Жұмыссыздық — басты жау

0
2234

Тәуелсіздігімізді алып, етек жеңімізді жинап, нұрлы таңда егемен ел болып жүргенде қол аяғы балғадай, білегі күшті, ақылы асқан жастармыздың сенделіп жұмыссыз жүргені кімді болмасын толғандырары хақ. Қолында бір емес бірнеше табақтай жоғарғы оқу орнының дипломы барлары қаншама. Күн көріс үшін әркімге жалданып қолына түскен жұмысты істеп жүргендері де жетерлік. Білім болғанмен, «аға-көкесі» жоқ болғандықтан амал жоқ.

Бүгінгі таңда жастарымыздың жұмыссыз жүрінің себебін қанша анықтағың келгенмен таппайсың. Бұл тек қазақтың емес бүкіл жаһанды жауалаған өзекті мәселе болып отыр. Техника мамандары жетіспейді деп жар салып, алыстан ат терлетіп мамандар шақыртамыз, ал өзіміздің қолында табақтай дипломы бар жас мамандарды «іс-тәжірбиеңіз жоқ» деп шығарып салып, қалай іс-тәжірбиеліғ сауатты маман даярламақпыз? Екі қолға бір күрек табылар деп даладан болса нәпақасын тауып, дипломын сандыққа салып, бағын базардан не нанын мал бағып тауып жүргендер саны күн санап артуда.

Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық аздыдар адам баласын деп Абай атамыз айтқандай, жұмыс жоқтықтан ашынған жастардың тріс жолға түсіп кетпесіне кім кепіл? Солай юолып жүр де. Қаншама қылмыс, ұрлық жасауғ кісі өлтіру, пара беру барлығы осы жұмыс жоқтықтан, қарынның аштығынан болып отырған жоқ па?

Қазіргі таңда мектеп бітірген түлектер де өз сүйікті мамандығына жұмыс таба алмай қалам ба деген қауіптен амалсыз сұранысқа ие мамандықты таңдауға мәжбүр болады. Жұмыссыздық мәселесі өзекті мәселе болғандықтан онымен күресудің түрлі жолдарын ойластыруда.

«Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі» – деп Елбасымыз өз жолдауында айтқандай жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда оң шешімін табуда. Сонымен қатар, Елбасымыз «Қазақстанның әлемдік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламасында жұмыспен қамту саласын ерекше мән бергенін ескере отырып, атқарар жұмыстар әлі алдыда екенін, бос жұмыс орындарына азаматтарды тарту арқылы жалпы жұмыссыздықты, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты аайтуға қол жеткізетініне сенімі мол екенін айтып, көңілімізді көншітті. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дегендей, жастардың бүгінгі қал ақуалы, елдің ертеңі екені даусыз. Сондықтан ұлт болашағы жарқын болуын ойласақ, алдымен жастардың жағдайын түзеуіміз керек.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ