«Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы

0
14544

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы»

Секциясы: Этномәдениеттану

Орындаушы: № 127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің 3 «Е» сынып оқушысы

Аты-жөні: Секен Балнұр Нұрғалиқызы

Облысы: Қызылорда

Ауданы: Шиелі

Жетекшісі: Альшеров Ботагоз

                                                      Пікір

Секен Балнұрдың «Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзаны пайдасы» атты ғылыми жобаның тақырыбы дұрыс таңдалған. Жоспарланған мақсаттарына толығымен жеткен.Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын аша білген. Құрт-сүттен жасалған ұлттық тағам.Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде жұмыс мазмұнын туындайтын ойлар жүйеленіп,тұжырымдары нақтыланып өзіндік ұсыныс айта білген. Қорыта айтқанда зерттеушінің ғылыми жүйесі,мазмұнды,жан-жақты ізденіспен талапқа сай жазылған.

Ғылыми жетекші: Альшерова Б

Мектеп-лицей директоры:

 

Аннотация

           Бұл жоба қазақ халқының ежелгі тағамы-құрттың пайдасын зерттеуге арналған.

Қазақ халқы асты үш түрге бөлген.Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары), көк (жеміс тағамдары).

Мал мен одан алынатын қнімдер қазақтың басты байлығы. Соның ішінде ағарғанға яғни сүт тағамдарынан алынатын өнім құрт жайлы болмақ. Құрт-сүттен жасалатын ежелгі тағам. Құрт сөзінің мағынасы да құрғатылған,кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай,адам денсаулығына өте пайдалы.

Жобада құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кетті. Құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық.Құртты қазақ халқы біледі,енді оны шетелдіктер дәмін татып бағаласа.

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы-құрт адам денсаулығына қажетті тағам.Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керектігі жөнінде айтылған.

 

Жоспары

1.Кіріспе

Қазақтың ағарғаны тіршілігі

2.Құрт-адам денсаулығына пайдалы тағам

Қазақстанның ұлттық бренді-құрт

3.Құрт жасау технологиясы ұлттық технология болмақ

4.Қорытынды

 

Кіріспе

Бұл жоба қазақ халқының байырғғы тағамы құрттың пайдасын зерттеуге арналған.Құрт-сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген маңынаны береді.Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.

Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас- адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтрды бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа бидай ас екен,алтын күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айиса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсандарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазаұ кең дастархан арқылы яғни ас қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған.  Сырттан келген кісілер де осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм таттыру экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонайжайлылық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Щарщағандарына, мұқтаждарына ат, ас көлік сыйлай білген.

Құрт-адам денсаулығына пайдалы тағам

Құрт-сүттен  жасалған ұлттық тағам. Құрт-сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағына береді.Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі.Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге,алуға болмайды.Егер өреден құрт алып жесе,жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынганнан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі үйі кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен ( басында қырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін,ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып,құрғайды.Юұдан кейін қолмен бөлшектеп,таұшаға, шиге,қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртгіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады.Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

Жас құрт  Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарханға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуды, сондай-ақ одн тері илеу үшін малма жасайды.

Көбік Қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті.Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып бері салт болған.Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт Қайнап жатқан құртты алып,май қосып сапырып ішетін кенеулі ас.Өкпе ауруына,суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпа құрт Мұның қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған.Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап,жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

Малта Езілген құртты таусыншақ  түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ  сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Езген құрт Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады.Езген құрт ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

Ұнтақ құрт Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді.Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

Құрт-май Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт.Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл- желпі түстік ретінде дастарханға қояды.Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да құрт- май деп аталады.

 Қазақстанның ұлттық бренді- құрт

Ұлттық брендті құру-Қазақстанның өзекті мәселесі.Мәдениет,тарих қайраткерлері және бизнес құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте.Ұсыныстар өте көп.Біреулер ұлттық бренд  домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе,екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды.Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені белгісіз.Таңдау қиын,ұлттың сәні кешке киетін сәнді киім емес.Ал, алматылық Айдар Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген жоқ. Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда.Әлі нәтижесіз.

-Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде,мен тыс қала алмаймын,-деп Айдар Ақаралұлы атап кетті.-Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын.Оның мыңжылдық тарихы бар және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ.Қазір ұлттық брендтіойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған.Бұл азық өте ұзақ сақталады,ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған.Мен өзім де құртты жеп өстім.

1990 жылы Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.

Менің алғашқы білімімм мүсінші суретші,сондықтан бастапқыда суретші ретінде,мені құрттың мүсіні қызықтырды.Және мен сыйға  тартатын құрт құру бойынша жұмыс істей бастадым,-деп жалғастырды. Ол кезде тағамның құрамы мен сапасы туралы, оның жасалу технологиясы туралы ойлаған жоқпын.Менің бірінші ойлап шығарған құртым үшбұрышты болды және әр бұрышы үш жүзді білдірген.Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі-киіз үй, қойлар, жылқылар,түйелер.Сонымен қатар, сыйлық ою түрінде де әзірленген.Бұл Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық.Басқа шетелде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу-бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз әлемге әйгілі пахлавасын  әкелеміз.

Құрт жасау технологиясы ұлттық технология болмақ

Құрттың ұзақ жасауға септігі мол дейді білетіндер.Расында сиырдың сүтінен алынған айраннан жасалған құрттың бүгінде көпшіліктің жеңсік асына айналғаны рас.Ал осы құртты жасап шығаратындар ірі зауыттар емес,ауылдағы апа-әжелеріміз.сиырдан сауып алған сүттң қазанға құйып пісіреді де,сәл суығаннан кейін ұйытқы салып  ұйытады.Сабаға сүтті жинап,сүт ашығаннан кейін піседі де, сүт іркітке айналып,майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуінқырып,әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып,сықпалап бөліп шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі шағын фориаға келтіреді.Оның негізгі түрлері күлше,жарма, сықпа және шүйірмек.

Құрттың қай түрі болсада өреге кептіріледі. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам.

Сүт-химиялық құрамы жағынан тамаша тағам.Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде-бір азық тең келе алмайды.Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді.Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады.сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады.Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады.Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар.Олар емдеу алдын алу диеталық ьағам ретінде де қолданылып жүр.

 Қорытынды

Құрт-адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім.Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.

Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды,оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді.Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда біреуі де білмей шықты.Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым.Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын.Өз отбасым да құрбыларым да осыған көз жеткізді.

Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты.Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын.Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық.Құртымыз әлем нарығына шығып қана өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын.Себебі. қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдерғана емес,өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып бағалайды.

Қорыта айтқанда қазақтың ұлттық тағамы-құрт адам денсаулығына қажетті тағам.Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Кенжеахметұлы С.  Қазақтың дархан дастарханы, Алматы кітап 2007ж

2.Анфимова Н.А, Татарская Л.Л, Аспазшылық, просвещение 2002ж

3.Ермакова В.И, Аспазшылық, просвещеие 1993 ж

4.Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, прсвещение 1999 ж

  1. «Шаңырақ» энциклопедиясы. Алматы кітап 1990ж

ПІКІР ҚАЛДЫРУ