдары сайланды: Үш жылға.
168. Сібір қазақтарының Жарғысы негізінде қылмыстық істер қаралды: Округтік приказда.
169. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды: Шекаралық басқарма төрағасы.
170. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Шекаралық басқарма төрағасы ие болды: Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына.
171. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы.
172. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.
173. Кіші жүздің соңғы ханы. Шерғазы.
174. Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғысы қабылданды: 1824 жылы.
175. 1812 жылғы Отан соғысында Орынбор губерниясында құрылды: 40 кавалериялық полк.
176. Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданды: 1812 жылы шілденің 6-сы күні.
177. Орныбор губернаторы Г.С.Волоконскийдің Ресей мен Франция арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға жетті: 1812 жылы қазан-қараша айларында.
178. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.
179. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қаысқан ұлттық құрам. Башқұрт полкі.
180. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі. 22 мың сом.
181. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндіру орнының еңбеккерлері батыс майданға жөнелткен тұз көлемі. Бір миллион пұт.
182. 1812 жылы Бородино шайқасында күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері. Майлыбайұлы.
183. 1812 жылғы Отан соғысында жақсы рол атқарды: Атты әскер.
184. 1812 жылғы Отан соғысында 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болды: Сағит Хамитұлы.
185. 1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Нарынбай Жанжігітұлы.
186. 1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің толық кавалері атанды: Нарынбай Жанжігітұлы.
187. Башқұрт полкі құрамында Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
188. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, шоқынған қазақ. Яков Беляков.
189. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, 1837 жылы Александр княздың қабылдауында болған қазақ жауынгері. Нарынбай Жанжігітұлы.
190. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар. 1837-1847 жылдар.
191. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты. Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу. Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
192. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған хандық. Хиуа хандығы.
193. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
194. Кенесарының ағасы Саржанды 1836 жылы өлтіртті: Қоқан ханы.
195. Кенесарының атасы. Абылай хан.
196. Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Қасым төре.
197. Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді)
198. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
199. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны. 80-нен астам.
200. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Аманкелді Имановтың атасы. Иман батыр.


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ