Қазақы көлемді білдіретін өлшемдер

0
2796

Қазақ тілі — әлемдегі қоры жағынан өте бай тілдердің бірі. Оған дәлел бір сөздің бірнеше баламасының болуы. Ертеде қазақтар өлшемге, уақытқа ерекше мән беріп барлығына атау беріп отырған. «Бие сауым уақыт», «Ат шаптырым жер», «Сүт пісірім уақыт» деген сияқты тұрақты тіркестер соның дәлелі. Назарларыңызға көлем өлшемінің атауларын ұсынамыз. 

Ұлтарақтай – адам табанының көлемі.

Тулақтай – мал терісінің көлемі.

Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей .

Бөлтек – бір бөлек, азғана жер.

Бір тана жер – гектардың алтыдан бір бөлігі.

Бір мойын жер – жарты гектар.

Бір айдам жер – бір гектар.

Көлдей – өте көлемді, кең.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ