Пәні Дүниетану Күні: 23.02.17 Сынып: 1Ә Сабақ № 22 |
Б. Нысанбаев атындағы орта мектебі Мұғалімі Суюнгалиева А Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы | «Қазақстанның рәміздері» | ||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады; Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын сипаттап айтап алады; Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейненің беретін мән-мағынасын біледі; «Байқап көр» айдарының тапсырмалары шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытады. Кейбір оқушылар: алған білімдерін өмірде қолдана алады. |
||
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы -Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды. -Басқа рәміздер арасынан анықтайды және көрсетеді . |
||
Дескриптор:
|
Білім алушы — бейнеленген рәмізді атайды; — Қазақстан Республикасының туын анықтайды. |
||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
Тілдік құзыреттілік | ту, елтаңба, гимн, рәміз | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 35 мин
Сергіту сәті |
Бейнефильм:Ибрагим Ескендірдің орындауында«Көк тудың желбірегені» әні. Осы әнді тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар? Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар? Анықта Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі? Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды тамашалату. · «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қою. Ойлан «Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің? Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және гимн . Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы сыр шертеді. «Мен қазақпын» Видео жазба арқылы Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Сен білесің бе? Абылай хан туралы видео көрсету. Абылай ханның туының түсі қандай болған? Неліктен? |
ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер |
|
Қызықты тапсырма
|
Топтық тапсырма 1-топ Суретте бейнеленген рәміздің атауын айтыңыз. Қазақстан Республикасын таныстыратын рәмізді белгілеңіз. 2-топ Суреттегі бейнелерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер. Ою-өрнек нені білдіреді? Күн нені білдіреді? Қыран бүркіт нені білдіреді? 3-топ Қазақстан Республикасының елтаңбасын тауып белгіле. Елтаңбада бейнеленген элементтерді ата. |
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Дәптермен жұмыс. Қажетті сөздерді қою Ертеде ту _______________ ерліктің белгісі болды. Қазір ол елдің__________________ көрсетеді. Біздің елімізде көгілдір түс ___________________ және ______________________білдіреді. Әрбір елдің___________________ рәміздері бар. Оларға _____________, _______________және __________ кіреді. Қажетті сөздер: әскери тәуелсіздігін молшылық бейбітшілікті мемлекеттік елтаңба ту әнұран
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Оқушылар: –ҚР-ның мемлекеттік Туымен танысты; – Тудағы бейнелердің мәнін білді; – Тудың мемлекет үшін маңызы мен мәнін түсінді. Оқушылар үйренді: – бақылау жасауды; – ақпарат негізінде өз пікірілерін жеткізуді; – жауаптарында сәйкес келетін лексиканы қолдануды; – халқымыздың өткені мен бүгінін салыстыруды; – Туға құрметпен қарауды
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |